ФИЗИКАДАН ОЛИМПИАДА 2020 9 сынып, теориялық сайыс Горизонталь тас жолда жеңіл машина жүк машинасының соңынан жүріп келеді. Жүк машинасының артқы қос дөңгелегінің арасына тас тұрып қалды. Сол тас ұшқан кезде жеңіл машинаға тиіп кетпеу үшін ол жүк машинасынан қандай қашықтықта жүріп отыруы тиіс? Машиналар 50 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. (5 ұпай)
Массасы г, температурасы суы бар ыдысқа массасы г, температурасы мұз батырылады. Тепе-теңдік күй орнағаннан кейін ыдыстың ішіндегісінің температурасы қандай болады? Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/кг·К, мұздың меншікті жылусыйымдылығы 2100 Дж/кг·К, мұздың меншікті балқу жылуы λ=3,4·105 Дж/кг. (5 ұпай)
Секундтық маятнигі бар дәл жүретін астрономиялық сағат ғимараттың жертөлесінде (подвал) орналасқан. Бұл сағат тәулігіне қаншалықты қалып отырады? Жертөлеге қатысты бірінші қабаттың биіктігі м. Жер радиусы км. (5 ұпай)
Жылтыр горизонталь столда қатты шайба жатыр. Оған массасы тура сондай, жұмсақ, жетерліктей серпімді басқа шайба келіп орталық соқтығысады. Соқтығысқаннан кейін жұмсақ шайба жылдамдығы 5 есе кемиді. Осы кезде деформацияның максимальды энергиясының қандай бөлігі жылуға ауысады? Жылу жұмсақ шайбада деформация кезінде бөлінеді деп есептеңіз. (5 ұпай)