«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған



бет12/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   234

Денеге тұтас көлемі арқылы берілетін күштер, бірлік көлемде әсер етіп тұрған күш шамасымен, яғни қарқындылығымен сипатталады; өлшем бірлігі Н/м3, кН/м3, МН/м3. Серпімділік теориясында денеге әсер ететін көлемдік күш, оның көлемінде қатаң түрде үздіксіз біркелкі жайылып таралады деп қарастырылады.

Уақытқа байланысты шамасы өзгермей әсер етіп тұрған күшті тұрақты, ал уақыт аралығында әсер ететін күшті уақытша күш деп атайды. Мысалы, өтіп бара жатқан поездың темір жол көпіріне түсетін салмағы уақытша, ал көпірдің өз салмағы тұрақты.

Әсер ету жылдамдығына байланысты сыртқы күштерді статикалық және динамикалық күштер деп ажыратады.

Статикалық күш деп нөлден соңғы шамасына жеткенше жылдамдығы баяу, жеткен соң тұрақты болып қалатын күшті айтады.

ДЕФОРМАЦИЯ МЕН ОРЫН АУЫСТЫРУ

Қаңдай дене болмасын сыртқы күш әсерінен өздерінің өлшемдері мен пішіндерін өзгертеді, деформацияланады.

Дененің сызықты өлшемдерінің өзгеруі сызықтық деформация, ол бұрыштық өлшемдерінің өзгеруі бұрыштық деформация делінеді.

Деформация нәтижесінде дененің сызықтық өлшемінің өсуі — созылу (ұзару), ал кемуі — сығылу (қысқару) деп аталады.

Деформация материалдың атомдарының ара қашықтықтарының өзгеруі мен атом блоктарының орын ауыстыруы салдарынан туады. Оның табиғатын толық зерттеп білу үшін, жазық дененің кез келген нүктесінің жанынан өзара перпендикуляр АВ, СА түзулерін алайық (I. 5, а-сурет).



Дене деформацияланғанда АС түзу сызығы ∆s шамасына ұзарады (1.5, б-сурет). Оның орташа сызықтық салыстырмалы деформациясы келесі формуламен аныкталады

I.01

Бұл қатынастың бөліміндегі АС кесіндісінің ұзындығы s нөлге ұмтылғандағы шегі А нүктесіндегі толық салыстырмалы деформацияны анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет