1- төменгі тақта; 2 – жоғарғы тақта; 3 – бағыттағыш төлке; 4 – бағыттағыш бағанашық; А,В – жиынтық өлшемдері; К – дестеге жабық биіктік; Н – жиынтықтын жабық биіктігі
13.1 сурет – Қалып жиынтығы, бағанашықтардың артжағында орналасуымен
Олардың өзіндік құны өте жоғары. Қалыптардың өзіндік құнының төмендеуіне өндірісте қалыптардың қалыптаңдырылған (нормализованных) жиыңтықтарының , 13.1 сурет, дестелердің, ұстағыштармен басқада тетіктері мен түзілімдерінің болуы ықпал етеді.Қалып жиынтығы – бағыттаушы құрылғылар арқылы қосылған төменгі және жоғарғы тақталардан тұратын түзілім.
Жиынтық тетіктерін жасау технологиясы бірізділік операциялар қатарынан тұрады. Құйылған бастапқы дайындамадан жасалған тақталарды алдымен белгілейді, содан кейін жоғарғы (а), төменгі (в), және шығынқылықты (таңба салуға арналған) сүргілейді (жоңғылайды). Белгілеу үстелінде қолмен немесе сәйкесінше кеңейжону білдегінде - тасымалдау қадалығына (г), бағанашыққа, төлкеге (д) тесіктер белгілейді. Көрсетілген тесіктерді әдіппен бұрғылайды. Жазықтықтарды (а, в) ажарлау. Соңғы өлшемге дейін тесіктерді кеңейжону (координатты-кеңейжону немесе бойлық-кеңейжону білдегінде, жиынтық немесе әрбір тақтада). Тасымалдау қадалығының тесігіне бұранда салу, тазалау, өткір қырларын домалақтау, таңбалау.
Қаңылтыр илемнен алынған тақталарды өңдеу ара немесе жоңғылап-кесетін білдекте дайындаманы кесу операциясымен, және де дайындаманың алты қырын сүргілеумен ерекшеленеді.
Жоғарғы тақтадағы сағаға арналған тесікті қалыпты жасау кезінде өңдейді, өйткені оның орналасуы қалып қысымының центріне, ал пішіні мен өлшемі – саға түріне байланысты.
13.2 сурет – Қалыптың төменгі тақтасы
Бағыттаушы бағанашықтар мен төлкелерді шыбықтан токарлы білдекте, ажарлауға арналған әдіппен жасайды, содан кейін көміртектендіреді, шынықтырады, ажарлайды.
Қалыптардың жауапты тетіктерінің бірі болып болып табылады. Бөлу қалыптарының сотандары мен ұяқалыптары, олардын ұстағыштары және төсеу тақталары қалыптандырылған (нормализованы). Оларды жасау технологиясы өндіріс сипатына және қолданылатын жабдыққа байланысты өзгереді. Барлық жағдайларда технологияны тетіктін беттерін «бір орнатумен» өңдеу принципі бойынша тұрғызу дәлдікті арттыруға және анағұрлым тиімді болып табылады.
13.3, а, суретте кемершігі бар сатылы сотан көрсетілген. Оны жасау кезінде алдымен токарлы өңдеуді мынадай бірізділікпен орындайды, 13.4 сурет: I – шыбықтын шетжағын қию; II — шыбықты L + 15 мм ұзындыққа D1 диаметрге дейін жону; III – жұмыстық ұшжағын центрлеу (егер жұмыстық бетте центр мүмкін болмаса дайындаманы технологиялық центрмен бунайды, ажарлағаннан кейін оны кесіп тастайды); IV — L+13 мм ұзындыққа D1 диаметрмен жону; V — белдемеге дейін D диаметр; VI — қондыру бөлігіне дейін D; VII — D2 диаметрдің сырғанау бөлігіне дейін D3 диаметр бойынша ажарлау әдібімен жону; VIII — өтуді 10 мм радиус бойынша ажарлау әдібімен жону; IX — ажарлау шарықтасы шығу үшін кемершікте бунақ жону; X — дайындаманы шыбықтан кесіп алу; XI — дайындаманың келесі ұшжағын қию; XII — сыртқы бөлігін центрлеу (егер сотанның сыртқы бетінде центр мүмкін болмаса дайындаманы технологиялық центрмен қияды, оны нәтижесінде қиыптастайды).
а – кемершігі бар сатылы сотан; б – шұңқыры бар сатылы сотан;
в – белдемесі бар ұяқалып
13.3 сурет – Қалыптаңдырылған жұмыстық тетіктер
Токарлық өңдеу аяқталғаннан кейін дайындаманы термиялық өңдейді: шынықтыру, босаңдату. Бұдан кейін центрлік ұяларды тазалау және ажарлауға кірісу: қондыру бөлігін l = 5 мм ұзындыққа D1h6 диаметрмен 13.3, а сурет; сырғанау бөлігін —D2h6 диаметрмен; жұмыстық бөлігін — сызбада немесе қалыптың техникалық талаптарында келтірілген шақтамамен l1 ұзындыққа D з диаметрмен; өтулерді 10 мм радиуспен ажарлау; технологиялық центрлерді кесіп тастау (егер бар болса) және кемершіктін бүйіржағын алдын ала ажарлау. Соңғы ажарлау – сотан ұстағышпен бірге. Дайын сотанда электрографпен белгілерді таңбалау.
Сатылы емес диаметрі 8...10 мм сотандарды ажарланған шыбықтардан жасайды – күмісшыбық. Қажетті ұзындыққа басын тойтармалау мен жұмыстық бүйіржағын ажарлауға әдіпті ескере отырып дайындаманы кесу.
Шұңқыры бар сотанды жасаған кезде 13.3, б сурет, кемершігі бар сатылы сотанды өңдеу кезіндегі оерациялардың принціпті бірізділігі сақталады. Шұңқырды үлгі бойынша жоңғылау және оны ажарлау қосымша орындалады. Қондыру бөлігінің бүйіржағы әдіпсіз соңғы ажарланады.
13.3, в, суретте келтірілген кемершігі бар ұяқалыпты мынадай бірізділікпен жасау қажет: 1) шыбықтын бүйіржағын кесу; 2) D1 диаметрге даейін ұзындық бойымен жону; 3) кемершікке дейін D диаметр бойынша ажарлауға әдіппен жону; 4) ажарлағыш шарықтас шығу үшін бунақ жону; 5) қиықжиек жону С х 45°; 6) өтуге тесік бұрғылау D2 диаметр бойынша ұнғылауға (10 мм артық емес диаметрлер үшін) немесе кеулейжонуға (10 мм артық диаметр үшін) әдіппен; 7) жұмыстық тесікті ұнғылау (диаметрі 10 мм дейін болған кезінде) немесе кеулейжону (диаметр 10 мм үлкен болған кезінде) ажарлауға әдіппен; 8) дайындаманы шыбықтан кесіп алу; 9) тесіктін шығу бөлігін D2+1мм диаметрге дейін кеулейжону; 10) ажарлауға әдіппен сыртқы бөлігінің бұйіржағын қию; 11) термиялық өңдеу: шынықтыру, босандату; 12) сызбада немесе қалыптың технологиялық талаптарында көрсетілген шақтамамен D2 диаметрге дейін жұмыстық тесіктерді ажарлау; 13) ұяқалыптың бүйіржағын алдын ала ажарлау. Ұстағышпен бірге соңғы ажарлау; 14) ұяқалыптың жұмыстық бөлігіндегі конусты 0030' ұнғылау (арнайы ұңғылағышпен); арнайы құралбілікте қондыру бөлігін Dh6 ажарлау; 16) электрографпен белгілеулерді таңбалау.
1 - шыбық; 2 – қысқы; 3 – өтпелі кескіш; 4 – қиғыш кескіш; 5 – бунақты кескіш;
6 – айналатын центр; 7 – центрлейтін бұрғы; 8 – тілімдейтін кескіш
13. 4 сурет – Сотанды токарлық өңдеу
Сотан бүйіржағын соңғы ажарлауды құрастырылған кезде жүргізеді: сотанды немесе сотан топтарын сотанұстағышқа баспалағаннан кейін соңғынын жоғарғы жазықтығын сотанның сыртқы бүйіржағымен ажарлайды. Бұл үшін сотанұстағышты төсемдерге орнатады, олардың қалындығы сотанның шығыптұратын бөлігінен біршама үлкен, содан кейін сотанұстағышты ажарланған жазықтыққа қойып сотанның жұмыстық бүйіржағын ажарлайды. Ұяқалыптың бүйіржағын осыған ұқсас ажарлайды.
Тәуелсіз өңдеу тәсілдерін бірдей қалыптар тобын жасаған кезде қолдану ұсынылады. Пішінді тәуелсіз өңделген кезде өндірістік цикл қысқарады, өткені сотан мен ұяқалыпты өңдеуді бірге орындауға болады.
өзара қилыстыру тәсілімен өңдеу кезінде алдымен бір жұмыстық тетікті толығымен жасайды, ал екіншісін сол бойынша қилыстырады.
Бақылау сұрақтары:
Қалыптандырылған жйынтық қалыптардың артықшылығы неде?
2. Өңдеу кезінде қалып тақталарына қойылатын талаптар?
3. Жоғарғы тақтадағы саға тесігі алдын ала өңделмейді?
4. Диаметрі 8...10 мм сатылы емес сотанды жасаудың айырмашылығы неде?
5. Жұмыстық тетіктерді өзара қилыстыру тәсілдері қандай жағдайларда қолданылады?
Ұсынылған әдебиеттер: Нег.3 [96-138].
Достарыңызбен бөлісу: |