«Құрылыс материалдары»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М125 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру»
М 124 – «Құрылыс»
М 126 «Көлік құрылысы»
М127 – «Инженерлік жүйелер мен желілер»
шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Құрылыс материалдары» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы (силлабус) негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша/орысша) ұсынылған.
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Тапсыр-
малар саны
|
Қиын-дық деңгейі
|
1
|
Құрылыс материалдарының жіктелуі, құрылымы, құрамы және қасиеттері
|
1
2
2
|
А
В
С
|
2
|
Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттар
|
1
2
1
|
А
В
С
|
3
|
Минералдық шикізатты жоғары температуралық өңдеумен алынатын құрылыс материалдары: керамика, әйнек, металлдар
|
2
1
2
|
А
В
С
|
4
|
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
|
1
2
1
|
А
В
С
|
5
|
Бетондар және құрылыстық ерітінділер
|
2
1
1
|
А
В
С
|
6
|
Органикалық шикізат негізіндегі құрылыс материалдары: ағаш негізіндегі материалдар, полимерлік материалдар
|
1
2
1
|
А
В
С
|
7
|
Арнайы тағайындалатын құрылыс материалдары: гидроизоляциялық, герметикалық, жылуизоляциялық, акустикалық және әрлеулік материалдар
|
1
2
1
|
А
В
С
|
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны
|
30
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары осы пән бойынша типтік оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға сәйкес келеді
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);
орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Бисенов Қ.А., Үдербаев С.С., Абиева Г.С. Құрылыс материалдары: Оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2010. – 224 б.
Парикова Е.В. Материалтану (құрғақ құрылыс): Оқулық / Е.В. Парикова, Г.Н. Фомичева, В.А. Елизарова.- М.: Академия, 2018.- 308 б.
Хамзин С.Қ., Әбдішүкір Ф. Б. Құрылыс материалдары (зертханалық-практикалық жұмыстар): Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2011. –140 б.
Дворкин Л.И., Дворкин О.Л. Строительное материаловедение. – М.: Издательство «ЦентрЛитНефтеГаз», 2013. – 832 с.
Мещеряков Ю.Г., Фёдоров С.В. Строительные материалы: Учебник. – СПб: НОУ ДПО «ЦИПК», 2013. – 400 с.: ил.
Киреева Ю.И. Строительные материалы: учеб. пособие. – 2-е изд., доп. – Новополоцк: ПГУ, 2010. – 356 с.: ил.
Достарыңызбен бөлісу: |