Сертификаттаудың түрлері
Міндетті сертификаттау дегеніміз адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне еңгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың) басшылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |