Батырлар жыры. Қазақ халқының көне эпостық жыр-ларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Таргын», «Қамбар батыр» жатады. Ел жадында батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостың жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қоргауга, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалган батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады. Қобыланды — қыпшақ елінің, Алпамыс — қоңырат жұртының, Ер Тарғын — бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болған. Батырлық жырларындағы қазақтың негізгі жаулары — қызылбастар, қалмақтар. Қызылбастар — түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы иран тектес халықтар да, қалмақтар — жоңғар-моңғол тектес халық. Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана бір ындыс деп аталатын жұрт тарихта нақты белгісіз, индус болуы мүмкін. Өйткені Қушан, Моғолстан заманында түркілер үнділермен де қақтығысқан болуы мүмкін.
Қазақтың «Қарасай — Қази», «Шора батыр», «Қырымның қырық батыры», т.б. эпостанушылардың пікіріне қарағанда, ноғайлы елінің ыдырап, жеке-жеке жұртқа бөлінген дәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар.
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы. Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — длеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жекебастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар — архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра — көне эпостан жазбаша романга өтер жолдағы аралық саты, аралық деңгей.
Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ халқына кең тараған, түп-төркіні Шығыс елдерінен келсе де, қазаққа төл туындысындай етене жақын болып кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып жүр. Олар: «Жүсіп — Зылиха», «Ләйлі — Мәжнүн», «Құсрау — Шырын», «Сейфілмділік», «Таһир — Зухра», «Бозжігіт», т.б. Лиро-эпостың жырлардан, әсіресе тіні қазақ топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы туралы ұшан-теңіз мәлімет алуға болады. Әлі де болса тарихшы-этнографтар халқымыздың өмір салтының, әдет-ғұрыптарының осы бір деректерін толық пайдалана алмай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |