Сүйектің сырты жұқа, жылтыр сүйекқабымен қапталған .
Сүйектің сыртқы қабаты 2 қабаттан:
сыртқы- тығыз ұлпа және ішкі бөлімі- борпылдақ ұлпадан құралады.
Сыртқы қабаты сүйектің сіңірмен, буынмен, бұлшықетпен, ал ішкісі – нағыз сүйекті құрайды. Осы қабат сүйек сынғанда қалпына келтіреді және ол сүйектің қоректенуі мен өсуіне қатысады.
Сүйек қабығы мен сүйекте қан тамырлар болады. Олар сүйекті оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Сүйек қабығында көптеген жүйке ұштары болады. сондықтан ол зақымданса қатты ауырады.
Сүйектің микроскопиялық құрылысы
Сүйек жасушасы типтері:
Остеоциттер-өсіндісі бар домалақ немесе сопақша жасушалар.
Остеобластар-сүйектің өсуіне және зақымданған соң қалпына келтіретін жасушалар.
Зертханалық жұмыс: “Сүйектің химиялық құрамын”көрсететін тәжірибе
Жұмыс мақсаты:табиғи және өзгертілген микроскопиялық және макроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымдарының әртүрлі құрамбөліктерінің рөлдерін анықтау
Жұмыс барысы: сүйектің үш:күйдірілген,кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерін зерделеп кестені толтырып қорытындылаңыздар.