Region2. htm Ұлан ауданының 2009 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы



Дата01.02.2018
өлшемі86,01 Kb.
#37369
region2.htm
Ұлан ауданының 2009 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
2009 жылы өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 6477,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,9 пайыз. Бұл көрсеткіштің төмендеуі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9,5 пайызға азайғанынан болып отыр, оның ішінде ет және ет өнімдері, сүт өнімдері.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды игеру көлемі 1975,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73 пайызға азайған. Инвестициялардың төмендеуінің себебі, 2008 жылы «Өскемен-Шар» темір жол құрылысын салуға 4100,0 млн. теңге тартылды және «Өскемен құс фабрикасы» АҚ жаңадан құс сою цехінің құрылысын салуға 1272,0 млн. теңге жұмсаған.

Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1195 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1171 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 өндіруші кооператив, 1 акционерлік қоғам.

2009 жылы 106 мың гектар айналымындағы егістіктің ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 96894 гектарды құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 7400 гектарға немесе 8,3% артық.

44369 гектарға астық дақылдары, 27252,8 гектарға күнбағыс, 1002 гектарға картоп, 244 гектарға көкөніс, 2014 гектарға азықтық жүгері, 22010 гектарға бір жылдық және көп жылдық шөп егілді.

2008 жылы ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 20 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдары себілсе 2009 жылы 35 мың гетарға себілді немесе тапсырма бойынша 100% орындалды.

2009 жылы ауданда ірі қара мал - 43805 басты, қой және ешкі - 96964 басты, жылқы - 12913 басты, шошқа - 7771 басты және құс- 808645 басты құрады. Қой және ешкі, жылқы және шошқа малдарының саны 0,3, 8,8 және 16,6 пайызға өсуі байқалады.

2009 жылы 22109,7 тонна ет, 48922,4 тонна сүт, 17211,2 мың дана жұмыртқа. Еттің және сүттің өндірілуі 0,4 және 0,2 пайызға өскені байқалады.

2008 жылы ауданда 11 асыл тұқымды мал өсіретін қожалығы болған, ал 2009 жылы осындай мәртебеге тағы 5 шаруашылық ие болды, оның ішінде «Багратион» ШҚ негізінде марал шаруашылығы. Ауданда «Симментал», «қазақтың ақ басты» ірі қара малы, «Еділбай» және «Байыс» тұқымды қой, «Жәбе» тұқымды жылқы және шошқаның «Ірі ақ» тұқымы жиі таралған.

Бүгінгі күні ауданда ірі қара малды бордақылайтын 23 алаңшалар істеп тұр, оның ішінде бордақылаудағы мал саны 3993 бас. 3345 бас шошқа бордақылайтын 4 алаңша жұмыс істеуде. Осы құрылымдарда 613,3 тонна - ірі қара малдың еті; 205,9 - шошқаның еті. Барлығы 819,2 тонна ет өндірілді.

Ірі қара малдардың өнімділік сапасын көтеру мақсатында ауданда 12 малды қолдан ұрықтандыру пункті құрылып жұмыс істеуде.

Ауданда қазіргі уақытта 5 мал сою пункті жұмыс істейді, оның ішінде 2009 жылы маусым айында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ негізінде қуаттылығы сағатына 4000 басты соятын құс сою зауыты іске косылды.

2009 жылдың желтоқсан айында «Айтказина» ШҚ-ның негізінде мал сою цехі іске қосылды, ол үшін облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге несие бөлінді. 2010 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округтерде есептік нөмірлері алынып, 10 мал сою алаңы іске қосылды. 4 мал сою алаңы дайындық жұмыстарын жүргізуде..

2009 жылы «Жәрдем», «Дина», «Арзан» және «Шығыс Таңы» базарларына 413 тонна - ірі қара мал еті, 205,9 тонна - шошқа еті, 14,25 тонна - қой еті және 1,57 тонна - жылқы еті өткізілді.

Ауданның 23 елді мекендерінде 31 орталықтандырылған сүт жинау пунктері құрылды. Кәзіргі уақытта 3 кенттерден басқа барлық ауылдық округтерде сүт қабылданады.

2010 жылдың 1 қаңтарына салық басқармасының мәліметінің негізінде аудан бойынша 2085 шағын кәсіпкер субъектісі тіркелген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3% артық.

Тіркелген 2085 шағын кәсіпкерлік субъектісінің 97-і заңды тұлғалар, 817-і жеке кәсіпкер, 1171-і шаруа қожалықтары.

2009 жылы 30 жаңа кәсіпкерлік субъектісін ашу жоспарланып, бүгінгі күні 44 субъекті ашылды. Олар: 12 дүкен, 6 кафе, 10 шаштараз, 4 аяқкиім жөндеу пункіті, 1 шағын наубайхана, 3 шиномонтаждық пункт, 2 фото-ателье, тұрмыстық техника жөндеу пункіті, асфальт шығаратын заут, гранитті қайта өңдеу цехы, құрлыс материалдарын өндіру цехы, кондитерлік цех, ветеринарлық аптека, екі демалу базасы.

Осы аталған кәсіпкерлік субъектілерімен 83,4 млн. теңге инвестиция тартылып, 97 жұмыс орны ашылды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау мақсатында несиелеу жұмыстары кәсіпкерлікті қолдау қоры «Даму» және жергілікті несиелеу ұйымдары арқылы жүргізілуі жоспарланған. Олар: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Көмек» ШНҰ, «НС Айыртау несие» ЖШС.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін бүгінгі күнге мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүлікті жалға алуға немесе сенімді басқаруға беру жөніндегі және жер учаскелері берілуі жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

2009 жылдың 1 қарашасына кәсіпкерлерге 3 ғимарат комиссия шешімінен өтіп, ШҚО қаржы басқармасына жіберілді. Және барлығы 35 га жер учаскелері берілді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатындардың қатысуымен облыстық және аудандық деңгейде жәрмеңкелер, көрмелер өткізіледі. Ауданымызда ауылшаруашылық өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында әр сенбіде демалыс күн жәрмеңкесі ұйымдастырылып, барлығы 49 рет өткізілді.

Осы жәрмеңкелерде ет 450-500 теңгеден, сүт 50, сәбіз 35, қырыққабат 35, какртоп 30, бал 800, өсімдік майы 140 теңгеден және әр түрлі жармалар төменгі бағамен сатылды.

Нан өнімдерінің инфляциялық процестерін тежеп, наубайханаларды қолдау үшін 2009 жылдың қаңтарынан бастап облыстық тұрақтандыру қоры 40 тонна 1 сұрып ұн бөлініп, берілді.

Ауданда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өсуіне қол жеткізілді. Қазіргі уақытта 28 шағын-орталық жұмыс істейді, соның ішінде 3-уі 2009 жылы ашылды.

Ауданда 35 білім беру мекемелері жұмыс атқаруда, мұнда 4647 оқушы білім алады, соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 57.

Білім беру мекемелерінің аудандарын оңтайландыру жұмысы жүргізілді, Бетқұдық ауылындағы шағын жинақталған мектеп жабылды. Электрлік жылытуға 3 мектеп ауыстырылды. Осы шаралардан күтілетін үнемдеу 2,6 млн. теңгені құрайды.

Ұлттық Біріңғай тестілеуге 11-сыныптың 457 түлегінің 355-і қатысты. ҰБТ-ң қорытындысы бойынша орташа балл 71,3 құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5,6 балға жоғары (65,7). Ең жоғары балды Молодежный орта мектебінің оқушысы алды (Аубакирова Нуржамал) және екі оқушы үздік аттестат алды (Асубұлақ орта мектебі - Аубакирова Кымбат және Сигаева Галиябану).

1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесі толығымен шешілді. Ыстық тамақпен қамту мақсатымен 2009 жылы 17795,0 мың теңге бөлінді.

Төменгі Тайынтыдағы қала сыртындағы «Царская долина» лагерінің мәселесі шешіліп, стационарлық балалар лагері ғимараты сатып алынды, осы мақсатқа аудандық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлінді.

Аудан бойынша білім беру бюджетінің жалпы көлемінен бала-бақшалар бюджеті - 3,3% құрайды.

Аудан мектептеріне 29 жас маман келді, оның ішінде 15-іне 70 АЕК көлемінде көтерме ақы төленді.

Бір мұғалімге Привольный ауылында пәтер бөлінді.

712 педагог тегін медициналық қараудан өтті.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 49 806,0 мың теңге қарастырылып, ауданның 17 мектебінде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

124 жұмыс орындары ашылды, соның ішінде жұмыспен қамту органдарының жолдамасы бойынша 108 адам жұмыспен қамтылды. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 28000 теңгеден 35000 теңгеге дейін құрады.

2009 жылы «Аудандық медициналық бірлестігі» жұмыс істеуде, оның құрамына орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық ауруханасы және 11 дәрігерлік амбулаториялар кіреді.

2009 жылы жалпы сомасы 10000,0 мың теңгеге Ұлан ауылының дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтті және «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 25000,0 мың теңгеге 11 объектіде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ республикалық трансферттер қаражат есебінен 1400,0 мың теңге сомасына 65 жұмсақ және қатты мүлік топтамасы сатып алынды. Әр қайсысы 500,0 мың теңге 2 электрокардиограф, Асубулақ ауылдық ауруханасына құны 1000,0 мың теңге құрайтын хирургиялық үстел және орталық аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне 1500,0 мың теңге тұратын кювьез сатып алынды. Аудандық бюджеттің қаражаты есебінен Герасимовка ауылының дәрігеріне баспана сатып алынды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 дәрігер мамандандырудан өтті.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 175 адамды құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар үлесі 0,7 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 446 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланған, 1140 адам жұмыспен қамтылды. Яғни жылдық жоспар 250 пайызға орындалды.

505 жұмыс орнын ашу көзделген болса, нақты 607 жұмыс орны ашылды. Бағдарлама 120 пайызға орындалды.

2009 жылы жұмыспен қамту аумақтық бағдарламасы бойынша 79 жұмыссыздықта тіркелген жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді.

Жыл көлемінде «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасының аясында 11 адам жіберу жоспарланған, нақты 15 адам жұмыс істеді, немесе 136%.

2009 жылы «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 15 адам жұмыс істеді, бағдарлама 100 пайызға орындалды.

Өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 217 адам оқуға және қайта даярлауға жіберілді. «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 26 адам жұмысқа жіберілді, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 51 адам жұмысқа жіберілді.

2009 жылы жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа 630 адамды қатыстыру жоспарланған, нақты 644 адам жіберілді, яғни жылдық жоспар 102 пайызға орындалды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда 55 объектіде 527 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама бойынша барлығы 292,0 млн. теңге игерілді.

Білім беру жүйесінде 18 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, автомобиль жолдарын ағымды жөндеуден - 23 жоба (403 шаршы метр), әлеуметтік жобалар – 12 жоба, денсаулық сақтау саласында – 2 жоба.

2009 жылы аумағы 12994,05 шаршы метр құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылдан 2,6 есеге көп.

Жыл басынан 31 сәулеттік жоспарланған ғимараттар берілді, 17 жобаланған құжаттар келісілді.

2009 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мерзімде ұстауға 11000,0 мың. теңге, көшелерді қардан тазалауға 4475,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Жол картасы шеңберінде жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 403 шақырымына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, осы жұмыстарға 124 адам тартылды, оның ішінде жұмыссыздар санынан 96 адам.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жергілікті маңызды автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге 155572,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджетен – 110140,0 мың теңге және аудандық бюджетен – 45432,0 мың теңге, толығымен игерілді.

Барлығы 22 объект бойынша 14 ауылдық округтер мен кенттердің жолдары жөнделді. Жұмысшылардың орташа еңбек жалақысы 37489 теңгені құрады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы 1200,0 мың теңге бөлініп, аудан бойынша 58 жол белгілері және ақпараттық көрсеткіштер орнатылды.

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту және ұстау бойынша құрылған Ұлан ауданы әкімдігінің «Ұлан жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының жарғы капиталын өсіру үшін 4500,0 мың теңге қаражат бөлініп, К-700 тракторы мен роторлы шөп шабатын құрал сатып алынды.

Аудандық клуб мекемелерінің жүйесіне 3 мәдениет үйі, 18 селолық клубтар және 9 кітапхана кіреді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында Айыртау ауылындағы ауылдық клуб ғимаратының шатырына жөндеуге 2750,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Сонымен қатар Таврия ауылдық клубының витражы мен жылу қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 1300,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2009 жылы 1747 мәдени шаралар өткізіліп, 87350 көрерменді қамтыды.

Аудан бойынша 2009 жылы спортпен айналысуға тұрғындар үшін 40 спорт зал, 36 баскетбол, волейбол алаңдары, 7 хоккей қорабы, 25 футбол алаңы қызмет көрсетті.

2009 жылы Молодежный кентінде «Модуль» спорт кешені, 90х60 м аумағымен футбол алаңы пайдалануға берелді.

Ауданда 57 дене шынықтыру және спорт ұжымдары жұмыс істейді.

Оның ішінде 7053 адам спортпен шұғылданады, яғни барлық аудан тұрғындарының 17% құрайды. Бүгінгі күнде 10 спорт клубтарында 300 бала спортпен айналысады.

Ауданда бір балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «дзю-до», «қазақша күрес», еркін күрес, бокс, тоғыз-құмалақ, қол күрестен филиалдар Бозанбай, Айыртау, Ұлан, Саратовка, Сағыр ауылдарында, Молодежный, Асубулак кентерінде жұмыс істейді.

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХІІІ облыстық халықтық спорт ойындарында аудан құрама командасы екінші орынды иеленді. Мемлекеттік қызметкерлердің арасында облыстық жарыста 2009 жылы ауданның құрама командасы жалпы есепте бірінші орынға иеленді.

2009 жылы ауданда VІ кезеңдегі халықаралық 110 шақырымға велоспортшылар жарысы өтті.



Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы Е. Турганов




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет