Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет5/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

қармау 
және 
ұстау
деген сөздер 
қол
сөзімен байланысты, 
жүру
– 
аяқпен, көру – көзбен т.с.с., бұл байланыстардың негізінде 
«мағынаның элементарлы өрісі» қаланады, мұндай өрістің ядросы, 
әдетте, етістік болып танылады», - дейді [3, 183]. 
Әрине, лексиканың барлық саласы тең дәрежеде «жүйелі» 
ұйымдасқан деп есептеуге негіз жоқ. Керісінше, түрлі сөз топтарын 
жақынырақ қарастырғанда бұл топтардың ішіндегі сөздер әр түрлі 
байланысып, 
бір-бірімен 
қатынаста 
жататындығын 
өзара 
әрекеттесетіндігін байқау қиын емес. 
Сонымен, лексиканың жүйелі құбылыс екендігі өткен ғасырдан 
бастап айтылып келе жатқанмен де тілшілер арасында даулы 
мәселе болып, біраз уақытқа дейін ортақ бір пікірге келе 
қоймағандығын байқауға болады. Дегенмен де лексика жүйелі 
ұйымдасқан біртұтас құбылыс деп біз толық айта аламыз. Себебі 
тіліміздегі сөздер қалай болса солай жинақтала салмаған, олар да 
белгілі бір құрылым бойынша жүйеге түскен. «Ескерте кететін 


15 
нәрсе: лексикадағы жүйелілік дегеніміз – бір қалыптан шыққан ақ 
кірпіштерден қалап тұрғызған ақ сарай сияқты тым стандартты 
нәрсе емес. Ол – өте күрделі және сан салалы құбылыс» [8, 6]. 
Сөйтіп, «жүйе» мен «құрылым» ұғымы ХХ ғасырдың 50-
жылдарының орта шенінде ғылымның барлық саласына тарай 
бастады. Бұның ғылымға енуі табиғат пен қоғамдық құбылыстарды 
зерттеудің жаңа жүйелі-құрылымдық тәсілінің пайда болуының 
нышаны. 
Жүйелі-құрылымдық тәсіл қандай да бір зат (құбылыс) туралы 
мәліметтерді бір жалпы тұтастыққа (бірлікке) органикалық 
біріктіреді. Бұл тәсіл айналадағы қоршаған әрекеттерді бөлшектеп 
(фрагменттік) және жеке-дара түсінуден жалпы бірлік ретінде 
түсінуге мүмкіндік береді және ол ғылымда жаңа үлкен 
мүмкіндіктер ашады. Нысанды біртұтас қарастыру – ойлаудың 
неғұрлым жоғарғы сатысының қалыптасуында маңызды орын 
алады, ал атап айтсақ, оның аналитикалық сатыдан танымдық 
процестен құбылысты неғұрлым жан-жақты және терең тануға 
бағытталатын синтетикалық ойлауға көшеді. Бұл тәсілдің көмегімен 
білімнің қазіргі уақытта айырықша нәтижелі болатын жүйелі 
құрылымы қалыптасады. Әр түрлі ғылымда жүйелі тәсілдің 
қалыптасуы жүйенің жалпы теориясын жете зерттеуге әкеледі.
Ендеше, тіл де жүйелі-құрылымдық тәсіл арқылы қарастырылған 
кезде көптеген нысандармен ортақ, сондай-ақ тек өзіне ғана тән 
ерекше белгілері бар ақиқаттағы көптеген нысандардың бірі
ретінде беріледі. 
Жүйелі немесе жүйелі-құрылымдық (бұл екі термин берілген 
еңбекте бір мағынада жұмсалады) тәсілде негізгі болып табылатын: 
нысанды тұтас құрылым ретінде, оның интегралды және 
дифференциалды сипаттарын жиынтық ретінде, жүйе ретінде 
қарастыру. Бұнда басты назар оны тұтас жүйе ретінде сипаттайтын 
қасиеттер мен белгілерді анықтауға бағытталады. Сондықтан да жүйе 
және құрылым ұғымдарының айрықша мәнділігіне байланысты 
олардың анықтамасына тоқталу қажет деп таптық. Тілші ғалым В.С. 
Тюхтин: «Система – это множество связанных между собой 
элементов (любой природы), имеющих тот или иной вид 
упорядоченности по определенным свойствам и связям и обладающих 
относительно устойчивым единством, которое характеризуется 
внутренней целностью, выражающийся в относительной автономии 
поведения, (или) существовния», - дейді [10,18]. Ал Г.С. Щур жүйе 


16 
және құрылым ұғымына мынадай түсініктеме береді: 
«Совокупность элементов (единиц) данного объекта называется 
структурой. 
Совокупность 
связей, 
существующих 
между 
элементами данной структуры, называется системой» [11, 16]. 
Қазіргі лингвистикалық әдебиеттерде «жүйе» және «құрылым» 
терминдері неғұрлым кең қолданылып, ерекше көңіл бөлуді талап 
етеді. 
Сонымен, «жүйе» деп отырғанымыз рет-ретімен орналасып 
ұйымдасқан біртұтас құбылыс. Басқаша айтқанда, жүйе – өзара 
белгілі бір заңдылықтар бойынша байланысқан, бірнеше 
элементтерден құралған бір бүтін категория. Әрбір элемент жүйеге 
бүтіннің бөлшегі ретінде енеді, ол басқа элементтермен тілдік 
категориялар арқылы тікелей иә жанама байланысып жатады. 
Әрбір жүйенің белгілі құрылысы, тәртібі (ұйымы) болады. Оны 
жүйенің құрылымы деп атайды. Құрылым – дегеніміз тіл 
элементтерінің арасындағы қатынас сызбасы, жүйенің барлық 
бөлшектерін қамтып, оларды бір бүтіндікке біріктіретін қатынас 
желісі. Жүйе мен құрылым бүтін мен бөлшек ретінде ара 
қатынаста болады. Тіл білімінің қай саласы болмасын белгілі бір 
жүйеге негізделген. 
Лексиканы жүйелі категория деп тану лексикалық мағынамен 
тікелей байланысты. Сөздіктермен, әсіресе, түсіндірме сөздікпен 
жұмыс істеу барысында әр сөздің мағынасын ашып, ғылыми 
талдаулар жасалғандығын көреміз. Ол қазақ тілінің сөздік құрамын 
жүйелі құбылыс деп лексика-семантикалық, тақырыптық 
(тематикалық) топтарға біріктіріп, әр топтың құрамындағы 
мүшелердің арасындағы байланыстарды анықтап зерттеуге 
жағдай жасайды. Ал оның тіл білімі үшін маңызы зор. Мәселен, 
өткен ғасырдың аяқ шенінің өзінде М.М. Покровский өзінің 
семантикалық ізденісінде «белгілі бір сөз мағынасының тарихы біз 
үшін ол сөзді онымен синтаксистік және, бастысы, бір ғана ұғымға 
жататын басқа сөздермен байланыста қарағанда ғана түсінікті 
болады», - деп көрсетті [12, 65]. 
Жалпы тілді, зат немесе құбылысты жақсы білу үшін оның 
барлық жағын, барлық байланысын, бүкіл жанама жағын жақсы 
зерттеу қажет. Осылай жүйелі-құрылымдық тәсіл шеңберінде 
қоғамдағы құбылысты зерттеуге кешендік және жан-жақты 
қарастырудың әдіснамалық талабы қолданылады. 
Тіл білімінде сөздік құрамды зерттейтін ғылымның негізінде екі 


17 
іргелі теориялық жағдай орын алған. Соған орай орыс тіл білімінің 
лексикологы Э.В. Кузнецова тілдің сөздік құрамын екі түрлі 
аспектіде қарастыруға жүгінеміз дейді. Ол – тіл әлеуметтілігі және оның 
жүйелілігі. 
Басқаша 
айтсақ, 
сөздік 
құрамды 
тілден 
тыс 
(экстролингвистикалық) факторлармен байланыстырып, жүйелі 
семантикалық аспекті тұрғысынан қарастырамыз. Лексиканың 
әлеуметтілігі және жүйелілік сипат идеясы тіл білімінің көрнекті 
өкілдері Ф.Ф. Фортунатов, И.А. Бодуен де Куртэне, А.А. Шахматов, 
М.М. Покровский, А.И. Смирницкий т.б. еңбектерінде жақсы 
көрсетілген [13, 4; 5, 13]. 
Қазіргі ғылымда сөздік құрамға байланысты лексикология мен 
семасиология, яғни сөз және оның мағыналары жөніндегі 
ғылымдарды бөліп қарау керек дейтіндер де бар. Бұл – дұрыс. Алайда 
бұл екі саланы бір-бірінен мүлдем бөліп алуға болмайды. 
Лексикология мен семасиология мәселесінің ара жігіне шектеу 
қоюға болмайды. Қазіргі қазақ тілі оқу бағдарламасында жалпы 
лексикология деп аталатын салаға бүкіл тілдің лексикалық жүйесін 
анықтаудың ішкі лингвистикалық және лингвистикадан тыс 
факторлармен біріккен қазақ лексикасын оқытуға байланысты 
мәселелер енеді. Дегенмен де бұл жалпы мәселелердің ішінен
әлеуметтік-лингвистикалық және көбінесе, жүйелі-семантикалық 
аспектіге жататын мәселелерді жіктеп қарауға болады. 
«Лексикада бұл екі бағыт ара-тұра тар мағынадағы лексикология 
мен семасиологияның ажырауымен үйлеседі. 
Лексикология, ең алдымен, тілдің сөздік құрамында әлеуметтік 
тарихи тұрғыдан тілден тыс факторлармен шарттас жақтарын 
қарастырады. Оның міндетіне тілдің сөздік құрамының қалыптасу 
мәселесін қарастыру, онда болатын тарихи өзгерістер, 
қалыптасуына қарай, қолданылу аясына қарай жіктеу, белсенділігі 
тұрғысынан (қолданысына қарай) жүйеленуі кіреді. 
Семасиология тілдің лексикалық жүйесін және сөзді, ең әуелі, 
ішкі заңдылықтарға қарай осы жүйені қалыптастырушы ретінде 
қарастырады. Семасиологияның нысаны – лексиканың жүйелігінің 
әралуан 
көрінісі, 
сөздің 
лексика-семантикалық 
тобы, 
семантикалық 
түрлену 
құбылысы, 
сөздің 
үйлесушілік 
заңдылықтары, бүкіл мағыналық және сөздің семантикалық 
шартты оппозициясы» [13, 5]. 
Лексиканы оқытуда ол әлеуметтік-лингвистикалық жақтан 
қарастырылып, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан тілден тыс факторлармен 


18 
байланысты белгілерді есепке ала отырып, сөздер жіктеледі және оларға 
мінездеме беріледі. Тілдің сөздік құрамының әлеуметтілігі мынадай 
аспектілерден көрінелі: 1) сөздердің қоғам дамуының әр түрлі 
кезеңдерінде қалыптасуы (халықтың территориялық орналасуы
мемлекеттің пайда болып дамуы т.с.с.); 2) сол халықтың өмірі мен 
тұрмысындағы ерекшеліктердің тілдің сөздік құрамынан көрінуі; 3) 
басқа халықтармен қарым-қатынас жасау барысында сол 
халықтың тілінен сөздер алуы; 4) экономика, мәдениет және 
ғылымның дамуы барысында жаңа сөздердің жасалуы; 5) сол тілді 
таратушы әлеуметтік топтың қызметіне (кәсібіне) қарай сөз 
қолдану аясына сәйкес лексиканы түрлі жікке бөлу т.б.. Мәселен, 
кірме сөздердің өзін: латинизм – атрибут, апелляция, арена, 
артикуль, автор, архив, агент, аспект, ассимиляция, аттестация т.б.; грек 
тілінен енген – аффоризм, автономия, демократия, академия, алфавит, 
динамика т.б.; ағылшын тілінен кірген – бизнес, бюджет, торт, 
вокзал, тренер т.б; галлицинизм, яғни француз тілінен алынған – 
люстра, билет, абономент, пальто, такси, ассамблея, аттракцион, 
банкет, афиша; орыс тілінен енген (оның өзін: Қазан төңкерісінен 
кейін, кеңес үкіметі кезінде деп түрлі дәуірге бөлуге болады) – 
зауыт (завод), гимназия, училище, карта т.б.; неміс тілінен кірген – 
штаб, кран, папка, штраф, курорт, вахтер т.б.; итальян тілінен енген – 
дуэт, бас, тенор, студия, касса т.б. деп бөлу. Қолданылу дәрежесіне 
қарай: қазіргі уақытта аз қолданылатын немесе мүлдем 
қолданылмайтын, себебі олар атайтын зат немесе құбылыс бізге 
мүлдем таныс емес немесе қолданудан шығып қалған (қауға, 
шабарман, болыс т.б.) оны пассив сөздер деп белгілі бір құрылым 
бойынша жүйеге түсіруге болады. 
Лексикадағы жүйелілік дегеніміз өзара шарттас, бір-бірімен 
байланысты заттар мен ақиқат болмыстың нысандарын көрсететін 
тілдік бірліктердің бірлігі. Жай ғана бірлігі емес, лексикалық жүйелілік 
дегеніміз «заңды түрде тұрақты қатынас арқылы өзара байланысты 
және қашан болмасын өзара әрекеттес тілдік элементтердің ішкі 
ұйымдасқан бірлігі» [9, 10]. 
Тілдің сөздік құрамын жүйелі-семантикалық жақтан зерттеуде 
бірінші кезекте қазақ лексикасы жүйе ретінде алынып, оның ішкі 
семантикалық құрылымына көңіл бөлінуі керек. Тілдің лексикасына 
жүйелі құбылыс ретінде қарау, әрине, күрделі іс. Сондықтан да 
қоғам өмірінің лингвистика саласында бұл идеяны қолдаушылар да, 
қолдамаушылар да болған. Мәселен, лексика жүйелілігі идеясы, ең 


19 
алғаш лексикологияның маңызды мәселесі ретінде орыс тіл білімінде 
М.М. Покровский, Л.В. Щерба, В.В. Виноградов еңбектерінде 
қозғалып, басқа да лексикологтар тарапынан қолдау тапты. Және 
лексиканың даму себептері ашылды [13, 7]. Ал қазақ тіл білімінде 
лексика жүйелілігі мәселесі арнайы зерттелмеген десек те болады. 
Өйткені лексикадағы жүйелілік мәселесі төңірегінде әр түрлі 
деңгейде сөз қозғалып, К.Аханов, Т.Қордабаев, З.Базарбаева, 
М.Оразов, 
Б.Қалиұлы, 
Ж.Аралбаев 
сияқты 
ғалымдардың 
еңбектерінде азды-көпті сөз болғаны болмаса, арнайы зерттеу 
еңбектері жоқ. Бірақ соңғы кезде көптеген тілшілер мен 
ізденушілерді ойландырып жүрген құбылыс деп айта аламыз. Бұл 
мәселе соңғы уақытта Е.Өтешова, Б.Момынова, Ғ.Хасанов тағы 
басқалардың еңбектерінде көтеріліп жүрген мәселе екендігін айтуға 
болады. 
Сөздік құрамды жүйелі-семантикалық аспекті тұрғысынан 
қарастырғанда біз жалпы лексиканы механикалық жиынтық 
ретінде емес, жүйелі ұйымдасқан жиынтық ретінде қарастыруымыз 
қажет. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет