Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғ.Ж.Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Электр энергетика және электр техника» институты
«Электртехниканың теориялық негіздері» кафедрасы
«ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ2»
№2 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: RL-тізбектегі өтпелі кезеңдерді зерттеу
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Кужантаев Е.
Тобы: ИУТЭк-21-2
Тексерген: Айтжанов Н.
__________ _____________ «_____» ___________ 2023 ж. (бағасы) (қолы)
Алматы, 2023
Жұмыс мақсаты: бір ғана энергия жинаушы көзі бар тізбектердегі өтпелі кезеңдерді тәжірибелі зерттеудің әдеттерін алу.
1.1 Жұмысқа дайындық
ЭТН2 курсының ‹‹RL-тізбектердегі өтпелі процестер›› тарауын қайталап қарап шығу керек .
Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беру және орындау керек:
1) Өтпелі кезең дегеніміз не және не себептен олар пайда болады? Қандай тізбектерде олар туындайды?
Өтпелі кезең немесе процесс дегеніміз - бір қалыптасқан режимнен, одан өзге қалыптасқан режимге алмасу процессі. Бұндай процесстер коммутация кезінде, яғни электр тізбектерінің қосылуы немесе ажыратылуы кезінде және тізбек параметрлерінің өзгеруі кезінде (мысалы жүктеменің өзгеруі) орын алады.
Өтпелі кезеңдер индуктивті катушкалар мен конденсаторлар бар тізбектерде пайда болады, өйткені бұл элементтер магнит пен электр өрістеріне сәйкес энергияны сақтау және беру қабілетіне ие. Өтпелі процестердің пайда болуы индуктивті катушкалар мен конденсаторлардың инерциялық элементтер екендігімен түсіндіріледі, өйткені электр немесе магнит өрісінің энергиясы бірден өзгермейді. Энергия көзінің әсерінен энергияны сақтау немесе оны электр тізбегіне беру соңғы уақыт аралығында болады.
2) Индуктивтік орамы бар электр тізбектер үшін коммутация заңын жазу.
Коммутацияның бірінші заңы - индуктивтілік орамасындағы коммутацияға дейінгі ток, коммутациядан кейінгі ток мәніне тең, яғни ток лезде өзгере алмайды.
Магнит өрісінің энергиясы:
3) Өтпелі токтар мен кернеулердің қалыптасқан және еркін құраушылары дегеніміз не?
Оң бөлігі жоқ сызықты дифференциалды теңдеулерден анықталатын тоқтар мен кернеулер, уақыт өту барысында нөлге қарай ұмтылады. Бұл құраушылар сыртқы энергия көздеріне тәуелді емес болады және сондықтан да еркін құраушылар деп аталады.
Өтпелі токтың (кернеудің) қалыптасқан құраушысы коммутациядан кейін қалыптасқан сұлба бойынша анықталатын біртекті емес дифференциялдық теңдеудің дербес шешімі.
Қалыптасқан режимдегі тұрақты токтар мен кернеулер электр тізбегіндегі қалыптасқан ЭҚК немесе токтар сияқты жиілікпен өзгереді.
4) Тізбектің уақыт тұрақтысының физикалық мағынасы қандай? RL-тізбектің уақыт тұрақтысы неге тең? Экспериментті түрде уақыт тұрақтысын қалай анықтауға болады?
Уақыт тұрақтысы бұл сөну коэффициентіне кері шама. Ол өтпелі кезеңнің ұзақтығын анықтайды.
RL-тізбектің уақыт тұрақтысы: τ=L/R
Уақыт тұрақтысын тәжірибе жүзінде RL тізбегін құрып оған осциллограф және функционалды генератор құралдарын жалғап, осциллогрофта көрсетілген қисық сызықтар арқылы анықтауға болады.
5) Өтпелі кезеңнің теориялық және практикалық өту уақыты қандай болады ?
Уақыт тұрақтысы τ өтпелі кезеңнің ұзақтығын көрсетеді. Ол қаншалықты үлкен болса өтпелі кезең соншалықты ұзақ болады. Тәжірибелік ұзақтығын τ=RC формуласымен табады. Теориялық ұзақтығын осциллограф құралын жалғап, сол құралда көрсетілген қисық сызықтар арқылы анықтауға болады. Алайда көбінесе өтпелі кезеңді t=3τ уақытта аяқталды деп есептеуге болады, себебі сол уақытта еркін кернеу UCерк өзінің бастапқы мәнінің 5%-на дейін азаяды да конденсатордағы кернеу UCқ қалыптасқан кернеуге тең болады.
6) Тізбектің өшу еселеуіші дегеніміз не ?
α=1/τ - тізбектің өшу немесе сөну коэффициенті(еселеуіші). Ол τ кері шама болып табылады.
7) RL-тізбектің қысқа тұйықталуы кезіндегі iL(t), uL(t) өзгерген теңдеуін жазу ( 2.1 сурет) және графиктерін салу.
Қорытынды:
Бір ғана энергия жинаушы көзі бар тізбектердегі өтпелі кезеңдерді тәжірибелі зерттеудің әдеттерін алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |