Республикалық этномәдени бірлестіктердің этносаяси брендингі



бет1/3
Дата14.11.2023
өлшемі1,77 Mb.
#191406
  1   2   3
Байланысты:
Этномәдение бірлестіктер брендинг

республикалық этномәдени бірлестіктердің этносаяси брендингі

Қазақстанның этномәдени бірлестіктері - Қазақстан аумағында тұратын этникалық қауымдастықтардың ана тілін, мәдениетін, дәстүрлерін дамыту үшін азаматтар біріккен қоғамдық ұйымдар болып табылады.

  • Қазақстанның этномәдени бірлестіктері - Қазақстан аумағында тұратын этникалық қауымдастықтардың ана тілін, мәдениетін, дәстүрлерін дамыту үшін азаматтар біріккен қоғамдық ұйымдар болып табылады.
  • "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңға сәйкес Ассамблея қызметінің бағыттарының бірі Қазақстан этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдемдеседі.

Алғашқы өзбек мәдени орталығы 1989 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында құрылған. «Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері "Дустлик" ЗТБ 1995 жылы құрылды. 2011 жылы «Дустлик» қауымдастығы қайта тіркеуден өтті. Оның құрылтайшылары - Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы өзбек этномәдени орталықтары.
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы

Өзбек тіліндегі мектептер саны - 136, оның ішінде 17 - толық, 119 - аралас мектептер бар. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіптік лицейлері мен колледждерінде өзбек тілінде оқытатын топтар жұмыс істейді. Түркістан педагогикалық колледжінде бастауыш сынып мұғалімдері өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін дайындықтан өтеді.

  • Өзбек тіліндегі мектептер саны - 136, оның ішінде 17 - толық, 119 - аралас мектептер бар. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіптік лицейлері мен колледждерінде өзбек тілінде оқытатын топтар жұмыс істейді. Түркістан педагогикалық колледжінде бастауыш сынып мұғалімдері өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін дайындықтан өтеді.

Өзбек тілінде 10-нан астам газет-журналдар шығарылады, 10-нан астам әдеби-шығармашылық бірлестіктер сәтті жұмыс істейді. Екі өзбек театры бар, Сайрам қаласында (Түркістан облысы) облыстық өзбек драма театры және Түркістандағы Қарашық ауылында өзбек халық театры жұмыс істейді. Әр өзбек орталығында жексенбілік мектептер бар, вокалды-хореографиялық ансамбльдер құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет