Республикалық ғылыми-әдістемелік басылым
Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде
№ 12.2013
Мейрам Әбілов,
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Бірінші қалалақ жалпы білім берет лицейдің
қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарауды қажет екенін паш етіп отыр. Қарқынмен өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де маңызды мәселе: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»
(Мұғалімдерге нұсқаулық кітабынан 4-бет)
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру институты осы мәселерді шешу мақсатында ағылшындардың «Кембриждік оқыту тәсілін» мұғалімдерге үйретіп жатыр.2012 жылы «Кембриждік оқыту тәсілі» бағдарламасы бойынша үш айлық курстың ІІ деңгейін Алматы қаласында оқып келдім . Бұл оқытудың мақсаты - жеті модульді қолдана отырып, мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру. Мұғалім оқушыларға білімді игертуде тек бағыттаушы, іс –әрекетті үйлестіруші қызметін атқарады. Демек, оқушының өзіндік жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқушының өзіне деген сенімділігін нығайта түседі. «Кембриждік оқыту»тәсілі жеті модульден тұрады.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімін жай ғана иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылуы қажет.Оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойындағы метасананы –қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары керек.
«Кембриждік оқыту тәсілін» қолдану барысында келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады:
1.Оқушылар өз ойларын еркін айтады.
2.Ынтымақтастық іске асады.
3.Топпен, жұппен жұмыс атқарылады.
4.Сөйлемейтін оқушы болмайды.
5.Шығармашылықтары дамиды.
6.Пәнге деген қызығушылықтары артады.
7.Қызығушылықтарының негізінде ынтасы артады.
8.Ынтаның артуы білім сапасының жақсаруына алып келеді.
Бүгінгі заман талабына сай мектептерде ақын-жазушылардың шығармашылығын оқытуда инновациялық технологияларды кеңінен қолданылуда. «Кембриждік оқыту тәсілінің» модульдерін қолдана отырып, 7-сыныпта өткізілген сабағымның үлгісін көпшілікке ұсынып отырмын.
Тақырыбы: Бейімбет Майлин –әңгіменің хас шебері
Мақсаты:
Білімділік: қазақ әдебиетінің хас тұлғасы Бейімбет Майлиннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту және өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: адамгершілікке,сыйластыққа,еңбекке тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер:
Сұрақ-жауап,талдау,салыстыру,дәлелдеу,диалог.
Жұмыс түрі:
Топтық, жұптық жұмыс, мәтінмен, кітаппен жұмыс
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастрыру кезеңі:(1 минут)
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Көңіл-күйлерін сабаққа бағыттау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: (интерактивті тақтаға жазылған сұрақтарға
жауап беру) (8 минут)
Мағжан Бекнұлы Жұмабаев кім?
Қай жылы қай жерде туған?
Мағжан қай жерлерде оқыған?
Ақынның алғашқы кітабы қалай аталады?
Мағжанның қандай өлеңдер жинағын білесіңдер?
Ақынның туған жерге, патриотизм тақырыбына жазған өлеңдерін атаңдар.
Қандай поэмаларын білесіңдер?
Кімдердің шығармаларын аударды?
«Сүйемін» өлеңі не туралы?
Біздің қалада Мағжан атында нелер бар?
Биыл, 2013 жылы Мағжан ақынның неше жылдығын тойлаймыз?
Диалог дегеніміз не?
ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы
Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі туралы сұрақ қойып, интерактивті тақтаға жаздырту.(1 минут)
Бейімбет Майлин
Үш
бәйтерек
Сәкен Сейфуллин Ілияс Жансүгіров
Оқушыларды 4 топқа бөлемін. Әр топта 5-6 оқушыдан болады. Дәптерге ай, күнді,тақырыпты жаздыртамын.
ІҮ. Жаңа сабақ: Мұғалім сөзі: (3 минут)
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:
Бейімбет Майлин - әңгіменің хас шебері.
Сабағымызды бастамастан бұрын сөздікке көңіл аударайық.
Сөздікпен жұмыс: (сөздік дәптерге жаздырту)
хас шебер - истенный мастер, кедей малшы - бедный скотник,
қаршадайынан - с малых лет, бейнелеу - изображать, ,
шағын - небольшой, елуге тарта - около 50
қара сөз - проза шынайы - истенный,
шынайы - истенный, , қисса - эпическая поэма
көркем шығарма - художественное произведения
Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы өздеріңіз топта жұмыс істеу барысында танысасыздар. Сіздерге бүгінгі тақырып туралы ақпарат-мәтінді таратамын. Сол мәтінді оқып, түсінгендеріңізді постерге түсіріп,тақта алдында қорғайсыздар.Топпен жұмыс (15 минут).
I топқа берілетін мәтін: Б.Майлиннің өмірі.
II топқа берілетін мәтін: Б Майлиннің туыстары.
III топқа берілетін мәтін: Б. Майлиннің білім алған оқу орындары.
IV топқа берілетін мәтін:Б.Майлиннің шығармалары.
Жаңа сабақты постермен қорғап шығады. Бір-біріне сұрақтар қояды.
Ү. Сергіту сәті (1 минут) «Қара жорға» биі
Мұғалім сөзі: балалар әдебиет сабағында сіздер «өнер», «кейіпкер», «гипербола» т.б. қазақ әдебиеті саласына жататын сөздермен таныстық. Енді бүгін сіздермен «әңгіме» деген ұғыммен танысамыз. (2 минут)
Әдебиет теориясы (слайд) (дәптерге жаздырту)
Әңгіме дегеніміз -қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма
Cұрақтар:
1. Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған кім?
(Ы. Алтынсарин) 2. Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?
ҮІ. Кітаппен жұмыс :(3 минут)
«Артық болмас білгенің» (137-бет) 4 топқа үзінділерді бөліп беру.
Оқыту
Тапсырма (жалқы зат есімдерді табу).
ҮІІ. Қорытынды. (интерактивті тақтаға жазылған сұрақтарға жауап беру)
(7 минут)
Бейімбет Майлин кім?
Қай жылы, қай жерде, қандай отбасында дүниеге келді?
Бейімбеттің оқуына кімнің әсері болды?
Бейімбеттің әңгімелерін атаңдар?
Мағжан мен Бейімбет қайда кездескен?
Мағжан мен Бейімбеттің шығармашылығының айырмашылығы неде?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
«Айт күндері» әңгімесін оқып, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
(143-бет)
ІХ. Рефлексия парағы:
-Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?
-Алдыңғы сабақтардан өзгешелігі бар ма?
- Бейімбет Майлин туралы толық ақпарат алдыңдар ма?
- Топпен жұмыс жасау қиындық тудырған жоқ па?
ІХ. Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |