Реферат Тақырып:«Макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен түрлері»



Дата22.08.2020
өлшемі31 Kb.
#76430
түріРеферат
Байланысты:
реферат

Реферат


Тақырып:«Макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен түрлері»

Кіріспе.

1.Макроэкономикалық саясатты .

2.Негізгі мақсаттары мен түрлері.

Қорытынды.

Қолданылған әдебеттер тізімі.

Кіріспе

экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу,

жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін- жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 -1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900-1978), Дж.Хикс (1904 - 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 -1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі -[макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру-қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;

Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құ рамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, кейнстік теорияның өмірге келуімен байланысты,оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Яғни, бүгінде экономикалық теория микроэкономика жəне макроэкономика болып екіге бөлінеді.Экономикалық теория–күрделі қоғамдық жəне əлеуметтік əрі гуманитарлық ғылым.Оның зерттеу аясында,қоғамның шектеулі мүмкіндіктері жағдайында шексіз қажет тіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мəселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық теориядағы микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз. Макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз. Бірақ, макроэкономика ғылымын оқуды бастамас бұрын, оның зерттелуінің негізі болып табылатын микроэкономика курсына қысқаша тоқталып өтуіміз керек.

Микроэкономика ғылымын жəне оның қалай оқытылғаны жөніндегі мəселелерді еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама береміз.Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен тəртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы.

Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан,жекелеген фирмалардың,үй шаруашылықтарының жəне салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану жəне оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.

Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мəселелерді зерт- тейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қа растыратын, əрі ел экономикасының даму факторлары мен нəтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы. Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм жəне физиократтар мектептерінен басталды.

Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады. Оның 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның жəне пайыздың жал- пы теориясы» деген еңбегі негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты.Джон Кейнс өзінің осы еңбегінде нарықтық экономикада үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты жағдайы орын алуы мүмкін екендігін айтты,бірақ осындай жағдайда мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған жəне жоспарланған бюджет-салық жəне ақша-несие саясаттары арқылы сол жұмыссыздықты қысқарта жəне экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын төмендете отырып, ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі мəселелерді дəлелдеуге тырысты. Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де дəлелдеді. Кейнстік экономикалық теория макроэкономика жəне экономикалық саясат салаларында аса басымды бағыт болып саналады.

Осыған сəйкес, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы импульсі Дж. М. Кейнстің экономикалық идеялары болғанын айта аламыз. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардан бастап 60-жылдарға дейін макроэкономикалық саясаттағы кез келген талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің қалыптастырып кеткен идеяларын, оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың негізін салушылар – Джон Хикс, Элвин Хансен, Пол Самуэль- сон, Рой Харрод, Евсей Домар сияқты ғалымдар ары қарай да- мыта түсті. Бірақ уақыт өте келе пайда болған жаңа теоретикалық бағыттар кейнстік экономикалық теорияның маңызын төмендете бастады. Кейнстік бағытқа қарсы аса салмақты түрде сын айтушы оппонент – монетаризм теориясы қалыптасты. Оның негізін салушы америкалық экономист Милтон Фридмен (1912-2006) болды. «Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Бұл ғалым өз еңбектерінде бірінші болып микро- жəне макро- тал- дауларды бөліп қарастырды.

Келесі бір ғалым, Нобель сыйлығы- ның иегері, голланд экономисі Ян Тинберген (1903-1994) өз елі үшін алғашқы макроэкономикалық саясат үлгісін ұсынды. Ал макроэкономикалық талдау ғылыми айналымға Кейнстің басты еңбегі жарық көргеннен кейін нақты енгізіліп қолданыла баста- ды. Бірақ, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық талдау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде қарастырыла бастаған-ды. Француз экономисі-физиократ Франсуа Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің 10 натуралдық жəне құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын экономисі Давид Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі. Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды Карл Маркс те өзінің үлгісінде қолданды, ол «Капитал» еңбегінің 2-томында (1885 ж.) жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық жəне құндық құрылымдар арасындағы сəйкестіліктер мен байланы- старды зерттеді.

Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж. В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономикалық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) жəне де «жаңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланшар, Н. Г. Мэн- кью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай алуан түрлі мектептердің бар болуына байланысты əрі олардың макроэкономикалық ой-пікірлері мен көзқарастарының бірдей еместігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін əлемдік макроэко- номикалық ғылымға англо саксондық бағыт үстемдік жүргізіп келеді деген ой айтылады, дегенмен соңғы онжылдықтарда Алманияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің жəне басқа да бірқатар елдер- дің ғалымдарының ұстанымдары, көзқарастары мен бедел дері кеңейіп, осы ғылымға өз үлестерін қосып келеді. Сонымен, макроэкономика – экономикалық теория ғылымы- ның негізгі бөлімі ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктері мен шектеулі экономикалық ресурстар сияқты іргелі мəселелерді ұлттық экономика деңгейінде зерттейтін ғылым саласы.

Макроэкономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Макроэкономика салыстырмалы түрде жас əрі келешегі бар ғылым болып табылады.Дегенмен экономикалық теорияның бұл бөлімінде көптеген бəсекелес мектептер мен бағыттардың пікірлері орын алатындығын мойындай келе, микроэкономикаға қарағанда, макроэкономиканы зерттеу əлдеқайда қиын əрі күрделі екендігін айтқанымыз жөн. Көптеген ғылыми əдебиеттерде бұл ғылымға əртүрлі анықтамалар беріледі. Сондықтан макроэ- кономикаға жоғарыда аталған анықтаманы толықтыра отырып, тағы да мынадай анықтамалар бере аламыз.

Макроэкономика-бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурстардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін жəне төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттей- тін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы. Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған (іріленген, біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен көрсеткіштерді зерттейтін ғылым, яғни ұлттық экономикадағы агрегатталған мінез-құлықтар мен тəртіптерді зерттейтін ғылым.

Макроэкономика – бұл əлемде болып жатқан ғаламдық эко- номикалық мəселелерді жəне олардың кез келген ұлттық эконо- микамен өзара байланысын жəне оған əсер етуін зерттейтін ерекше ғылым. Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пəнін негізгі төрт макроэкономикалық мəселелермен байланыстырады. Олар берілген негізгі анықтамалардан туындайды: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу жəне төлем балансы. Макроэкономиканың зерттеу пəні–негізгі макроэкономикалық мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі əрекет ету заңдылықтары. Алайда макроэкономика осы төрт мəселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тəн басқа да мəселелер бар.

Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мəселелері:

1. Тұрақты экономикалық өсу жəне оның қарқыны;

2. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жəне оған қол жеткізудің жолдары;

3. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;

4. Жұмысбастылық деңгейі жəне жұмыссыздық мəселесі;

5. Бағалардың жалпы деңгейі жəне инфляция мəселесі;

6. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі жəне ақша айналымының мəселесі;

7. Мемлекеттік бюджет жағдайы;

8. Бюджет тапшылығын қаржыландыру жəне мемлекеттік қарыз мəселелері;

9. Халықты əлеуметтік қорғау мəселелері;

10. Төлем балансының жағдайы жəне валюта бағамының мəсе лелері;

11. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы жəне олардың сырт қы ортамен байланысы;

12. Тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу мəселелері.

Жалпы алғанда, макроэкономика курсының мазмұны осы аталған макроэкономикалық мəселелердің мəнін ашуға жəне оларды шешуге негізделеді. Осымен бірге, сол макроэкономикалық мəселелердің үнемі тұрақты түрде бір-бірімен орын ауыстырып отыратындығын да есепке алған жөн, сол себепті микроэкономикаға қарағанда, макроэкономиканың зерттеу пəні мен объектісі əлі толық анықталмаған ғылым ретінде деп санап, ылғи да өзгеріске ұшырап отыратындығын айтып өтуіміз керек. Қазіргі уақытқа дейін əртүрлі макроэкономикалық мектептер макроэкономика курсының мазмұны мен құрылымын əр қырынан түсіндіріп келеді. Көптеген макроэкономикалық əдебиеттерде негізгі макроэкономикалық мəселелерді қарастыру тəртібі əртүрлі. Макроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл ұлттық эко- номиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері жəне қоғамның байлығы.

Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруа шылығы төрт макроэкономикалық субъектіден құралады:

1. Үй шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын жəне игіліктерге деген сұранысты қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып, өз пайдалылықтарын максималдауға тырысады.

2. Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін жəне игіліктердің ұсынысын жасайтын əрі инвестициялау үдерісін жүзеге асыратын белгілі бір елдегі барлық кəсіпкерлік сектор- дың жиынтығынан құралады. Фирмалар, əдетте, өз қызметтерін жүзеге асыру барысында ең жоғары пайда алуға тырысады.

3. Мемлекет – ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қыз меттері сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол əдетте, пайданы максималдауды мақсат етіп қоймайды,халық шаруашылығының тиімді əрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды.

Сонымен қатар, мемлекет маңызды макроэкономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді жəне сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша ұсы- нысын қалыптастырады.

4. Сыртқы орта-шет елдердегі экономикалық субъектілердің жиынтығынан жəне шетелдік мемлекеттік институттардан құралады, олар отандық экономикаға өз игіліктерін ұсынады жəне сол отандық экономиканың өндірген игіліктеріне сұраныс білдіреді,экспорт пен импортты қалыптастырады. Сыртқы əлем секторы ұлттық төлем балансы мен валюта бағамының жағдайын анықтау үшін зерттеледі.

Макроэкономика ғылымының өзіне тəн зерттеу əдістері бар. Жалпы əдіс деп біз белгілі бір нақты ғылымның пəнін зерттеу тəсілдерінің, амалдарының, формаларының жиынтығын, яғни ғылыми зерттеудің нақты құралдарын түсінеміз.

Ал Макроэкономикалық талдаудың жалпы ғылыми əдістеріне мыналар жатады:

- ғылыми абстракция əдісі;

- анализ жəне синтез əдісі;

- индукция мен дедукция əдістерінің үйлесімділігі;

- нормативтік жəне позитивтік талдаудың үйлесімділігі;

- «əртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;

- экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар;

- тарихи жəне логикалық əдістердің бірлігі;

- жүйелік-функционалдық талдау;

- экономикалық-математикалық үлгілеу жəне т.б.

Макроэкономикалық талдаудың ерекше əдісі-ол агрегаттау əдісі болып табылады.

Агрегаттау дегеніміз-берілген экономикалық құбылыстар мен үрдістерді біртұтас жиынтық ретінде жалпылама түрде көрсету жəне біріктіру. Агрегатталған өлшемдер нарықтық жағдаятты жəне оның өзгерісін сипаттайды (пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, бағалардың жалпы деңгейі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі жəне т.б.).

Сонымен қатар, макроэкономикалық агрегаттау жоғарыда аталып өткен негізгі макроэкономикалық субъектілерге (үй шаруашылығы, фирма, мемлекет жəне сыртқы орта) таралады жəне мынадай негізгі макроэкономикалық нарықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер нарығы (нақты нарық).

2. Ақша нарығы жəне бағалы қағаздар нарығы.

3. Еңбек нарығы жəне капитал нарығы.

4. Валюталық нарық.

Макроэкономикадағы екінші ерекше əдіске экономикалық үлгілеу жатады.Үлгілеу дегеніміз -əртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдістерді, олардың арасындағы функционалдық өзара байланыстарды логикалық түсініктермен, графиктермен, алгебралық сипаттамалармен қарапайым түрде түсіндіру.

Макроэкономикалық үлгілер əртүрлі өлшемдеріне байланысты былай жіктеледі: - жалпылау дəрежесі бойынша:

абстрактілі-теоретикалық жəне нақтылы-экономикалық;

- құрылымдық дəрежесі бойынша: шағын көлемді жəне үлкен көлемді;

- элементтердің өзара байланыстылығы сипатына қарай: сызықтық жəне сызықтық емес;

- қамту деңгейіне немесе ауқымына қарай: жабық жəне ашық: жабық – оқшауланған ұлттық экономиканы зерттеу үшін, ашық – халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу үшін;

- уақыт факторын есепке алу бойынша: статикалық – уақыт факторы есепке алынбайды, динамикалық – уақыт фактор ретінде қаралады. Макроэкономикада əртүрлі үлгілер қолданылады: ұлттық экономикадағы шеңберлі айналым үлгісі, AD-AS үлгісі, Кейнс кресі үлгісі, IS-LM үлгісі, Солоу үлгісі, Домар үлгісі, Харрод үлгісі, Самуэльсон-Хикс үлгісі, Манделл-Флеминг үлгісі жəне т.б. Осы үлгілердің барлығы жалпы құралдар ретінде қолданылып, ұлттық ерекшеліктерге ие бола алмайды.

Кез келген үлгі нақты елдің экономикасына «қолайлы» немесе «қолайсыздық» белгісіне бай- ланысты емес, оның көрсеткіштерінің экономикалық үдерістер динамикасын зерттеудегі пайдалылық белгісіне байланысты бағалануы тиіс.

Əрбір макроэкономикалық үлгіде ең маңыздысы – факторларды таңдау, олар уақыттың нақты мерзімінде нақты мəселені макроэкономикалық тұрғыдан талдау үшін аса қажетті.

Əрбір үлгіде айнымалылардың екі типі ажыратылады:

Экзогенді (сыртқы) айнымалылар – үлгіні құруға дейін анықталатын бастапқы ақпараттар, олар үлгіге сырттан келеді.

Эндогенді (ішкі) айнымалылар – үлгінің ішінде алға қойылған міндеттерді шешу үрдісінде қалыптасатын өзгер ме лілер, яғни сол үлгінің дəл өзі немесе үлгідегі міндеттерді шешудің нəтижесі болып табылады. Уақыт факторына байланысты өзгеріп отыратын экономикалық айнымалылар қорлар жəне ағындар болып бөлінеді.

Қор айнымалылары – бұл уақыттың нақты бір мезетінде ғана өзгеруі мүмкін өзгермелілер, яғни жылдың басына немесе соңына сəйкес келетін уақытта қаралатын объектінің жай-күйі (мысалы, белгілі бір уақытта экономикада жұмыспен қамтылған азаматтардың саны, жұмыссыздар саны, капитал көлемі, белгілі бір уақыттағы үй шаруашылықтарының жинаған байлықтары, мемлекеттік қарыз, мүлік, т.б.). Қорлар белгілі бір уақытта ғана анықталады.

Ағын айнымалылары – бұл уақытқа байланысты өлшеніп отыратын өзгермелілер, яғни белгілі бір уақыт, күн, ай, квартал, жыл аралығында өзгеріске ұшыраған экономикалық құбылыстар ағыны (мысалы, халықтың жиынтық табыстары мен шығындарының өзгерістері, инвестициялар, жинақтар, мемлекеттік шығындар, экспорт пен импорт, бюджет тапшылығы, табыс, елдегі халық саны, күн сайынғы еңбекке жарамды жасқа кіретін жəне одан шығатын азаматтардың саны, жұмысынан айырылған жəне жұмыс тапқан азаматтардың саны, т.б.). Экономикадағы қорлар мен ағындардың арасында өзара тығыз байланыс бар: ағындар қорларды өзгертіп отырады. Мəселен, қор айнымалыларын көл дейтін болсақ, онда ағынды сол көлге ағатын өзен деп айтуға болады. Сондай-ақ, белгілі бір тұлғаның байлығын уақыт өлшемінен тыс қор ретінде қарастыратын болсақ, онда 2011 жылдың 1 қаңтарында Баян деген азаматшаның байлығы 100 мыңға тең деп аламыз. Алайда сол азаматша табысының өзгерісі туралы айтсақ, онда оның белгілі бір уақыттағы табысын анықтаймыз: Баян ай сайын 10 мың теңге табыс табады. Сонымен қатар, макроэкономикада позитивтік жəне нормативтік əдістер де кеңінен қолданылады.

Позитивтік талдау – бұл ұлттық экономиканың нақты іс жүзіндегі əрекетіне талдау жасау.

Нормативтік талдау – бұл ұлттық экономиканың дамуы үшін қандай да бір аспектілердің жəне жағдайлардың қолайлылығын немесе қолайсыздығын анықтайтын ұсыныстық жəне баға берушілік сипатқа ие əдіс. Позитивтік жəне нормативтік бағыттардың тиімді үйлесімі макроэкономикалық зерттеушілерге, ғылыми абстракцияның жоғары деңгейіне қарамастан, мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін теориялық негіз қызметін атқарады.

Макроэкономиканың нақты мақсаттары (мақсаттар жүйесі) мыналар:

1. Ұлттық өндірістің жоғары жəне өспелі деңгейін қамтамасыз ету, яғни нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейін арттыру.

2. Жұмысбастылықтың жоғары деңгейін (ең аз мəжбүрлі жұ- мыссыздық кезінде) қамтамасыз ету.

3. Бағалар деңгейінің тұрақтылығын (еркін нарықтардағы сұ раныс пен ұсыныстың өзара əрекеттесуі арқылы бағалар мен жалақының үйлесімділігін табу жолымен) қамтамасыз ету.

4. Төлем балансының нөлдік сальдосына қол жеткізу.

Бірінші мақсаттың мəні мынада, яғни кез келген ұлттық эко номикалық қызметтің соңғы міндеті – халықты қажетті тауарлармен жəне қызметтермен қамтамасыз ету. Ал ұлттық өндірістің жиынтық өлшеуіші ретінде соңғы тауарлар мен қыз мет- тердің нарықтық құнын сипаттайтын ЖІӨ саналады. Макроэкономиканың екінші мақсаты жоғары жұмысбас тылыққа қол жеткізу жəне жұмыссыздықты төмендету болып табылады.

Экономикалық циклдің əр фазасында жұмыссыздық деңгейі ауытқып отырады.

Тоқырау фазасында жұмыс күшіне сұраныс қысқарып, жұмыссыздық артады. Ал жандану фазасында жұмыс күшіне сұраныс артады, жұмыссыздық қысқарады. Алайда, жұмысқа жарамды халықтың бəрінің қажетті жұмыс орнына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру – бұл қол жеткізілуі қиын күрделі міндет.

Макроэкономиканың үшінші мақсаты – еркін нарықтар жағдайындағы бағалардың тұрақтылығы. Бағалардың жалпы деңгейін тұтынушылық бағалар индексі арқылы өлшеуге болады, ол тауарлар мен қызметтер «қоржынының» шектелген жиынын алуға кететін шығындарды есептейді. Төртінші мақсат – ашық экономикаға қатысты жəне төлем балансының нөлдік сальдосы кезінде толық жұмысбастылық деңгейінде жалпы экономикалық тепе-теңдікке жету.

Осындай негізгі макроэкономикалық мақсаттардың арақатынасы макроэкономикалық саясаттың негізгі міндетін сипаттайтын басты макроэкономикалық мақсатты анықтайды, ол екі ны- санда көрініс табады:

1) аралық макроэкономикалық мақсаттар;

2) тактикалық макроэкономикалық мақсаттар.

Біріншісі негізгі макроэкономикалық міндеттердің маңызды лығын реттейді, ал екіншісі ұлттық экономиканың өзгеріп оты ратын экономикалық жағдаятқа қарай қайта жасақталып отыруын жүзеге асырады.

Макроэкономика жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың əрекет ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде ең алдымен, макроэкономикалық саясатты қалыптастырудың теориялық негізі болып табылады.

Макроэкономикалық саясат – бұл əлеуметтік жəне эко- номикалық мəселелерді шешуге бағытталған шаралар мен іс-қимылдар жүйесі. Макроэкономикалық саясаттың объективті мақсаты – ұлттық экономикадағы қарама-қайшылықтарды жұмсарта отырып экономикалық тиімділік пен əлеуметтік əділеттілікті қолдау.

Қазіргі уақытта, мемлекеттің макроэкономикалық саясатын Үкімет пен Орталық банк жүргізеді. Мемлекет экономикаға əсер ету мақсатында бірнеше макроэкономикалық саясат құралдарын пайдалана алады.

Макроэкономикалық саясат құралдары – бұл бір немесе бірнеше макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға 2–533 мүмкіндік беретін жəне үнемі мемлекеттің бақылауында болатын экономикалық өзгермелілер. Макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері бар:

1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл мемлекеттің салық салу жəне мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға əсер етуі.

2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты – бұл мемлекеттің елдің ақша, несие жəне банк жүйелері жолымен экономикаға əсер етуі.

3. Табыстар саясаты – мемлекеттің инфляцияны ұстап тұру мақсатында жалақы мен бағаларды директивалық шаралармен тікелей бақылауға алу арқылы экономикаға əсер етуі.

4. Сыртқы экономикалық саясат-мемлекеттің ашық экономика жағдайында халықаралық сауда қатынастарына арала- са отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.

5. Сауда саясаты-тарифтер,квоталар жəне басқа да сыртқы экономикалық реттеу құралдары арқылы мемлекеттің экспорт пен импортты ынталандыруға немесе шектеуге араласуы. Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау барысында қолда- нылатын макроэкономикалық саясаттармен бірге ұлттық экономикада əлеуметтік саясат, валюталық саясат сияқты құралдар да кеңінен қолданылады. Бірақ макроэкономикалық сая сат тың қандай құралы қолданылса да, олар ұлттық экономиканың қалыптасқан нақты жағдайына қарай жəне қандай да бір экономикалық мəселені нақты шешу кезінде əрқашанда маңызды болып қала береді.

Қорытынды

1.Макроэкономикалық агрегатталған жиынтық өлшемдерді зерттейді: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмысбастылық,бағалардың жалпы деңгейі, инфляция, төлем балансы жəне т.б.

2. Макроэкономикада мемлекеттің рөліне жəне ішкі экономикалық жəне сыртқы экономикалық салаларды мемлекеттік реттеудің əдістеріне аса маңызды түрде көңіл бөлінеді.

3. Макроэкономиканың əдістері – позитивтік жəне нормативтік тал- дау, сонымен қатар агрегаттау, «əртүрлі тең жағдайларда» қағидасы, тепе-теңдіктік бағыт, қор жəне ағын айнымалыларының айырма шы- лықтары сияқты əдістер жатады.

4. Макроэкономикада зерттелетін нарықтың негізгі субъектілері – үй шаруашылығы, фирма, мемлекет жəне сыртқы орта.

5. Экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы нарықтың барлық субъектілерінің өзара байланыстарын көрсетеді.

6. Табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымында қуат беру көрсеткіштері – бұл инвестициялар, мемлекеттік шығындар, экспорт. Жылыстау көрсеткіштері – бұл жинақтар, салықтар, импорт.

7. Макроэкономикадағы негізгі бəсекелес мектептер кейнстік жəне неоклассикалық бағыттармен сипатталады.



Қолданылған әдебеттер тізімі

  1. http://mylektsii.ru/12-12489.html

  2. http://lektsii.com/3-100710.html

  3. https://articlekz.com/kk/article/1711


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет