Реферат тақырыбы:«Азықтың протеиндік қоректілігі»


Мал денесінің химиялық құрамы



бет4/6
Дата21.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#154286
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рауана азыктандыру дұрысы

2. Мал денесінің химиялық құрамы
Өсімдіктер, жануарлар және ұсақ ағзалар жасушаларының йод химиялық құрамы ұқсас. Тірі ағзалар жасушаларының құрамына өлі табиғатта кездесетін 70-ке жуық химиялық элементтер кіреді. Бұл тірі және өлі табиғаттың ортақ екенін дәлелдейді. Жасушалардағы элементтер мөлшерінің қатынасы әр түрлі, сондықтан элементтерді бірнеше топтарға бөледі. Макроэлементтерден: оттегі, көміртегі, сутегі және азоттан біріші топ түзіледі. Кейде оларды органогендер деп атайды. Олардың жасушалардағы массасы шамамен 98% және барлық ағза заттардың негізін құрайды.
Екінші топ элементтері - күкірт және фосфор биологиялық полимерлер - нәруыз және нуклеин қышқылдарының құрамына енеді (микроэлементтер). Осы топқа натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор да кіреді. Бұл элементтер жасушада маңызды қызмет атқарады. Мәселен, натрий, калий және хлор жүйкелер жасушаларының ақсондары бойынша жүйке серпіндерінің (импульс) өтуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ әр түрлі заттардың жасуша жарғақшалары арқылы етуіне себепші болады. Кальций жануарлар мен адам қанының ұюына қатысады, сүйек ұлпасының құрамына енеді. Темір эритроциттер гемоглобинінің құрамына еніп, өкпеден ағзаның әрбір жасушасына оттегін тасымалдайды. Темір өкпеден ағзалардын, әрбір жасушаларына оттегін тасымалдауды қамтамасыз етіп, эритроциттер құрамына енеді. Магний болса, ол да жануарлардың, сондай-ақ өсімдіктердің жасушаларының құрамына кіреді. Ол фотосинтезді қамтамасыз етіп, жасыл өсімдіктердің хлорофилл молекуласының орталық атомы болып есептеледі. Ал жануарлар жасушаларында магний ферменттер құрамына кіреді.Көптеген макроэлементтпер әдетте жасушаларда иондар (оң зарядталған катиондар немесе теріс зарядталған аниондар) түрінде болады. Адам ағзасындағы калий, натрий, кальций және магний иондары концентрациясының қатысы жүрек әрекетінің ырғағына, бүйректің су бөліп шығару жылдамдығына, қанның ұйығыштық деңгейіне, сүйек ұлпасының пәрмені мен өсуіне ыкпал етеді.Қалған элементтердің барлығы: мыс, мырыш, фтор, никель, селен, молибден, кобальт, т. б. ушінші топты құрайды. Олардың жасушадағы мөлшері ете мардымсыз (0,02%), сондықтан оларды ультрамикроэлементтер дейді. Мөлшері аз болғанмен олар ағзада маңызды қызмет атқарады. Йод - қалканша без гормоны тироксиннің негізгі құрамдас бөлігі. Мырыш инсулин гормоны молекуласының құрамына енеді. Кобальт - В12) витамині молекуласындағы орталық атом. Бром жүйке жасушаларының қызмет атқаруы үшін қажет. Мыс кейбір ферменттер мен тасымалдағыш жасушалар молекулаларының кұрамына енеді, сондай-ақ шаянтектестердің және ұлулардың тынысалу пигменттерінде болады. Фтор тіс кіреукесі және т. б. құрамына кіреді.Топырақтағы, тағамдағы микроэлементтердің тапшылығы немесе молшылығынан ағзалардың физиологиялық қызметі өзгереді (ауру, көндігу немесе өлу). Мысалы, кобальттың топырақта (сондай-ақ жайылым өсімдіктерінде) жөне жергілікті мал азығында тапшылығынан қойлар мен мүйізді ірі мал қаназдың ауруына ұшырайды.Литосферада көп кездесетін, алайда тірі табиғатта өте аз мөлшерде болатын жалғыз элемент - кремний. Бұл кремнийдің химиялық белсенділігінің шамадан тыс төмендігіне байланысты болса керек, сондықтан химиялық үдеріс шапшаңдығы төмен және қосылыстарының саны да көп емес. Ал тірі нәрсеге шапшаңдык және әр түрлі химиялық реакциялардың маңызы зор.Егер қандай болса да бір жасушаға немесе ағзаға мөлшері 0,000001 г шамасында болса да элемент қажет болса, оның болмауынан қалай болғанда да оның опатқа ұшырайтынын есте ұстаған жөн.Сонымен біз көптеген микроэлементтердің тірі ағзадағы биологиялық рөлін айқындап алдық.Жасушалар мен ағзаларда суды қоспай, тұтас алғанда бейағзалық заттардың мөлшері шамамен 1% болады. Құрамында 20-22% тұз болатын сүйек ұлпасының жасушалары ғана ерекшелік білдіреді.Су. Жасушаның барлық бейорганиқалық заттарының ішінде су бірінші орын алады, өйткені ағзада орта есеппен алғанда демо массасының 80%-ға жуығы су болады. Сүйек ұлпасының 10%-ға жуығы, ми сұр затының 80%-ға жуығы, сондай-ақ адам және жануарлар эмбрионы (ұрығы) жасушаларында 90%-дан астам судан тұрады.Ағза жасушаларындағы судың рөлі зор. Көптеген бейорганикалық және ағзалық заттар суда ериді. Оларды гидрофильділер (лат. суды ұнататындар, сулана алатындар) дейді. Ерімейтіндері гидрофобтылар (лат. суданқорқатындар, сулана алмайтындар) дейді. Су кейбір ферменттер әрекетінен гидролиз реакциясына түседі, яғни Н+ және ОН-иондары еріген заттардың молекулаларына қосылып, қасиеті жаңа заттар түзеді. Еріген заттар осының нәтижесінде тез химиялық реакцияласуға кіріседі. Су заттардың жасушаға еніп, тіршілік әрекеті өнімдерінің бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Бұған қоса су өсімдіктерге, көбінесе бактерияларға фотосинтезді жүзеге асыру үшін қажет.Судың жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жоғары. Судың бұл қасиеті жасуша ішіндегі температураны тіпті сыртқы ортадағы температура өзгерсе де сақтап қалуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет