38
таныс болады. Бұндай ойындар оқушының пәнге қызығушылығын арттырады, шапшаң орындауға
тырысады, кейбір қателескен тұстарын ссылка арқылы қайтадан орындап көруге болады, қайталап
орындау арқылы есте сақталып қалады.
Wordwall сервисімен жұмыс жасау да тиімді, әрі оқушы үшін қызықты. Бұл сервис арқылы
түрлі шаблондағы ойындарды сабақты қорытындылау кезінде қолдануға болады. Сабақтарымда
«Қызықты викторина», «Лабири нт», «Кездейсоқ дөңгелек», «Сәйкестендір». «Шындық немесе
жалған», «Сыңарын тап» тағы басқа ойындарды оқушыларға жүргізіп отырамын. Оқушылар бұл
ойындар арқылы берілген тапсырмаларды сабақтан кейін де үйлерінде қайталап орындай алады.
Оқушы тапсырманы орныдау барысында қате кеткен тұстарын түзетіп, сабақта өтілген
материалдарды есте сақтай алады, сабаққа деген құлшынысы артады. Мысалы : 5-сыныпта қазақ
тілінен «Қиял мен шындық бірлігі», 6-сыныпта «Су-тіршілік көзі» тақырыптарын өткен кезде
«лабиринт», 7-сыныпта әдебиеттен «Батыр Баян» поэмасы тақырыбында «Кездейсок дөңгелек немес
Барабан» ойынын ұйымдастырдым.
«Каhoot!» ойынын да тақырыпты қорытындылау немесе бөлімді қорытындылау кезінде
қолдануға болады. 5-сыныпта «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша өткіздім. Бұл ойындарды оқушы
ұялы телефондары арқылы орындайды . Әрбір оқушының тапсырманы орындау деңгейі экранда
оқушыларға таныс болады. Бұндай ойындар оқушының пәнге қызығушылығын арттырады, шапшаң
орындауға тырысады, кейбір қателескен тұстарын ссылка арқылы қайтадан орындап көруге болады,
қайталап орындау арқылы есте сақталып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: