Республикалық басылым білім жолы



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
№-02-40-2023

үш жүзге
бөлу түрінде дүниеге
келді. Бұған себеп қазақ,даласының, сахарасының кеңдігі, көшпенді халық, шаруашылық ыңғайымен
бір-бірінен алшақ, шашырай қоныстануы еді. Қазақ үш жүзге бөлінгенімен бір-бірімен қарым-
қатынастан, ынтымақтан айрылған жоқ. Сол заман халықты біртұтас үш жүзге бөліп, ұлылығын
ұлықтап, елдігін еңселетіп ұстаған заман болды. Сол кезеңдерде халқымыз ұрпақ тәрбиесіне көп
көңіл бөлген. Батырлар жайлы эпостар жас ұрпақ санасында патриотизм қалыптастырып, үлкенге
құрмет, кішіге ізет, әділетсіздікке қарсы күресуді, әлсізге қамқор болуды және де ең бастысы елін,
жерін, халқын, ұлтын сүюге тәрбиеледі.
Және де бұл империялардың қандай күшті болғанын бүткіл әлем біледі. Және де пантюркизм,
деп совет халқын билеген тоталитарлық билік неден сақтанды, нендей жағдайлардан сақтанды?
Қазірдің өзінде көшпенділер әлемінің, әлемге әкелген өркениет заттарын жоққа шығарушылар
жетерлік. Осы қысқаша баяндалған өткен өткен күндер тізбегі, ұлтымыздың тарихы терең,
елдігіміздің іргетасы ежелден қаланғанын көрсетеді. 
Бабаларымыздың бастан кешкен тарих жолдарын санамызға, жүрегімізге бекітіп, ұрпақ
санасына сіңірсек «Қазақтың осы кезеңге дейін мемлекеттігі болған жоқ» деген шовинистік арам
пиғылды әлдекімдердің сандырағына тосқауыл болар еді. 
* * * * * 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУ
ТУРГАНБАЕВА ЖАЙНАГУЛ БАРЛЫКОВНА
Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылы
"Зере" бөбекжай-балабақшасы. Психолог
Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын, психикалық процестерін, іс-
әрекеттерін, барша тұлғалық сапа-қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын
зерттейді.
Психикалық процестер – психикалық іс-әрекет көріністерінің жиынтығы. Әрбір психикалық
процес жалпы бейнелеу нысаны мен бір текті бейнелеу – реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай процестер
танымдық, еріктік және көңіл-күйлік болып ажыралады.
Танымдық процестер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін қамтамасыз етеді және оның
ақпараттық қорын қалыптастырады. Бейнелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді. 1. Сезімдік
(сенсорлы) процестер болмыстық жеке қасиеттерін (физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл
процестердің психикалық нәтижесі түйсік деп аталады. Сенсорлы процестер түр ерекшеліктерімен
бір қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар сезімталдықтың жоғары және төмен,
айырма (дифференциалды) табалдырықтарымен шектелген, адаптация (бейімделу), сенсибилизация
(сезімталдық), шұғыл йырма (контраст) және синестезия (қосарлы түйсік) заңдарына бағынады.
2.
Қабылдау (перцептивті) процесі заттар мен құбылыстардың мәнді айырмашылық
белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл процестердің
нәтижесін психологияда қабылдау деп атау қалыптасқан. 
10


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Перцептивті процестер өздерінің түр ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну) бір қатар
ортақ, жалпы заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы бағыты;
біртұтастығы; құрылымдығы;
апперцепциялылығы, яғни өткен тәжірибеге байланыстылығы;
константтығы, яғни заттық шынайы сана бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі.
3. Ақыл-ес (интеллектуал) процестері- бұл заттар мен құбылыстардың мәнді өзара
байланыстары және ерекшеліктерін бейнелеу әрекеттері;
интеллектуал процестер (ойлау) болмысты салыстыру, бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру,
сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен бейнелеу
қызметін атқарады; проблемді мәселелерді шешу барысындағы танымдық іс-әрекеттер мен ойлау
әрекеттері және амалдар келесідей кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау,
дерексіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды нәтижелерге жету
ерекшеліктеріне тәуелді ойлау формалары: пікір,
ұғым, түсінік-болып ажырылады. 
Сонымен бірге ойлау: практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми, көрнекі-
әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді;
ашық сана мен астар сананың өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік,
аян) ойлау қабілеті қалыптасады. Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы –
интеллект деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді мәселелерді
шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін қамтамасыз етеді.
4. Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде,
сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің
туындауы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы
дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.
5. Ес (мнемикалық) процестері - өткенде қабылданған материалды санаға түсіру, оның
сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей
жіктелуін аңғару қажет: ес түрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері (сезімдік,
қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес типтері (естің
бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен
жетекшілік рөліне байланысты жекеленген – типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес
– ажыралады.
Реттеуші психикалық процестер қатарына еріктік және көңіл-күй процестері еніп, саналы
әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет (спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-
әрекеттерін қамтамасыз етеді.
6. Ерік – жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің өзінен өзі іске
қосылуына себепші психикалық процес. Ол белсенділік қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен
көрініс беріп, орындалып жатады.
Қарапайым әрекет – бұл мақсат – әрекет – нәтиже бағасы араларындағы байланыстан белгілі
болады, ал күрделі ерік әрекетінің құрылымы өзгеше:
қажеттік – ықтимал мақсат – сеп-түрткілер күресі – шешім қабылдау – орындау әрекеттері
жүйесі – оларды бағалау және түзету – қорытынды әрекеттер – ақырғы нәтижелердің жинақты
бағасы.
Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан көрінеді. Көңіл шарпулары
(эмоции) –сыртқы ықпалдардың қажеттілік мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын
сезу арқылы бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу беруші
психикалық процестер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет