Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі



бет2/6
Дата13.01.2022
өлшемі49,17 Kb.
#111655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8D01701 kaz yaz i liter rus (1)

Білімін бағалау тәртібі

Үміткерлердің білімі балдық-реитингілік жүйе бойынша жүргізіледі. Қорытынды баға комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталады. Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

Комиссия отырысының жұмысы туралы хаттамалар толтырылады. Хаттамада баға мен комиссия мүшелерінің пікірлері т.б. көрсетіледі.

Емтихан қорытындысы емтихан қабылданған күні ілінеді.

Үміткер бағамен келіспеген жағдайда белгіленген тәртіп бойынша



апелляцияға берулеріне болады.

  1. Білімін бағалау критерилері




Әріптік жүйе бойынша бағалар

Баллдардың сандық эквиваленті

Баллдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24




  1. Қабылдау емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі

Бағдарлама кәсіби пәндердің міндетті компоненті болып табылатын «Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінің типтік бағдарламасы және «Тіл білімінің/әдебиеттанудың жаңа бағыттары», «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» тәрізді элективті пәндердің бағдарламалары негізінде жасалды.

Сұрақтар бағдарламаның негізгі мазмұнына сай оқуға түсушілердің арнайы ғылыми дайындығын айқындауға көмектеседі. Бұл бағдарламаның және сұрақтардың негізінде тіл мен әдебиеттану теориясы бойынша үш сұрақтан қойылған емтихан билеттері дайындалды.



  1. Пән бойынша сұрақтар тізімі

    1. «Тіл тарихын дәуірлеудіц теориялык негіздері» пәні бойынша:

Ежелгі дәуір тіл білімі. Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. «Атаулардың дұрыстығы» туралы айтыс, анология және аномалия, тілдің негізгі бөлшектерін (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) және негізгі грамматикалық категорияларды анықтау. Көне грек-рим, қытай, үнді, араб, түркі тіл білімінің жетістіктері. М. Қашқари және оның лингвистикаға қосқан үлесі.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр тіл білімі. Еуропа тілдері грамматикасына латын грам- матикасының әсері. Тілдер туыстығын дәлелдеудің алғашқы қадамдары. Пор-Рояль грамматикасы - жалпы лингвистикалық теориялар мен аймақтық гармматикалар жасаудың алғашқы үлгісі. Философтар еңбектеріндегі тіл мәселелері; Ф.Бэкан, Р. Декарт, Г. Лейбниц және т.б. Тілдің пайда болу теориялары:Ж.Ж. Руссо, И. Гердер, М.В. Ломоносов.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тілдер туыстастығы мәселелері. Сан- скрит тілінің салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі орны: В.Джоунз, Ф. Шлегель. XIX ғ. бірінші ширегіндегі салыстырмалы-тарихи тіл білімі:Р. Раск, Ф. Бопп, Я. Гримм, Ф. Диц, А.Х. Востоков. Үнді-еуропа тілдеріңдегі салыстырмалы-тарихи грамматикалар. Туыстық шежіре (бұтақ) теориясы жэне И. Шмидттің толқын теориясы.

Салыстырмалы-тарихы тіл біліміндегі жас грамматистер дәуірі: жаңа әдістер, нақты әдістерге талпыну, эксперименталдық саланың дамуы. К. Брутман және Б. Дельбрюк: тілдерді сипаттаудың жүйелілік жұмыстары.

ХХ ғ. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тохар және хетто-лувий тілдерінің ашылуы. Ларингал теориясы. Үнді-еуропа негіз құрылымдары туралы жаңа теориялар және әр түрлі грамматикалық категориялардың пайда болуы: Э. Бенвенист, Ф. де Соссюр, Э. Стертеван, X. Педерсен, Е. Курилович.

Реконструкция мәселелері. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі және тілдегі шылаулар туралы ілім. Лингвистикалық палентология және тілдердің маросемьялары теориясы: В.М. Иллич-Свитыч, Т.В. Гамкрелидзе, Вяч.Вс. Иванов.

В. фон Гумбольдттың лигвистикалық көзқарастары. Тіл философиясы. Тіл формалары туралы ілім. Тілдің ішкі формасы туралы түсінік. Тіл және ойлау. Халықтық рух түсінігі. Тіл - әрекет, және тіл - әрекеттің жемісі. Тілдердің типологиялық топтастырылуы қағидасы. В.фон Гумбольт - тіл әлемнің ерекше бейнесі.

XIX ғ. тіл біліміидегі әмбебап-логикалық бағыт. К. Беккердің "тіл ағза- сы". К. Беккер сойлеудің психогенезі туралы, логика мен грамматика арақатысы, логикалық, грамматикалық және этимологиялық формалар туралы. Ф.И. Буслаев грамматикалық формалар мен ойлау заңдары арасындағы қатынас және логика мен грамматика арасындагы шектік туралы. Сөз таптарын және сөйлем мүшелерін бөлудегі логика-синтаксистік негіздер.

Натуралистік бағыт. А. Шлейхер ілімі. Тілді тірі ағза ретінде қарау. Тіл дамуының екі кезеңі туралы. Тілдегі мағына және қатынас түсінігі. Тілдердің типологиялық топтастырылуы. Ата тіл туралы түсінік және туыстық шежіре мен реконструкция қағидалары. И. Шмидттің толқын теориясы. М. Мюллер теориясы - натурализмнің ерекше түрі.

Психологиялық бағыт. XIX ғ. екінші жартысындагы психология және тіл білімі. Г. Штейнтальдің лингвистикалық жүйесі. Логикалық бағытқа сын. Тілдік ойлау мен ішкі форма туралы ілім. Этникалық психология. А.А.Потебняның лингвистикалық көзқарастары. А.А. Потебняның зерттеулеріндегі семантикалық бағыт.

Сөздің таңбалылығы туралы ілім. Полисемияны жоққа шығару. Сөз және контекст. Грамматикалық форма және грамматикалық мағына туралы ілім, сөз таптарының және сөйлем мүшелерінің қалыптасуы туралы. В.Вундтың лингвистикалық көзқарастары. Халық психологиясы ұғымы. Түсінік беретін мағыналар мен ым тілдері туралы ұғым. Сөйлем туралы ілім.

Жас грамматикалық бағыт. Неміс жас грамматистерінің көзқарасындагы позитивистік және жеке психологиялық негіздер. Лейпцих мектебінің "Манифесті" және оның негізгі тезистері. Г. Остгоф және К. Бругман.

Дыбыстар заңдылыктары және анология туралы ілім. Ықтималдық және абсолюттік хронология ұғымы. Жас грамматистер "атомизмі". Г. Пауль теориясы. Тіл тарихы - тіл білімінің пәні мен мазмұны. Қарым-қатынасүдерісіне сипаттама. Индивид, қоғам және тіл. Тіл және диалектілер. Салыстырмалы-тарихи әдістің жетілуі мен дамуы.

Москва мектебі. Ф.Ф. Фортунатовтың лингвистикалық көзкарастары. Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы ілім. Нөлдік форматуралы түснік. Сөздің грамматикалық топтары туралы ілім. Сөз - таңбаның бір түрі.

Сөз тіркестері теориясы. Ф.Ф. Фортунатов еңбектеріндегі салыстырмалы-тарихи тіл білімі және типология мәселелері. А.А. Шахматовтың жалпыжәне салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі мұрасы. А.М. Пешковский, В.М.Ляпунов, Д.Н. Ушаков, М.М. Покровский және т.б лингвистикалық көзкарастары.

Қазан лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебінің қалыптасуы және оның бағдарламасы. И.А. Бодуэн де Куртененің лингвистикалық көзқарастары: тіл дамуы мәселелері: статика және динамика; тіл туралы ілім - қоғамдық-психикалық құбылыс; фонема және морфема теориясының жасалуы; экперименталды фонетиканың пайда болуы; тілдің жүйелік концепциясы.



Альтернация ұғымы. Сипаттамалы әдіс қағидасының талдануы. Тілдің пайда болуы және тілдік өзгерістің себептері. Тілдің таңбалық сипаты туралы В.Н. Крушевский ілімі.

В.А. Богородицкийдің негізгі морфологиялық үдерістер туралы ілімі. Сөз таптары және сөйлемдер мәселелері туралы. Экспериментальдық тұрғыдағы фонетика мәселесі.

Эстетикалық мектеп. К.Фосслерге В. фон Гумбольдт пен Б. Кроге идеяларының әсері. Лингвистика - қолданбалы эстетика. Стилистика - әмбебап пән. Лингвистика және әдебиеттану.

«Сөздер және заттар" мектебі. Г.Шухардт және Р.Мерингер - "сөздер және заттар» мектебінің өкілі. Жас грамматистердің фонетикалық заңдылықтар туралы теориясына сын. Тілдердің тоғысуы. Ономосиялогиялық зерттеулер.

Ареалды (кеңістік) лингвистика. Неолингвистика. Диалектология және лингвистикалық география. Лингвистикалық үздіксіздік теориясы. Изоглоссия. Итальян неолингвистерінің еңбектеріндегі лингвистикалык география мәселелері: М.Бартоли, В.Пизани, Дж. Бонфанте. Субстрат туралы ілім: И.Асколи. В.Пизанидің ареалды лингвистика және тілдік одақтар лингвистикасын салыстырмалы тарихи зерттеулерінде қолдануы.

Фердинанд де Соссюр ецбеістеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері: тілдің анықтамасы; тіл мен сөйлеудің арақатысы туралы; сыртқы және ішкі лингвистика; тілдегі синхрония және диахрония; тіл мен сөйлеудегі синтагматикалық и парадигматикалық қатынастар; таңба және таңба жүйесін анықтау; таңба түрлері және олардың қасиеттері. Ф. де Соссюр және А.Гардинер, Э. Бенвенист, Э. Косериу.

Француз социолингвистикасы. А. Мейе еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік құбылыс ретінде анықталуы. А.Мейенің салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Салыстырмалы-тарихы әдісті негіздеуі. Ататіл ұғымы. А.Мейенің тілдердің араласуы туралы көзқарастары.

Ж. Вандриестіц жалпы лингвистикалық көзқарастары. Ш.Баллидің, А. Сешенің әлеуметтік идеялары. М. Коэн бойынша тілдің әлеуметтенуі. А.Мартиненің қос мүшелену және тілдік өзгерістерді үнемдеу қағидасы. Э.Бенвенист еңбектеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері.

Америка этнолингвистикасы. Ф. Боас және оның американдық үндістердің тілі туралы зерттеулері. Америка бихевиоризмі: Л. Блумфилд, Л. Блумфилдттің постулаттар қағидасы. Адамның тілі және мінез құлқы (стимулдар және реакциялар).

Э. Сепирдіи модель теориясы. Америкадағы этнолингвистика (антропологиялық лингвистика) және оның өкілдері: Ф. Боас, Э. Сепир, С. Лэм, Б. Уорф. Тіл және әлем көрінісі. Тіл мен мәдениеттің байланысы.

Неогумбольдтшылдық. Неогумбольдтшылдық - ойлау мен танымдағы тілдің рөлі туралы. Тіл әлемді түсінудің "кілті" туралы В. Вайсгербер теориясы. Тілдің семантикалық құрылымы және әлемді түсінудегі неогумбольдтшылдық. Тілдегі субъективтік пен объективтік факторлардың арақатысы. Тіл және әлем бейнесі. Семантикалық өріс теориясы: И. Трир, В. Порцит.

Структурализмнің негізгі бағыттары. Ф. де Соссюр және И.А. Бодуэн де Куртенэ - лингвистикалық структурализмнің өкілдері. XX ғ. структурализм. Жас грамматистік зерттеулердің теориясы мен практикасына сүйену және оның арақатысы. Тілді құрылымдық жағынан сипаттаудың әдіснамалық негізі.

Прага мектебіндегі функционалдық бағыт: Н.С. Трубецкой, Р. Якобсан, В. Метезиус және т.б. Н.С. Трубецкойдың фонологиялық теориясы. Фонема туралы түсінік. Оппозиция туралы ілім. Актуалдық мүшелену теориясы (В. Метезиус).

Р. Якобсанның универсалдық фонологияның қасиеттері мен теориясы. Грамматикалық зерттеулер: В. Метезиус. Сөйленімнің актуалдық мүшелену теориясы. Функционалдық категория және әдеби тілдің дифференциациясы". Прагалықтардың типологиялық зерттеулері. "Тілдік одақтар" теориясы.

Глоссемантика (Дания немесе Копенгаген структурализмі): өкілдері, көтерген негізгі мәселелері, әдіснамасы және әдістемесі. Л. Ельмслев, В.Брендаль, X. Ульдаль. Тіл және сөйлеу. Тіл - таңбалар жүйесі.

Лингвистикалық талдау тәсілдері. Жеткізу өрісі және мазмұн өрісі. Таңбалар және символдар. Форма және субстанция. Вариант және инвариант. Глоссематикадағы лингвистикалық талдаулардың түрлері мен амалдары.

Дескринтивтік лингвистика (америка структурализмі). Тіл туралы постулаттар жиынтығы. Дистрибуция модельдері. Б. Блок, Г. Трейгер, Ч. Хоккет, З. Хэррис. Тіл қабаттары жүйесі туралы түсінік. Аллофондар және алломорфтар. Қос бөлшектер (ҚБ) талдауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет