III. Қорытынды.
Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар.
Фольклорлың шығармалар — тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтық дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады.
«Алпамыс» жыры — көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма.
Батырлар жыры. Қазақ халқының көне эпостық жыр-ларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Таргын», «Қамбар батыр» жатады.
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы. Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — длеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жекебастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар — архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра — көне эпостан жазбаша романга өтер жолдағы аралық саты, аралық деңгей.
Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген.
Тарихи жырлар. Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндал-са, екінші бір түста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.
Түркі халықтарына ортақ ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр, аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |