мұндағы
Екі ұшы қатаң бекітілген брусқа Р күші әсер етсін (III.26-сурет). Төменгі және жоғарғы аралықтарында пайда болатын ішкі күштерді анықтайық.
1. Есептің статикалық жағы. Сыртқы Р күшінің әсерінен брустың жоғарғы және төменгі қатаң тіректерінде пайда болатын RA, RB реакцияларын Z осімен бағыттас деп қарастырайық. Барлық күш Z осінің бойымен әсер етіп тұрғандықтан, статиканың бір ғана теңдеуін құруға болады
Белгісіз реакциялар саны екеу, олай болса есеп бір рет статикалық анықталмаған.
2. Есептің геометриялық жағы. Брустың екі тірегінің бірін (мысалы төменгісін) алып тастап, оның әсерін белгісіз RB реакциясымен алмастырайық. Мұндай жүйені негізгі жүйе деп атайды (III.26, б-сурет). Сыртқы Р күшінің әсерінен негізгі жүйенің тек жоғарғы аралығы созылып, В—В қимасы төмен қарай ∆lp шамасына орын ауыстырады. Ал RB реакциясы брустың өне бойына түгел әсер етіп, В—В қимасын төменнен жоғары қарай ∆lR шамасына орын ауыстырады. Брустың екі ұшы қатаң бекітілгендіктен, оның жалпы ұзындығы өзгермейді.
∆l = 0, яғни ∆l = ∆lp — ∆lR = 0, мұндағы ∆lp созылу деформациясы оң, ал ∆lR сығылу деформациясы теріс таңбамен көрсетілген,
3. Есептің физикалық жағы. Гук заңы бойынша
4. Синтез. Физикалық шамаларьш геометриялық теңдеуге енгізсек,
Достарыңызбен бөлісу: |