«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған



бет171/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   234

Бойлық күштің, кернеудің, салыстырмалы деформацияның эпюрлерін тұрғызу үшін, брус осіне параллель осьтер жүргіземіз. Белгілі бір масштабпен қималардың тұстарына осьтерге перпендикуляр етіп сәйкес бойлық күштерді, тік кернеулерді және салыстырмалы деформацияларды саламыз. Табылған нүктелерді түзу сызықтармен қосып Ν, σ және ε эпюрлерін тұрғызамыз (III. 4, д, ж, з-сурет).



Енді, брустың көлденең қималарының орын ауыстыру шамаларының эпюрін тұрғызайық. Ол үшін брустың В—В, С—С және D – D қималарының тіректік АА қимасына қарағандағы орын ауыстыру шамаларын тапсақ болғаны. Брустың ВВ қимасының АА қимасына қарағаңдағы орын ауыстыру шамасы

Келесі С—С қимасыньщ орын ауыстыру шамасы ВВ қимасының орын ауыстыру шамасы мен ВВ және С—С қималарының арасындағы брус бөлігінің абсолюттік созылу шамасының қосындысына тең



Дәл осылай, D - D қимасының орын ауыстыру шамасын анықтаймыз



Қималардың тұсына белгілі бір масштабпен ∆lC, lD және ∆lB орын ауыстыру шамаларын оське перпендикуляр бағытта өлшеп саламыз. Табылған нүктелерді түзу сызықпен қосып, орын ауыстыру шамаларының эпюрін тұрғызамыз (Ш.4,е-сурет). Брусқа тұрақты Р1, Р2 әсер етіп тұрғандықтан, қималарының орын ауыстыру шамалары мен абсциссаларының арасындагы тәуелділік — сызықты.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет