демек,
VIII. 09
Статикалық теңдіктер кернеудің шамасы мен қима бетіңдегі таралу заңдылығын анықтауға жеткіліксіз. Сондықтан, есеп бір рет статикалық анықталмаған.
Есептің геометриялық жағын қарастырайық. Ол үшін берілген арқалықтың бетіне, бойлық оське параллель және көлденең сызықтар жүргіземіз (VIII.16,а-сурет). Деформацияға дейінгі т— т, п—п түзу сызықтары деформациядан кейін өзара dφ бұрышына бұрылып, түзу күйінде қалады. Демек, деформацияға дейінгі жазық қималар деформациядан кейін де арқалықтың бойлық талшықтарына перпендикуляр жазық күйінде калады.
Деформацияға дейін арқалықтың өзара тең ab, dc,ef талшықтары деформациядан кейін шеңбер доғасы бойынша иіліп, ef қысқарады (сығылады) да, ab ұзарады (созылады), ал dc талшығының ұзындығы өзгермейді (VIII.16,б-сурет). Арқалықтың ұзындығы өзгеріссіз қалатын талшықтарының геометриялық орны бейтарап жазықтық деп, ал бейтарап жазықтықтың кез келген көлденең қимамен қиылысу сызығы, қиманың бейтарап сызығы деп аталады (VIII.16, в-сурет).
Деформациядан кейін бейтарап жазықтықта жатқан dc талшығы радиусы ρ-ге тең, ал аb талшығы радиусы ρ + у-ке тең доғаларға айналады.
аb талшығының салыстырмалы созылуы
мүндагы ab1 = (ρ + у)dφ, ал ab=dz болғандықтан
Достарыңызбен бөлісу: |