Диагноз қойыңыз?
Акушерлік амал
Жауабы: 1) септикалық ауруы бар әйелдер босанатын арнайы перзентханаға жатқызылды. 2) бөбектер бөліміндегі реанимацияға жатқызылды. 3) оң жақ сүт безінің қабынуы, хирургиялық жолмен емдеу.
Босанудан кейінгі кезең
Есеп №1
Босанғаннан кейін әйел қансырай бастайды. Нәресте жолдасының бөліну белгілері жоқ.
Акушерлік амал
Жауабы: 1) босанған әйелге наркоз беру. Асептика, антисептика сақтай отырып, жатырдың ішіне қол салып, нәрестенің жолдасын бөліп шығару.
Есеп №2
Бұрын босанған әйел перзентханаға түскеннен кейін 20 минуттан соң тірі жетілген қыз туды. Бала жолдасы өздігінен бөлінді, жатыр жиырылды. Әйел босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды. Босанған әйелде 4-ші тәулікте қан кете бастады. Кеткен қанның мөлшері 50мл. Одан кейін жатыр жиырылғыштығын жақсартатын дәрілер енгізілді, қан тоқтатылды. Келесі күні тағы көп мөлшерде қан кете бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |