Реферат Тақырыбы: Титриметриялық анализ Дайындаған: Химия 2 курс студенті Орынбасар Динар Тексерген: Узакова А


Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі



бет2/3
Дата13.03.2023
өлшемі22,78 Kb.
#172058
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Титриметриялық анализ

Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі.
Титриметриялық анализ кезінде химиялық реакция типіне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. Иондар қосылу реакциясына негізделген әдістер;

  2. Тотығу-тотықсыздану реакциясына негізделген әдістер;

  3. Комплекс түзу реакциясына негізделген әдістер.


Бірінші топқа қышқыл-негіз және тұндыру арқылы тирлеу әдістері, екінші топқа тотығу-тотықсыздану титрлеуі, үшінші топқа комплексометрия титрлеуі жатады.
1. Қышқыл-негіз титрлеу әдісі (бейтараптау) қышқыл мен негіз әрекеттесуіне, яғни бейтараптау реакциясына негізделген:
NaOH + HCI = NaCI + H2O OH- + H+ = H2O
Бұл әдіс арқылы ерітіндідегі қышқыл мен негіз мөлшерін ғана емес, суда ерігенде гидролизге ұшырайтын тұздар мөлшерін де анықтауға болады. Егер анықтау кезінде титрант ретінде қышқыл ерітінділері пайдаланылып, негіздердің не тұздардың мөлшері анықталатын болса ацидиметрия деп аталады. Ал егер анализ кезінде қышқыл не тұз мөлшері анықталып, титрант ретінде сілті қолданылса, алкалиметрия деп аталады.
Қышқыл-негіз титрлеуі кезінде эквивалент нүктесі индикаторлар (лакмус, метил күлгін, метил қызыл, фенолфталеин) көмегімен табылады. 2. Аз еритін қосылыстардың тұндыру реакцияларына негізделген тұндыру әдісі.
Ag+ + CI- AgCI
Ba2+ + SO42-  BaSO4
Тұнбаға түскен қосылыс ерітінді ортасын өзгертеді. Соған орай бұл жағдайда әр түрлі индикаторлар қолдануға болады.
Титрант атына сәйкес тұндыру әдістерін де аргентометрия (титрант күміс нитраты
AgNO3), тиоцианометрия (титрант аммоний тиоцианаты NH4SCN) деп атайды.
3. Комплексометриялық титрлеу әдістері анализ кезінде иондарға аз ыдырайтын комплексті қосылыстар түзілуге негізделген.
Са2+ + ЭДТА Са-ЭДТА
Бұл әдіспен түрлі катиондарды (Mg2+, Ca2+, Zn2+, Hg2+, AI3+ ) және аниондарды (CN-, F-, CI-) анықтауға болады. Кейінгі уақытта катиондардың органикалық реактивтермен – комплексондармен комплексті қосылыс түзуіне негізделген анализ әдістері қолданылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет