Арқалықтың беріктігіне жанама күштің әсері ию моментіне қарағанда, мардымсыз болғандықтан, иілу деформациясының потенциалдық энергиясын анықтағанда ескерілмейді.
ДЕФОРМАЦИЯНЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ (ЖАЛПЫ) ӘДІСТЕРМЕН АНЫҚТАУ
Сыртқы күш әсерінен жүйе нүктелерінің орын ауыстыру шамаларын (деформацияларын) анықтау — күрделі мәселелердің бірі.
Деформацияларды анықтайтын әдістердің көпшілігі энергияның сақталу заңына негізделген. Сондықтан, олар энергетикалық әдістер деп аталады. Механикада энергетикалық әдістерді жалпы әдістер деп те атайды. Өйткені, бұл әдістермен конструкция элементтерінің кез келген деформацияларын анықтауға болады. Жалпы әдістерді жетік білу үшін сыртқы күштердің жұмысы мен деформацияның потенциалдық энергиясымен тереңірек танысайық.
Сыртқы күштер жұмысы. Деформациялық потенциалдық энергиясы
Конструкция элементі уақытқа байланысты баяу өзгеретін сыртқы күштің әсерінен тепе-теңдік күйін жоғалтпаса, онда күштің жұмысы деформацияның потенциалдық энергиясына айналады.
Деформацияның потенциалдық энергиясын U, ал сыртқы күштің жұмысын Ар арқылы белгілейік. Энергияның сақталу заңы бойынша
U = Ap
Деформацияның потенциалдық энергиясына, теріс таңбалы ішкі күштің жұмысы сәйкес келеді.
U = –Aik немесе Ар = – Aik осыдан Ар + Аik = 0 екенін көреміз.
Өткен ІІІ.6, VІ.2, VІІ.4, VШ.11-параграфтары бойынша деформациялардың потенциалдық энергиялары:
Созу деформациясы үшін (ІХ.6, а-сурет);
мұндағы ∆ l— күш әсер етіп тұрған қиманың орын ауыстыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |