Реферат тақырыбы:«Азықтың протеиндік қоректілігі»



бет2/6
Дата21.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#154286
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рауана азыктандыру дұрысы

1. Азықтың химиялық құрамы
Малды азықтандыру – олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік заттардың маңызын ашты.Тірі организмдер өсіп-жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процесіне қажетті заттармен қамтамасыз етілу керек. Ол заттар организмге қоректену арқылы енеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдалынады.Организмдегі заттардың қосындылары күрделі және алуан түрлі болып келеді. Тек ақзат түрлері 5 миллионнан асады. Бірақ сонша ақзат түрі тек 20 шақты аминқышқылдарының қалдықтарынын құрастырылады.Қазіргі уақытта өсімдік және мал организмінде табылған химиялық элементтер саны 70-ке жуық болғанмен олардың ішінде зерттеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25-тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98,5 процентін алты элемент- көміртек, сутек, оттек, азот, кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органиклық заттарды құрастыратын органикалық элементтер де, соңғы екеуі минералды элементер. Биохимиялық ілім бойынша организмдер құрамында барлық химиялық элементтерді табуға болады. Өйткені биосфера қабаттарындағы элементтер миграциясы үздіксіз шашыранды түрінде жүреді. Ал биологиялық мәні зерттеліп, тіршілікке қажеттілігі дәлелденген маңызды, немесе биогендік, биотикалық элементтерді алатын болсақ, оларға жоғарыда көрсетілгенкальций және фосформен қатар жемшөп және жануар организмінде көп мөлшерде кездесетін калий, натрий, магний, күкірт, хлор және аз мөлшерде шоғырланса да өте маңызды қызмет атқаратын темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод, молибден, бор, селен, фтор жатады. Әр 1 кг құрғақ заттар грамдап жиналатын алғашқы жеті элементі көптеп кездесетін, яғни макроэлементтер деп атаса, мөлшері милиграмдап есептелетін соңғы элементтерді микроэлементтер деп атайды.Аталған элементтер организмдегі химиялық қосындыларға кіреді. Олармен алдымен су және құрғақ заттарға, ал құрғақ зат органикалық және анорганикалық, яғни минералды заттарға бөлінеді. Органикалық заттар түрлі қоректік және биологиялық әсерлі заттардан, ал минералды заттар макро және микроэлементтерден тұрады.Құрғақ зат органикалық және анорганикалық немесе минералды заттардан тұрады. Оларды муфель пешінде 500-550 градуста жағу арқылы ажыратады. Мұндай темпертурада органикалық заттар жанып, энергия бөліп ыдырайды да, минералды заттар күл құрамында қалып қояды. Сондықтан азықтың минералды бөлігін шикі күл деп атайды. Шикі деген сөз бұл арада шикі-затты, яғни таза емес, қосындылары бар деген түсінік береді. Мал азығының құрғақ затында шамамен 5 проценттей күл болады. Оның құрамында калий және шақпақ басым келеді, ал жануар денесінің күлінде кальций және фосфор көп болады.
Шикі деген қосымша сөз зоотехникалық зерттеу бойынша анықталатын барлық дерлік қоректі заттар тобында кездеседі. Ол осы зерттеу тәсілдері бойынша жекелеген қоректік заттар емес, химиялық жағынан жақын біршама қосындылары біріктіріліп табылатындығын көрсетеді. Мысалы, шикі протеин тобына тек амин қышқылдарынан түзілген көп пептидтер макромолекулалары ғана емес, сондай-ақ басқа барлық азотты қосындыларда енеді.Мал азығының органикалық затында түрлі билогиялық әсері қосындылар- витаминдер, ферменттер, антиқоректік заттар (алкалоидтар, глюкозидтер, токсиндер т.б.) болады. Бірақ мөлшері өте аз болғандықтан олар зоотехникалық зерттеудегі проценттер көлеміне әсер етпейді. Өсімдіктер витаминдерді өздері түзе алатын болса, гетеротрофты жануар органимзінде олар негізінен азық құрамына енеді. Біршама витаминдер түзілуіне ас қорту жолындағы микроорганизмдер себептеседі.
Биологиялық маңызды макроэлементтерге – кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор, ал микроэлементтерге – темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод жатады.Кальций. Жер бетіндегі тіршілік үшін өте маңызды элемент. Минералды элементтер ішіндегі мал денесінде ең кеп шоғырланғаны. Негізгі көлемі (99%) сүйек пен тіс құрамында гидрооксиаппатит кристалдары түрінде жиналады. Кальций остеогенез барысында сүйектің дұрыс қалыптасуына қатысып, сүт түзілуі мен қан ұюына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек пен жүйке жұмысына, бұлшық ет жиырылуына, жасуша мембранасының өткізгіштігіне, желінген азық фосфоры, мырышы мен йодының пайдаланылуына әсерін тигізеді.Төл азығында кальций жетіспеген жағдайда оның сүйектері, яғни қаңқасы дұрыс қалыптасып, жылдам жетілмей ол рахитке шалдықса, кальций жетіспеу-шілігінің салдарынан сақа мал сүйегі боркеміктеніп, әлсізденуінен остео-порозға, ал минералсыздануынан остеомаляцияға шалдығады. Соның салдарынан сүтті сиырлардың бұзаулауы қиындап, босану кезіндегі салдыққа жиі ұшырайды. Сүйектің біруақытта резорбацияланып және минералсыз-дануынан туындайтын алиментарлық остеодистрофияға жататын бұл аурулар мал азығында минералдық заттардың жетіспеушілігімен қатар жалпы қоректілігінің темендеуінен де туындайды[2, 3, 5, 12].
Фосфор. Кальций секілді бұл элементтің де мал денесіндегі негізгі мөлшері (83%) гидрооксиаппатит құрамында болады. Мал организміндегі фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты. Фосфор сүйек, нуклеин қышқылдары, фосфопротеиндер мен фосфолипидтер құрамына кіреді. Аденозинфосфаттар құрамында энергия алмасуына, жасуша белогының құрамында бірқатар ферменттердің әсерін күшейтуге, қан мен ұлпа буферлігін қалыптастыруға қатысады. Демек, фосфор қышқылы түрінде бұл элемент организмдегі бүкіл физиологиялық үрдіске ықпал етеді деуге болады.Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда жоғарыда айтылған сүйектің минералсыздануынан туындайтын остеомаляция, рахит ауруларының белгілері байқалады. Фосфор жетіспеушілігінен мүйізді ірі қара малдың тәбеті бұзылып, денесіндегі сүйек, белок, бұлшық ет, сүт түзілуі бәсендейді. Азығында фосфор жетіспеген сиыр ағашты, сүйекті кеміріп, шүберек секілді бөгде заттарды жалап, жалмайды.Биогеоценозда фосфор жетіспесе мал арасында афорозды остеодистро-фия ауруы кездеседі. Ал, бұл аурудың алдын алу үшін фосфор тыңайтқыш-тарымен топырақты байыту арқылы мал азығына фосфор тұздарын енгізу қажет[2, 3, 5, 12, 16].Кальций алмасуы бұзылғанда сүйек құрылымы бұзылып, сүйек ауруына шалдығады. Төлдің мешел ауруында: олардың басы үлкен, сопақ-жалпақ көкірек керегесі кеңейіп, қабырғалар жұмсарады, сирақтары қисайып, борсық пен аю аяқтарындай маймақтанады. Жақ сүйектері жұмсарып, қабырға ұшы жалпайып, жуандайды, буыны іседі, тісі босап, бел омыртқаның қанаты майысып, жұмсарады. Ал құйрықтың соңғы омыртқалары кішірейеді, тіпті мүлдем жойылып кетеді. Сүйек құрылысының бұзылуын ренгенография, эхоостеометрия тәсілдерімен анықтайды.Рентгенофотометрия тәсілін тәжірибеге енгізген И.Г.Шарабрин, ал эхоостеометрия тәсілін енгізіп, бұл салада жемісті еңбек еткен Е.Ф.Дымко, Қ.М.Қыдырбаев, Ә.Н.Ермаханов және басқалар жоғары айтылған жағдайларды дәлелдеп берді[5, 6, 12, 14].Кальций жетіспеген жағдайда эндемикалық аурулардың симптоматоло-гиясы әр алуан брлады. Ол аурудың түріне, себебіне тығыз байланысты келеді. Эндемикалық аурулардың белгілері, әдетте жалпылама келеді: қоңдылығы-ның, өңімділігінің төмендеуі, тері мен тері түгінің, кілегей қабықтың өзгеруі және басқалар. Оларды биохимиялық зерттеудегі. мағлұматтармен толықтыра отырып ауруларды жіктей аламыз. Қалыпты жағдайдағы мал организімінің биохимиялық көрсеткіштері 1-4 кестелерде келтірілген.Мал организміне макро- және микроэлементтер белгілі бір мөлшерде түсіп тұруы қажет. Олар жетіспегенде немесе шамадан тыс артық болғанда жалпы организмге малдың денсаулығына, өніміне кері әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет