РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ Республикалық балалар оқулары байқауының ережесі байқаудың мақсатын, міндеттерін, оқу-танымдық базасын, ұйымдастыру кезеңдері мен шарттарын қарастырады.
Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Міндеттері: - республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
- балалардың жылдам оқу, логикалық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және сананың ашықтығын қалыптастыру;
- туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштікке баулу.
Қатысушылар:3-10 сынып оқушылары.
Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі.
Байқаудың оқу-танымдық базасы: Байқауға дайындалу үшін оқушылар «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі бойынша дайындалады
(№3 қосымша). 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегілері); 5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»); 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»); 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты»тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо). Байқауды іске асыру тетіктері: 2022 жылғы маусым-тамыз айлары аралығында республикалық ұйымдастырушылар байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді және оқушыларға байқауға дайындалу үшін кітаптардың тізімі мен сілтемелерін жолдайды.