Диагноз қойыңыз?
Жауабы: 1) жүктілігі 34-35 апта. Нәрестенің жолдасы толық төмен орналасқан, кесар тілігі.
Есеп №2
Төртінші рет босанушы 34 жастағы әйел жүктіліктің 38 апталығында перзентханаға толғақпен келіп түсті. Толғақтың басталғанына 4 сағат болған. Әйелдің кенеттен іші қатты ауырып, басы айналып, әлсіздік белгісі болды. Нәресте тік ұзынша басымен орналасқан. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 160рет. Жатыр толғақ кезінде және толғақ емес кезінде де біршама керілген, жатырдың қай жері ауырған көрсетеді.
Диагноз қойыңыз?
Жауабы: 1) жүктілігі 38 апта. Босанудың бірінші кезеңі. Нәрестенің жолдасының уақытынан бұрын бөлінуі.
Есеп №3
Жүкті әйелдің перзентханаға түскен кездегі шағымы: Қан кету, жүктілік мерзімі 38-39 апта, кеткен қанның мөлшері 300мл.
Мәліметінен: алғашқы екі жүктілігі медициналық жасанды түсікпен аяқталған. Соңғы жүктілігі эндометритпен асқынған. Қазір үшінші жүктілігі асқынусыз өткен. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Нәресте ұзынша орналасқан. Кіші жамбас кіре-берісінде қозғалмалы, толғағы жоқ. Түскен кезде қанды бөлінулер жоқ. Айнамен қарағанда: қынапта шамалы қан байқалады, мойын өзегінде қанды бөлінулер жоқ. Қынап қабырғалары өзгеріссіз.
Достарыңызбен бөлісу: |