Әдебнет тарихы алдындағы жаңа міндеттер. Ағартушылық бағыттағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің ұлт-азаттық идеяларға ұласуы. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеу еңбектері. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов,Х. Досмұхамедовттердің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге қосқан үлестері. М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиевтердің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі концепциялары. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу және Б.Кенжебаевтың ғылыми ұстанымдары. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуге байланысты бүгінгі көзқарастар. Коммунистік идеолгияны ұстанган қазақ ақын-жазышуларына бүгінгі көзкарас. Замана шындығының реалистік суреттелуі және қаламгер позициясы. Көркем шығармашылыққа койылатын негізгі талаптар және саясат пен поэтика мәселелері.
Әдебиет сыны және оның қазақ әдебиетінде пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы қазіргі он-пікірлер. Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби сын. Алғашқы баспасөздегі әдеби сынға қатысты кейбір пайымдаулар. 20-30-шы жылдардағы әдеби сын. Ондағы негізгі бағыттар мен көркем шығармашылықтан талап ететін басты критерилер. Ел өміріндегі қоғамдық- саяси өзгерістердің әдеби сынға әсері. Әдебиеттің қондырма ретіндегі қызметі және оны коммунистердің идеологиялық құрал ретінде пайдалануы. Үкімет қаулы-қарарлары мен түрлі әдеби одақтар мен ұйымдардың пайда болу, құрылу себептері. Кеңес дәуіріндегі әдеби сынның қазақ әдебиетінің дамуындағы рөлі. Әдеби сынның ұлттық мұраларымызды зерттеу мен дамытуды тежеудегі қызметі. Қазақ әдеби сынының өркендеу кезеңдері және көркемдік ізденістерді жан-жақты талдаудағы орны. Кәсіби сыншылықтың жетілуі және әдеби процесс. Қазіргі әдеби сындағы әр түрлі ұстанымдар.
Қазіргі қазақ поэзиясының даму бағыттары. Поэзиядағы жанрлық өзгерістер. Қазақ поэзиясының өткені, кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы толғаныстар. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух мәселесі. Махамбет поэзиясы және бүгінгі ақындық өнердегі оның ерлік рухын қайталаушылыктың себеп-салдары. Абай ойшылдығын қазіргі поэзияға әсер- ықпалы. М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев шығармашылықтарындағы ортақ қасиеттер мен ұқсастықтар. Қазіргі поэзиядағы отаншылдық рух мәселесі. Лирика мен поэманың арақатынасы. Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық мәселесі. Жаңа мазмұн мен ескі форманың арасындағы үйлесімсіздік. Ырғақ мәселесіне байланысты соңғы ғылыми тұжырымдар.