Республикасы


Қазақстандағы энергетикалық сектордың көрсеткіштері



бет59/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   125
Байланысты:
тқн

Қазақстандағы энергетикалық сектордың көрсеткіштері


Берілген бағалар бойынша Қазақстан экономикасының энергетикалық секторы дамуының ағымдағы көрсеткіштерінің қазіргі кезде келесідей мәндері бар.
Алғашқы энергия өндірісі: мұнай – 48%; көмір – 39%; табиғи газ –12%; гидроэнергия – 1%.;
Алғашқы энергияны тұтыну: көмір – 52,3%; мұнай – 24,1%; газ – 1,7%; гидроэнергия – 1,7%; жаңғыртылатын энергия көздері – 0,2% [1, 2].
Қазақстандағы электр энергиясының өндірісі көбінесе жылу электр стансаларында (ЖЭС) жүзеге асырылып, конденсациялық және когенерациялық технология негізінде қамтамасыз етіледі.
Электр стансасының жалпы орнатылған қуаты шамамен 18.5 мың МВт құрайды. Өндірлетін қуаттылық құрылымында жылу электр стансалары 15.42 МВт құрайды немесе жалпы қуаттылықтың 87%, гидростансалардың үлесі – шамамен 12%, басқалары – шамамен 1% [6,15].
Елдің бірегей электр энергетикалық жүйесін дамытудың бағдарламасына сәйкес 2015 жылға дейін 3265 МВт ескі генерацияланатын қуаттылық ауыстыру қажет, қосымша 2300-2550 МВт көлемдегі жаңа қуаттылықты ендіруді жүзеге асыру қажет, бұл, жалпы алғанда генерацияланатын қуаттылықтың 30%-дан астамын құрайды. Сондай-ақ айтарлықтай инвестициялар электр желілік шаруашылыққа, әсіресе аумақтық тарату желілеріне тартылылады [15,18,31].
Электр энергиясы мен қуаттылығындағы қажеттілікті (дефицитті) жабу үшін Оңтүстік аймақта Солтүстік-оңтүстік электрберілістің 500 кВ екінші желісі салынуда.
Алайда 2015 жылға қарай электр энергиясын тұтынудың артуына байланысты оңтүстік аймақта электр энергиясына тағы да қажеттілік пайда болады. Қажеттілікті жабу үшін оңтүстік аймақта жаңа гидроэлектр стансаларын салу жобаланып отыр: қуаттылығы 250 МВт Мойнақ ГЭС және қуаттылығы 50 МВт Кербулақ ГЭС, қуаттылығы 50-165 МВт болатын шағын ГЭС пен ЖЭС салу болжамдалуда .
Өзекті мәселелердің бірі ауыл тұтынушыларын энергиямен жабдықтау болып табылады. Қазақстанның аумағының үлкендігі мен ауылды жерлердегі халықтың аз шоғырлануы электрмен берілістің ауылдық желілерінің айтарлықтай созылыңқы болуын көрсетеді, ол шамамен 360 мың км-ді құрайды және жүктелу тығыздығы төмен.
Электр энергетикасы нысандарымен қоршалған ортаның ластану мәселесі өте өзекті болып табылады. Қазақстандағы көмірлі электр стансаларындағы түтінді газдардағы зиянды заттардың шоғырлануы халықаралық стандарттан әлденеше есе асып түседі. Электр стансаларының атмосфераға зиянды заттарды шығаруы жылына 1 млн. тоннадан асады, ал қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттардың жалпы көлемі 11 млн. тоннадан асады.
Жылу электр стансалары Қазақстандағы зиянды заттарды шығарудың негізгі көздері болып табылады. Осы сектордың үлесі ел бойынша жалпы шығарылымның шамамен 43%-ын құрайды.
Қазақстан аумағындағы ЖЭК дамуының келешегі бар бағыттары: күн энергетикасы, жел энергетикасы, гидроэнергетика, геотермалды энергетика және биоэнергетика болып табылады.
Қазақстандағы ЖЭК әлеуеті 0,05% ғана жүзеге асырылған. Энергия тұтынудың әлемдік құрылымында энергияның жаңғыртылатын көздері шамамен 7% құрайды.
Қазақстанның энергобалансындағы ЖЭК үлесі 0,5% жетпейді. Және оған шағын ГЭС шығаратын электр энергиясы да кіретін сияқты.
Егер де «күн-жел-биогаз» классикалық үштігін қарастырсақ, онда оның үлесі Республикадағы энергия тұтынудың 0,02-0,03% деңгейінде ғана болмақ.
Алайда Қазақстандағы ЖЭК әлеуеті үлкен, жылына шамамен 1 трлн. кВтсағ (елдегі электр энергиясын тұтынудан шамамен 10 есе көп). Бірақ нақты «жасыл» энергия жылына шамамен 0,4-0,5 млрд.кВтсағ. өндіріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарларына сәйкес энергияның балама көздерінің деңгейін 2024 жылға қарай Қазақстан энергия тұтынудың жалпы көлемінен 5 % ұлғайтуды ұсынады, бұл келешекте энергетикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешудің жағымды болашағын құамтамасыз етеді.
ЖЭК саласының дамуы зиянды заттарды атмосфераға шығаруды азайту арқылы қоршаған ортаның сапалық деңгейін арттыруға, сондай-ақ аумақты көлемді электрификациялау есебінен тұрғындардың өмір деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктер құру арқылы ЖЭК қоршаған ортаға әсерінің экологиялық салдарын шешуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет