Реферат Тақырып: Ислам Конференциясы Ұйымы Орындаған: Колдасов. И тобы: юм-20-3ĸ



бет1/4
Дата26.10.2022
өлшемі49,45 Kb.
#154986
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
имангали срс


Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі
М.О.Əуезов атындағы Оңтүстіĸ Қазақстан Университеті
Халықаралық қатынастар және Халықаралық құқық кафедрасы

Реферат


Тақырып: Ислам Конференциясы Ұйымы


Орындаған: Колдасов.И
Тобы: ЮМ-20-3ĸ
Қабылдаған: Мамашарипова.Г


Шымĸент 2022ж
Мазмұны
Кіріспе 1. Ислам Конференциясы ұйымы құрылуының тарихы мен алғышарттары. 1.1Ислам Конференциясы Ұйымы: құрылу тарихы, бүгінгі жағдайы және келешегі 2. Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы
2.1. Ислам Конференциясы Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның арақатынасы. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Ислам Конференциясы Ұйымы бүгінде 1,5 миллиард тұрғылықты хал­қы бар 57 мемлекетті қамтиды және де жер бетіндегі барлық құрлықтарды, ең алдымен Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Американы қамтиды. Бүгін әлемде жер бетіндегі барлық халықтардың бестен бір бөлегі исламды ұстанады және де ерекше атап өту қажет басқа дін өкілдеріне қарағанда исламда жыл сайынғы адам өсімі жоғары: мұсылмандар арасындағы жыл сайынғы адам өсімі 25 млн.адамды құрайды. Бұл дегеніміз мұсылман халықтарының жыл сайын 2,1% өсіп отырғандығын білдіреді, яғни жер бетіндегі жалпы халық өсімінің 0,4 пайызын құрайды деген сөз. 1969 жылдан бері қарай Ислам Кон­ференциясы Ұйымы өзіне мүше елдердің саяси проб­ле­маларымен қатар олар­дың әлеу­мет­тік-экономикалық, ғылыми-тех­­ни­калық және мәдени салала­рына қа­­тыс­ты түйінді мәселелерді шешумен үнемі айналысып келеді. Ислам Конфе­ренциясы Ұйымы діни емес, халық­аралық саяси ұйым ретінде әртүрлі халық­аралық және мемлекетаралық саяси-әлеуметтік, рухани және мәдени мәсе­ле­лерді ше­шуге бағытталған. Ұйымның ұстанған не­гізгі мақсаты – мұсылман елдерінің өз­ара қа­рым-қатынастарын тереңдете тү­сіп, олардың ортақ табиғи және адами бай­лықтарының сол елдердің өз мүдде­леріне тиімді қызмет етуіне және тұрақты дамуына оң ықпал жасау және олардың әл-ауқат­та­рының артуын қамта­масыз ету. Ұйымның бас хатшылығы Сауд Арабиясының Жидда қаласында орна­ласқан. Ұйымның жарғысы бойынша Бас хатшыны бес жыл­дық мерзімге Ұйымға мүше елдер­дің бірінен Сыртқы істер министр­ле­рінің кеңесі сайлайды. Қазіргі Бас хатшы Экмеледдин Ихсаноглу мырза бұл лауазымға 2005 жылдың бірін­ші қаңтарында бекітілген болатын. 2008 жылы өткен Ұйым­ның он бірінші саммиті Э. Их­са­но­глу­дың бұл мандатын тағы бір ке­зеңге ұзартты. Бас хатшы 2007 жылы Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде Президент Н.Ә.Назар­баевпен кездесіп, біздің елде “Ор­талық Азиядағы ислам өркениеті” деген тақырыптың аясында өткен халықаралық конференцияға қа­тыс­ты. Э. Ихсаноглу Қа­зақстан мен Ислам Конферен­ция­сы Ұйымының арасындағы қарым-қатынастың кеңейе түсуіне үнемі ат­салысып келеді. Ол Қазақ­стан­ның 2011 жылы аталмыш Ұйымға төрағалық етуіне байланысты көте­рілген ұсынысты да бірден қол­дады. Зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде Қа­зақ­стан бүгін ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табы­лады. Халқының саны жағынан әлемде 62-орында тұрған Қа­зақстан мұсылман әлемінде 23-орынды иеленсе, жер көлемі жағы­нан олардың арасында бірінші орын­да. Қазақ тарихының мұ­сылман әлемімен ғасырлар бойы са­бақтас және халқы­мыздың руха­ни мә­дениетінің ислам өркениеті­мен ежел­ден тамырлас екені ешбір дау туғыз­байтын шындық. 1995 жыл­дан бері ИКҰ-ға мүше мем­лекет ретінде Қа­зақ­стан әруақытта да бұл Ұйым­ның ат­қарып келе жатқан іс-шара­ларына белсене араласып, оның әлем қауым­дастығы алдын­да­ғы беделінің өсуі мен ислам әлемі­нің абы­ройлы форумы ретінде бұ­дан бы­лай да нығая беруі­не атса­лысып ке­леді. Олай болғанда, 2011 жылы осы бе­делді ұйымға бас­шылықтың Қазақ­станға өтуінің жер жүзіндегі мұсыл­ман қауымдастығы тарапы­нан біздің елге деген үлкен сенімі мен қолдауы деп қабылдаған жөн. 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететін Қазақ елі Ислам әлемінің халықаралық қа­уымдастық елдері және дүниежүзілік ұйымдарымен серіктестік пен ынты­мақтастықты тереңдетіп, ұйымға мүше елдердің сауда-экономикалық жә­не әлеу­меттік-гуманитарлық салада өзара іс-қимыл деңгейін жақсартуға қол жеткізу, ИКҰ мүше елдерінің мәдени гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы аясында ИКҰ халықтары мәдениетінің жетістіктері және спорт ойындары жарыстарын, сондай-ақ дін және мәдениет қайраткерлерінің форумын ұйымдастыру, білім алуға еркін қолжетімділік, біріккен ғылыми жобаларды жасау, экономика­лық салада мүше елдермен кадрлар алмасу, барлығы үшін тауарлардың, қызмет көрсетудің, қаржы, банк және сақтан­дыру, валюталық реттеу нормаларын үйлес­тіру, әлемдік экономикалық дағда­рысқа қарсы іс-шараларды атқару, ел­аралық тауар айналымдарын бірізденді­ру мен ұлғайту, кедейшілікпен күрес, энергетикалық ресурстары мен шикізат көздерін тиімді пайдалану, бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламалар және инновациялық жобаларды жасау, жоғары технологиялар мен ғылым жетістіктерін ортақтасып пайдалануға мүмкіндік жасау, саяси салада – жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту мен дамыту, ИКҰ мүше елдердің ЕҚЫҰ, Еуропалық қауымдастық, Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығы, Африкалық бірлестік ұйымы сынды басқа да беделді аймақтық халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу ісін тереңдетуді көздейді. Ұйым жауапкершілігіндегі аймақта туындауы мүмкін жаңа қауіп- қатерлердің алдын алатын шараларды іздестіру шиеленісті жағдайларда үнқатысу мен бітімге келу жолдарын іздестіру, дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу жолын­да мүше елдердің күш-қайратын тиімді жұмсау, Ауғанстан мен Қырғызстандағы жағдайды реттеудің оңтайлы әдістері мен салиқалы шешімдерін табу. Ауғанстан, Қырғызстан және аймақ­тағы басқа да әлжуаз елдерге гума­нитарлық көмек көрсету және олармен сауда, экономикалық, гумани­тарлық ынытмақтастықты дамыту жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру бұдан былайғы кезде де біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болатындығын Президентіміз өзінің Жолдауында тағы да басып айтты. ИКҰ төрағалығы еліміздің Шығыс пен Батыс арасындағы сұқбаттастықты дамытуда алатын орны мен рөлінің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан ға­сырлар бойы Шығыс пен Батысты бай­ланыстырып отырған. Біз бұл дәстүр­ді жай ғана сақтап қалған жоқпыз, оны жаңа бір деңгейге көтере алдық. Оның жарқын бір айғағы болып мемлекетімізде біздің Президентіміздің тікелей басқа­руымен жасалып жатқан іс-шаралар. Қазақстанның бір мезгілде өте беделді екі халықаралық ұйымда, белгілі бір мағынада Шығыс пен Батысты білдіретін ЕҚЫҰ мен ИКҰ-ға төрағалық етуі шын мәнінде өркениеттер сұқбатын, әлемдік діндер сұқбатын дамытудағы тарихи миссиясын орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде бұл орындалатын және өте жауапты іс-шара болып табылады, себе­бі, аталған екі халықаралық ұйымның алдында бір мақсат – қауіпсіздік және ынтымақтастық, әлеуметтік экологиялық мәселелерді шешу, жеке адам құқығын қорғау және әртүрлі ксенофобия мен исламофобия көріністерімен күресу, мұ­сылман халықтарының мұсылман емес елдерде бейімделу мәселелерін шешу. Астанада алғаш рет 11 жыл үзілістен кейін жоғарғы деңгейде өткен ЕҚЫҰ саммитінің қорытындысы негізінде «Қа­уіпсіздік қауымдастығына бетбұрыс» Астаналық декларация қабылданған бо­латын. Аталған Декларация тағы да өзінің ЕҚЫҰ мен БҰҰның Жарғысының негізінде жатқан Хельсинки қорытынды актісінің нормалары мен принциптерін толық ұстанатынын тағы да дәлелдеді. Мүше мемлекеттердің қарым-қатынасын реттестіруде Астаналық декла­рация кезінде Хельсинки қортынды актісін­де қарастырылған 10 қағидатқа негіз­деледі: тәуелсіздікке негізделген теңдік, суверенитетке тән құқықтарды сыйлау, күш көрсетпеу, шекараның бұзылмас­тығы, мемлекеттердің территориялық тұ­тастығы, дау-жанжал мәселелерін бей­біт жолмен шешу, ішкі іске араласпау, адам құқығын және еркіндігін, ой және ар-ождан еркіндігімен қоса діни сенім мен еркіндігін мойындау, халықтар теңдігі және өз тағдырын айқындаудағы құқылығы, мемлекет арасындағы бай­ланыс, халықаралық құқық бойынша алынған міндеттемелерді ұқыпты орындау. Сонымен қатар, ерекше назар аударатын мәселе, Астаналық саммит ЕҚЫҰ дамуының жаңа векторын: еуразиялық бағытын негіздеді. ЕҚЫҰ саммиті өткенен кейінгі баспасөз мәс­лихатында берілген Қазақстан Пре­зи­дентінің мәлімдемесі бойынша, еу­ро­­палық және азиялық қауіпсіздік мә­селе­лерін бір-біріне байланыссыз шешу бүгінгі күнде мүмкін емес. Елбасының пікірінше, бұл форум тарихқа енеді, себебі осы Астаналық саммитте Еуропа мен Азияны бөліп, онсыз да құлайын деп тұрған бекіністі алып тастаудың тарихи үрдісі іске асты. Президенттің пікірі бойынша 1990 жылы жаңа Еуропа үшін қабылданған Париж хартиясына байланысты күрделі және қарама-қайшы кезеңге шек қойылды. Астаналық саммит Хельсинки мен Парижден кейінгі үшін­ші жаңа бір кезеңнің басталуына негіз болды. Президенттің айтуы бойынша Хельсинки рухы жаңа тарихи жағдайда Астана рухымен байытылды. Елбасы пікірі бойынша қайтадан жаңғырған өз­ара түсіністік және келісім рухы қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне төтеп беруге, біздің халықтарымыз үшін өмірлік маңызы бар мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Астаналық саммиттің келесі бір ерекшелігі ЕҚЫҰ қызметінің жаңа бағыты еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу арқылы Еуропа мен Азияның ара­сындағы интеграциялық процестердің нығаюына негіз болады. Әрине, ешбір күмәнсіз, ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төр­ағалық етуінің нәтижесі ұйымның дамуына негіз болған жаңа еуразиялық бағытты енгізе алуында, сол арқылы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа кеңістігі жасалды. Осы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа кеңістігінде екі ең беделді халықаралық ұйымдарда Қазақстанның тікелей қатысуымен ЕҚЫҰ мен ИКҰ бірлесе әрекет етуіне мүмкіндік жасалып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет