Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды техникалық университеті Реферат Тақырыбы: Тұтынушы қылығының теориясы Орындаған :Калменова Э.А Тобы: МЕН 20-1 Жетекшісі:Магзумова Л.К
Қарағанды 2022 Жоспар: 1.Кіріспе 2. Шекті пайдалылық теориясы 3. Талғамсыздық қисығы және оның қасиеттері 4.Тұтынушы тепе-теңдігі 5.Пайдаланған әдебиеттер
1.Кіріспе Тұтынушы теориясы тұтынатын тауарлар мен кӛрсетілетін қызметтер нарығында сатып алушы тәртібінің ұтымды принциптерін зерттейді және оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті нарықтық игіліктерді таңдау қалай жүзеге асыратындығын түсіндіреді. Тұтынушы сұранысына мыналар әсер етеді: 1. Тұтынушы талғамы және басымдықтары; 2. Сатып алушы табысының деңгейі; 3.Тауарлар және кӛрсетілетін қызметтер жинағының ж иынтық пайдалылығы.
1.1-сурет - Сұраныс түрлерін жіктеу Тұтынушы таңдауы - бұл ресурстарды шектеу жағдайында ұтымды тұтынушы пайдалылығының функциясын барынша кӛбейтудегі таңдауы. Функционалдық сұраныс - тауардың өзіне тән сапаларына байланысты тауарға деген сұраныс. Функционалдық емес сұраныс - тауардың өзімен байланысты емес факторларға сүйенген сұраныс. Алыпсатарлық сұраныс - қоғамда болашақта бағаның өсу қаупі тауарды қазіргі уақытта қосымша тұтынуда ынталандыруды жоғары инфляциялық күтулермен байланысты пайда болады. Ұтымсыз сұраныс – бұл бір сәттік калаудың, кӛңіл-күйдің, іске аспайтын тілектің, қыңырлықтың күрт ӛзгеруінің әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныс, ол тұтынушының ұтымды тәртібі туралы алғы шартты бұзады. Көпшілікке қосылу эффектісі - тұтынушы жалпы қабылданған нормаларға сәйкес бақылап сатып алатын тауарды сатып алумен байланысты тұтынушылық сұраныстың ӛсуі эффектісі. Еліктегіш эффектісі - басқа адамның осы тауарды тұтынуының салдарынан болатын сұраным ӛзгерісінің эффектісі. Веблен эффектісі - тауардың неғұрлым жоғары бағасы болуымен байланысты тұтынушылық сұраныстың ӛсу эффектісі. Егер әрбір тұтынушының сұранысы белгілі болса, онда әр түрлі тауарларға деген жалпы нарықтық сұранысты табу керек. Бұл үшін бағаның әрбір мәні кезінде сұраныс қисығының абсцисстерін қосу қажет. Жеке сұраныс қисығының тәртібі қажеттіліктерді қалай қанағаттандыра- тындығына, осы немесе басқа тауарлар немесе кӛрсетілетін қызметтер қандай пайда әкелетіндігіне байланысты болады. Игіліктер пайдалылығы (utility of good) - бұл адамның бір немесе бірнеше қажеттіліктерін қанағаттандыратын экономикалық игіліктердің қабілеттілігі. Ол жеке тұлғалық, субъективті сипатта болады. Тұтынушы сатып алынған тауарлар және кӛрсетілетін қызметтерден қанағаттану үшін қандай да бір түрде пайдалылықты салыстыруы тиіс. XIX ғасырдағы экономистер жүргізген зерттеулер нәтижесінде микроэкономикалық теорияда игіліктер пайдалылығын бағалау кезінде екі амал түзілді: сандық (кардиналистік) амал және реттік (ординалистік) амал. Бұл амалдардағы сұлбалық айырмашылық 1.2-суретте бейнеленген.