Нәрестенің позициясын, видін (түрін) анықта?
Жауабы:
Жүктілігі 39-40 апта.
Босанудың 2-ші кезеңі.
Алдыңғы вид, 1-ші позиция;
Есеп №6
Тұңғыш босанатын 31 жастағы әйел патология бөліміне 42-43 апталық жүктілікпен түсті. Іштің айналымы 110см. Жатыр деңгейі 38 см. Жатыр қозбаған. Нәрестенің орналасуы ұзынша, басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет, анық, ырғақты.
Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны артқа ығысқан, ұзындығы 2,5 см. Тығыз, жатыр мойнының сыртқы өзегі жабық. Алдыңғы күмбез арқылы нәрестенің басы анықталды. Жамбас мүйіске қол жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |