2- ДӘРІС. Күштің нүктеге және өске қатысты моменттері.
Қос күш моменті
1. Күштің моментінің скалярлық анықтамасы. Күштің нүктеге қатысты моменті деп «+», не «-» таңбасымен алынған күш пен оның сол нүктеге қатысты иінінің көбейтіндісіне тең болатын шаманы айтамыз. 0 нүктесінен күштің әсер ету сызығына дейінгі қашықтықты күштің осы 0 нүктесіне қатысты иіні деп атаймыз.
(6)
2. Күштің нүктеге қатысты моментінің векторлық анықтамасы. күштің 0 нүктесіне қатысты моменті деп радиусвектор мен күшінің векторлық көбейтіндісіне тең векторды айтады.
3. Күшінің өске қатысты моменті. Күштің өске қатысты моменті деп күштің берілген өске перпендикуляр жазықтықтағы проекциясының өс пен жазықтықтың қиылысу нүктесіне қатысты алынған моментінің «+» немесе «-» таңбасымен алынған сан шамасын айтамыз.
Абсолют қатты денеге әсер етуші шамалары тең, өзара параллель және қарама-қарсы бағытталған екі күштің жүйесін қос күш деп атаймыз.
Күштердің әсер ету сызықтарының ең жақын ара қашықтығын, қос күштің иіні деп атаймыз.
Қос күш әсері қос күш моментімен анықталады.
Қос күш моменті деп модулі, оның күші мен иінінің көбейтіндісіне (Ғ, h) тең, ал бағыты қос күш жазықтығына перпендикуляр болып келетін векторды айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |