Ығысу деформациясы үшін (ІХ.6, б-сурет)
мұндағы ∆s— көлденең күш әсер етіп тұрған қиманың орын ауыстыруы.
Бұралу деформациясы үшін (ІХ,6, в-сурет)
мұндағы φ — айналдырушы момент әсер етіп тұрған қиманың бұралу бұрышы.
Иілу деформациясы үшін (ІХ.6, г-сурет)
мұндағы Ө — сыртқы июші момент әсер етіп тұрған қиманың бұрылу бұрышы.
Теңдеулердің оң жақтарындағы - коэффициенттері сыртқы күштердің нөлден бастап қандай да бір шамасына дейін баяу өсетін статикалық күштер екенін көрсетеді.
Жүйеге көп күштер әсер еткенде деформацияның потенциалдық энергиясы Клапейрон формуласымен анықталады
яғни бірнеше жалпылама күштер әсерінен жүйеде пайда болған деформацияның потенциалдық энергиясы, жалпылама орын ауыстырулар мен жалпылама күштердің көбейтінділерінің қосындыларының жартысына тең.
Дәл осылай, бірнеше моменттер немесе т. б. күштер әсер еткен жүйелер үшін деформациясының потенциалдық энергиясын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |