Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор
_______________Д. Ерболатұлы
«_____»_______________2019 ж.
8D01701 «ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Өскемен, 2019
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессорлы-оқытушылық құрамы дайындаған авторлық оқу бағдарламалары негізінде құрастырылды.
Бағдарламақазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының отырысында талқыланды.
«____» _________ 2019 ж. № ______ хаттама
Кафедра меңгерушісінің м.а.: ________________ Б.Н.Бияров
БағдарламаТарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды.
«____» ____________2019 ж. №____хаттама
Келісілді:
ТФжХҚ факультетінің
деканы А.Ә. Өскембай
Қабылдау емтиханының мақсаты мен міндеттсрі:
Қабылдау емтиханының мақсаты докторантураға неғұрлым дайындығы жоғары үміткерлерді анықтау мен қабылдау болып табылады.
Қабылдау емтиханының міндеттері:
үміткерлердің мамандық бойынша құзірлеттілігін анықтау;
оқу және кейінгі кәсіптік қызметіне деген қызығушылығы мен құлшынысын анықтау;
болашақ докторанттың ғылыми жұмыс жазу, өндірістік және инновациялық қызметінде өзіндік дайындығын анықтау.
Қабылдау емтиханын жүргізу тәртібі
Қабылдау емтиханы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен мерзімінде кесте бойынша жүргізіледі. Мамандык бойынша қабылдау емтиханы ауызша түрде өтеді.
Емтиханды өткізу уақыты бір үміткерге (дайындығы мен жауабына) 30 минуттан беріледі.
Қабылдау комиссиясыныңқұрамы мен қызметі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханы қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асады. Қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелері (мүшелері үштен кем емес) университет ректоры бұйрығымен бекітіледі. Олардың екеуі міндетті түрде ғылым докторы болады.
Комиссия қызметіне:
үміткерлердің мамандық бойынша сұрақтарға құзіреттілігін анықтау;
оқуға деген ынтасы мен болашақ кәсіби әрекетін;
болашақ докторанттың өзіндік ғылыми, өндірістік, инновациялык қызмет жасауға дайындық дәрежесін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |