Реферат Тақырып: Жаңа вакцина түрлерін жасау принциптері Абидинов Жаннур Курс: 2 курс



бет2/4
Дата14.12.2021
өлшемі48,25 Kb.
#126418
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Вакцина жасау эссе Абидинов Жаннур 235-Б

Негізі бөлім


Тірі вакциналар аса патогенді микроорганизмдердің антигендік құрылысын және иммуногенділігін сақтай отырып әлсірету (аттенуация) жолымен алады (оба таяқшасы, бруцеллалар, туляремия қоздырғышы). Вакциналық штамның аттенуациясы физикалық (температуралық режимді, осмосттық градиентті өзгерту, УКС және т.б. әсерімен) және химиялық (антибиотиктің төменгі концентрациясы, өт, бояулар және т.б.) тәсілдермен, сезімтал емес жануарларға, тауық эмбрионына, тіндік клеткалар дақылына пассаж жасау (вирус болған жағдайда) арқылы жүреді. Вакциналық штамм енгізген кейін организмде көбейеді және вакциналық инфекциялық процесс туындайды. Көптеген егілгендерде вакциналық инфекция клиникалық симптомдарсыз өтеді және тұрақты иммунитет қалыптастырады. Тірі вакциналардың жетістіктері барысында бір ескертулерге назар аударған жөн: вирулентті формалары реверсия беруі мүмкін, нәтижесінде егілген ағзада ауру тудыруы мүмкін. Осы себептен тірі вакциналарды мұқият тестілеуден өткізеді.

Инактивацияланған вакциналарды вируленттілігі және антигендік құрылымы жетік құнды жоғары патогенді штамдардың инактивациясын физикалық және химиялық тәсілдермен алуға негізделген (көкжөтел қоздырғышын формалинмен инактивациялайды, лептоспираларды - жоғарғы температурамен, тырысқақ вибрионын - формалинмен). Осындай вакциналар аса тұрақты және қауіпсіз. Өлі вакциналарды қолданғанда иммунизация нәтижесі препарат құрамындағы иммуногеннің мөлшеріне байланысты. Сондықтан толық құнды иммуногенді стимул қалыптастыру үшін микробтық клеткаларды немесе вирустық бөлшектерді концентрациялау және тазарту қажет. Иммунды жауапты күшейту үшін вакцинаның бірнеше дозасын егу керек (бустерлік иммунизация).

Инактивацияланған және басқа барлық репликацияланбайтын вакциналардың иммунитет қалыптастыру қабілетін келесі жолдармен күшейтеді:

Химиялық вакциналар микроорганизмдер клетка компоненттерінен, оның ішінде протективті антигеннен құралған, тұпкілікті иммунды жауап қалыптастырады. Жиі бұл микробтық клеткалардың макромолекулалы глико- немесе липопротеидтер, яғни микроорганизмнің иммуногенді сипаттамасын анықтайды. Микроорганизмдер фрагменттерін қолданатын химиялық вакциналарға мысал келтірсек, бұл - Streptococcus pneumoniae қарсы вакцина, менингококктың А типіне қарсы вакцина, қоздырғыштың Vi-антигені бар ішсүзектік спирттік вакцина, полисахаридті вакциналар (Менинго А+С, Акт-ХИБ, Пневмо 23, Тифим Ви), ацеллюлярлы көкжөтелдік вакцина және т.б. Вакциналар стандартты, реактогенділігі төмен, бірақ иммуногенділігі әлсіз.

Ассоциацияланған вакцина -- 2 -- 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 -- 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Генді-инженерлі вакциналар рекомбинантты ДНҚ технологиясымен алынған және арнайы клеткалық жүйлерде жинақталған микроорганизмдердің әр гендері экспрессиясының өнімдері болып келеді (түрлі қоздырғыштардың протективті антигендері ашытқы клеткаларында немесе ішек таяқшасында түзіледі). Гендік вакцинаның ерекше топтары профилактикалық мақсатта қолдану ғана емес, тағы кейбір аутоиммунды аурулар, аллергиялық жағдайларды, қатерлі ісіктер емдеуіне терапиялық мақсатта тағайындалынады. Тағамдық (жейтін) вакциналарды дайындау да өзекті мәселеге айналған.

ДНҚ-вакциналар - бұлпатогенді микроорганизмдер, өспелер клеткалары және т.б. бөлінген гендік құрылымдар немесе ДНҚ фрагменттері; организмде иммунды жауап тудыратын микроорганизмдердің протективті антигендерін, өспеге ассоциацияланған антигендері синтезіне жауапты. Осындай гендік құрылымдар плазмида немесе вирустық векторлар көмегімен адам организмінің клеткаларына трансфекцияланады, экспрессияланады және өспеге спецификасы бар, микробты және т.б. протеиндерді түзеді (протективті антигендер), нәтижесінде иммунды жауап туындайды немесе қандайда болмасын патологияда организмнің қорғаныс күштерін белсендіреді.

Тамақтық (жейтін) вакциналар. Жейтін немесе мукозды вакциналарды алғаш рет 1992 жылы Мэйсон темекі өсімдігі клеткаларында гепатит В вирусының НВsAg детерминациялайтын генді клондау арқылы алды. Трансгенді темекі өсімдігі өскенде өсімдік протеиндерімен қоса НВsAg түзеді. Келесі зерттеулерде НВsAg кодтайтын гендер картоп, жүгері және басқа өсімдіктер геномына экспрессияланған. Қазіргі уақытта пісірілмей қолданатын трансгенді өсімдіктердің жемістері, жапырақтары және ұрықтары (томаттар, банан, салат жапырақтары және т.б.) негізінде тағамдық вакциналар технологиясы қарқынды дайындық үстінде. Қорытынды ойдағыдай жақсы нәтиже берсе, парентералді енгізуге арналған вакциналар дайындауға қымбат тұратын антигендердің тазалауы өзінен-өзі жоққа айналады.

Жасанды вакциналарда иммуноген ретінде химиялық синтез көмегімен алынған протективті протеиннің химиялық үйлестігі. Осы вакциналар иммунды жауапты қосатын микробтық протеин кұрылымының аминқышқылдық қатарына сәйкес келетін аминқышқылдан түзілген пептидтік фрагменттер. Дәстүрлі вакциналармен жасанды вакциналарды салыстырғанда, соңғының маңызды жетістіктеріне олардың құрамында микроорганизмдер, олардың тіршілік өнімдері болмайды, иммуногенділігі жоғары, сақтау жағдайына қатал талаптар қажететпейді. Осындай вакциналар типтерін дайындауға патогенді микроорганизмдердің антигендік детерминанталарын тасушы бірнеше түрлі пептидтерді комбинирлеуге болады, иммуногенді жасанды петидтерді тандап тасушымен кешендеуге мүмкіндік туады.Сонымен қатар, жасанды вакциналарды дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда нәтижесі әлсіз, нативті микроб антигенімен салыстырғанда иммуногенділігі төмен. Дегенмен, бүтін қоздырғыштың орнына бір немесе екі иммуногенді протеин қолдануы реактогенділігі және кері әсері төмен вакциналар қарқынды иммунитет қалыптастырады. Мысалы ретінде гепатит В қарсы эксперименттік вакцинаны (Эувакс В) алуға болады.

Форсифицирленген вакциналар. Осындай препараттарға құрамына кіретін микробты антигендерін иммуномодуляторлармен химиялық ковалентті байланыстыру (коньюгация) жолымен алынған жаңа ұрпақтағы вакциналар. Вакцинопрофилактикада иммуномодуляция препараттарын қолдануы, ендіретін антиген дозасын төмендету сұранысына байланысты. Иммуномодулятор ретінде кейбір жасанды полиэлектролиттер, табиғи қосылыстар және т.б. алынады. Полиэлектролиттердің антиденегенезін белсендіру нәтижесі олардың клетка мембранасына сорбциялану және В-лимфоциттердің бөліну мен антигенге байланысты дифференциациясын тікелей активтендіру қабілетіне байланыстығы.

Конъюгирленген вакциналар. Қауіпті аурулар, мысалы менингиттер немесе пневмониялар (гемофилюс инфлюэнце, пневмококктар) тудыратын кейбір бактериялардың антигендерін нәрестелер мен ана сүтін еметін сәбилердің жетілмеген иммунды жүйесі қиын таниды. Коньюгирленген вакциналарда баланың иммунды жүйесі жақсы тани алатын осындай антигендерді басқа типті микроорганизмдердің протеиндері немесе анатоксиндерімен байланыстыру принципін ұстанады. Протективті иммунитет конъюгирленген антигендерге қарсы қалыптасады.

Терапиялық вакциналар. Инактивацияланған вакциналарды терапиялық мақсатта, иммунды жауапты белсендіру үшін созылмалы гонореяда, созылмалы стафилокктық инфекцияларда және басқа жұқпалы ауруларда қолданылады. Қазіргі уақытта терапиялық вакциналар бактериялар немесе вирустар (B және C гепатит вирустары, папиллома вирусы, АИВ), тудырған созылмалы инфекцияларда ғана емес тағы өспелерде (ең алдымен, меланома, сүт безі обыры немесе тік ішек обыры), аллергиялық немесе аутоиммунды ауруларда (жайылмалы склероз, І типтегі диабет, ревматоидті артрит).

Вирустық вакциналарды дайындау әдістері

Вирустың вакциналық штамдары тіндер клеткалар дақылында немесе тауық эмбрионында жинақталынады. Вирусты дақылдандыру үшін ең алдымен тіндік клеткалар дақылы (біріншілік-трипсинизацияланған немесе ауыспалы) немесе тауық эмбрионы (7-9-11 тәуліктік) дайындалып алынады. Асептикалық жағдайда клетка дақылы немесе тауық эмбрионын вируспен жұқтырады. Вирус репродуцирленеді, клетка дақылында немесе тауық эмбрионында жинақталынады. Кейін оны бөліп алады, тазартады, стандарттайды, лиофилизация жасайды, ампулаға құйып бекітеді (тірі немесе инактивацияланған толық вирионды вакциналарда). Тірі вакциналық штамдарды in vitro-да клеткадақылында пассаж жасап әлсіретеді.

Вирустарды әлсіретудің дәстүрлі әдістерінің бірі - in vitro-да жануар клеткаларында дақылдандыру. Алдымен патогенді вирусты адам организмінің жұқтырған клеткаларынан бөліп алады. Әрі қарай жануар текті клетка дақылында вирусты пассаж жасайды, аттенуация жасап, вирустың жұқпалылығын әлсірету. Кейбір ауруларда, мысалы қызамықта, вакциналық штамм алу үшін осындай дайындық жеткілікті.

Суббірліктік вакциналар алу үшін вирус бөлшектерінен беткейлік немесе нуклеопротеидті антигендерін бөліп алады (олар аса иммуногенді және спецификалы). Бөлінген субстанцияны тазартады, тұрақтандырады, қосымша компоненттер қосады (адъюванттар, сорбенттер, иммуномодуляторлар және т.б.).

Иммуногенді адъюванттар. Адам немесе жануарлар денесіне вакцинамен бір химиялық затты қосып еккенде антигеннің иммуногендігі күшейеді. Аса маңызды адьювантқа жататындар: алюминийдің қосындысы, макромолекуларлық заттар (декстран, метилцеллюлоза), беткей активті заттар, фрейд адьюванты.Адьюванттар еккенде ұлпада қабынуды қоздырып, еккен жерінде гранулема -- абсцесс береді, соның әсерінен антигендер көп уақыт сол жерде сақталып, иммундық үрдіс қоздыру көпке созылады.

Көптеген антигендер, антигенмен бірге Т -- лимфоциттері болса иммундық реакцияны жақсы қоздырады. Оларға вирустар, белоктар, торшалық антигендер жатады. Тек қана бактериалдық полисахаридтер, тимусқа тәуелділігі жоқ антигендер өз алдына иммундық реакция шақыра алады.

Иммуномодуляторлар -- иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.

Иммуностимулдеушілерге тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.

Иммуностимулдеуші белсенділікке пробиотикалық микроорганизмдер (бифидо және лактобактериялар) ие, оларды тамақтану өнімдерінің құрамына енгізгенде олар организмнің қалыпты микробиотының балансын қалпына келтіреді және бірқалыпты ұстап тұрады.

Иммуностимуляторларды инфекционды және инфекционды емес ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданады.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет