ҚҰрылымы пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет47/195
Дата10.06.2020
өлшемі451,13 Kb.
#72835
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   195
Байланысты:
ҚҰРЫЛЫМЫ умкд

Жамбаспен жатуды анықтау: Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау кезінде сыртқы, ішкі акушерлік зерттеулердің тәсілдеріне сүйенеді.

Біріншіден, бұндай жағдайда жатыр деңгейі жоғары тұрады, себебі нәрестенің жамбасы басына қарағанда көлемді болуына байланысты жамбас қуысының кіреберісіне толық қондырылмайды.

Сыртқы зерттеу кезінде Леопольд тәсілдерін қолданып, жамбас белдеуіне жақын, нәрестенің көлемді, жұмсақ, шамалы қозғалмалы бөлігі анықталады. Ал жатыр түбінде оның дөңгелек, тығыз, қозғалмалы басы анықталады. Нәрестенің жүрек соғысы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғарыда естіледі.

Қынаптық зерттеу кезінде құйрықаралық сызық (linea intertrochanterica) жамбас қуысының бір қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді, нәрестенің сегізкөз, құйымшақ сүйектерін де анықтауға болады (таза құйрықпен жатқанда). Ал аралас құйрықпен жатқан кезде оның қасында жатқан өкшені де анықтайды. Нәресте құйрықпен орналасқанда, көбінесе оны бетпен шатастырады. Сондықтан, сегізкөз, құйымшақ және өкшені табу қажет. Ал нәресте бетпен жатқан жағдайда, қас жиегін, мұрын түбін анықтау қажет. Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау қиындаса, қосымша ультрадыбыстық, амниоскопиялық зерттеулер жүргізіледі.

Жамбаспен жатқан нәрестені туудың биомеханизмін бес кезеңге бөледі:

1.Нәресте жамбасы құйрықаралық сызығымен әйел жамбасының кіреберіс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады. Қиғаш өлшемге сәйкес, нәресте құйрығымен жамбас қуысына жылжыйды, алдыңғы жақтағы құйрық өткізгіш міндетін атқарады.

2. Нәресте ішке қарай бұрылып, құйрығымен жамбас қуысының қиғаш өлшемімен оның түбінде тік өлшемге көшеді. Алдыңғы жақтағы құйрық қасағаға, артқы жақтағы құйрық сегізкөзге келіп тіреледі.

3. Нәрестенің алдыңғы жақтағы құйрығы жамбас қуысынан шығып, оның мықын сүйегі қасаға доғасына келіп, тірелу нүктесін құрайды. Осы мезгілде нәресте бір бүйіріне қарай қисайып артқы жақтағы құйрық жамбас қуысынан өзі шығады. Сол кезде нәресте тұлғасы түгелімен түзеледі де, ана бір-екі рет күшенгеннен кейін ол кіндік түбіне, содан кейін жауырын бұрышына дейін арқасымен шамалы алға бұрылып туады.

4. Нәрестенің иық белдеуі түгел көрінеді. Нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Ал жамбастың шағы беріс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді.

Бұл жағдайда алдыңғы иық, қасағаның астына келіп орналасады, артқы иық жамбас қуысынан шығады.

5. Бастың төбе жігі жамбастың қиғаш өлшемі арқылы, бірақ құйрықтың өтпелі қиғаш өлшемінде қарама-қарсы өтеді.
Нәрестенің басы бүгілген күйде жамбас қуысында, ішке бұрылыс жасап, желкесімен шат сүйегіне, ал бетімен сегізкөзге қарай бұрылады. Сөйтіп, шүйде ойығы қасаға доғасына келіп тіреледі, басы бүгіліп, жыныс ернеуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке шыға бастайды. Сонымен, нәресте жамбаспен жатқан кезде бас жамбас қуысынан кіші қиғаш өлшемнің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні Жамбаспен жатқан нәрестенің баспен жатқанмен салыстырғанда босану кезеңдерінің едәуір ерекшеліктері бар:

Босанудың 1-ші кезеңінде қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың әлсізденуі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.

Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасын толық қысып ұстай алмаған жағдайда қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып, қағанақтың тез жарылуына әсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойыны түгел ашылмай тұрып) нәресте кіндігінің, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсіп, босанудың асқынуына әкеледі. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезеңде сақтаудың маңызы зор. Ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жаққа қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен тұрғызбай дәрет «ыдысына» отырғызады. Осы кезеңде нәресте жүрегінің соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Жатырдағы нәрестенің қысылуын алдын ала ескерту үшін оттегін, 20,0 мл 40 % глюкозаны, 1,0 мл АТФ 100 мл кокарбоксилаза, 0,01 гр метионин, 0,02 гр фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.

Ал толғақтың әлсіздігіне әсер ететін жағдайлар жатыр қабырғаларының созылуы, жамбастың жұмсақтығына байланысты жатырдың қозу қасиетін бас сияқты күшейте алмайды. Жатырдың қозу, жиырылу қасиетін тек дәрі-дәрмектер қолдану арқылы күшейтеді.

Босанудың екінші кезеңін жүргізгенде дәрігер ұстамды болуы керек. Әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғысын және толғақтың қарқынын қатты қадағалайды. Бұл кезеңің басында толғақтың әлсізденуін алдын ала ескерту үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылатып құяды (8-40 тамшыға дейін, тамшыны қатты қадағалайды). Нәресте құйрығы жыныс ернеуінен шыққан кезде жатыр мойнының өзегі тарылмау үшін, 2,0 мл 2 % но-шпа немесе 4 мл 2 % папаверин,1 мл атропин сұйықтығын бұлшық етке жібереді.

өзгермейді


 


Бала жамбаспен жатқан кезде жүкті әйелді босану үйіне босанар алдында 2 жұма бұрын жатқызады.

Жамбаспен жату кезінде жүктілікті жүргізу көптеген факторларға байланысты:: акушерлік анамнезге, жүкті әйел ағзасының босануға дайындығына, жамбас өлшемдері мен ұрық салмағына (жамбаспен жату кезінде ұрық салмағы 3600 г болғанда ірі деп саналады), ұрық жағдайына және т.б. Босану ағымын болжау кезінде ұрық жынысын ескеру керек, өйткені аталық бездер жарақаттануы мүмкін. Нәрестенің жамбаспен орналасуында босануды жүргізу барысында арнайы акушерлік көмек көрсетуге, жедел кесар тілігі операциясын жасауға дайын болу керек.

Нәресте жамбаспен орналасқанда босануды тәжірибесі мол акушер-гинеколог жүргізеді, оған акушерка көмектеседі.

Жатыр мойнының ашылуы кезінде қағанақ қапшығының ерте жарылуының алдын алу керек. Босанатын әйелді төсекте жатады, тұруға қатаң тиым салынады. Зәр сындырғанда және дефекция кезінде әйелге дәрет ыдысы беріледі.

Жатырдың жиырылу күшінің әлсіздігінде әйелге жатырды жиырылтатын дәрілер тағайындайды. Қағанақ суы аққаннан кейін бірден қынапты айнамен тексеріп, кіндіктің түсуінің алдын алып, диагнозды нақтылайды.

Босанудың екінші кезеңіне зор көңіл бөлген жөн. Нәрестенің жүрек соғысын әйел күшенген сайын тыңдап отыру қажет. Ұрықтың жүрек соғысының бұзылуы асфиксия көрсеткіші болып саналады. Әйелдің көк тамырына тамшылатып окситацин енгізіледі. Қудалау кезеңінің соңында жатыр мойны қысылуын ескерту мақсатында көк тамырға спазмолитикалық препараттар енгізген дұрыс болады. Жамбас көріне бастағанда эпизиотомия немесе перинеотомия жасалынады.

Босану жолдарынан нәресте құйрығы көріне бастағанда әйел жамбасын кереуеттің қырына келтіріп орналастырады.

Жамбаспен жатуда босанудың төрт кезеңін ажыратады:

1) ұрықтың кіндікке дейін туылуы;

2) ұрықтың кіндіктен жауырындардың ұштарына дейін туылуы;

3) қолдардың туылуы;

4) бастың туылуы;

Нәресте кіндікке дейін туылғаннан кейін бірден бас жамбасқа өтіп, кіндік бауын басады. Кіндік бауы тамырларының қысылуы нәресте асфиксиясына әкеледі. Егер нәресте кіндікке дейін туғаннан кейін босану алдағы минуттарда бітпесе, нәрестеде асфиксия дамиды. Кіндік бауының 4 минуттен аса қысылуы, әдетте, нәрестенің шетінеуіне әкеледі.

Сондықтан, босану ағымы дұрыс болғанда тұлғаның жоғарғы бөлімдерінің және бастың туылуы тез арада жүреді де, көмекті қажет етпейді. Егер кіндікке дейін туылу 3-4 минут арасында бітпесе (2-3 күшену), қолмен шығарып алу әдісіне көшеді.

Нәресте құйрығының екі бөлігі де жыныс ернеуін жарып өткеннен кейін, дәрігердің өзі Цовьянов әдісі арқылы әйелді босандырып алады.


 




 

 






 



 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет