ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Көптеген заттар сияқты, фейерверк те Қытайда жасалып шығарылған. Қазір фейерверктердің түрлері өте көп.
Фейерверктердің барлық түрлері әр дәрежеде қауіпті. Өкінішке орай, фейерверкті сатып алған жерде тексеріп алуға болмайды, сондықтан сапасын тексеру үшін орауын жақсылап қарап алу керек.
- Ең алдымен, орауы бүтін ашылмаған болу керек. Егер орамасы қағаздан жасалған болса, дымқылданбағандығын тексеріп алыңыз. Су тиген қағаз кедір-бұдыр, бояулары салтақ болады. Су тиген фейерверкті сатып алудың қажеті жоқ, ол жанбай қалуы мүмкін.
- Фейерверк тасымалдау барысында зақымдалмағанын тексеріп алыңыз. Қолыңызды созып тұрып, ораманы кішкене сілку қажет: егер оның ішіндегі оқ-дәрісі шашылып жатса – онда құрал тасымалдау кезінде зақымдалған. Маркаларына назар аударыңыз. Сапалы тауардың орамасында міндетті түрде ГОСТ нөмірі, сонымен бірге тауардың отандық өндіруші немесе жеткізіп беруші (сатушы) көрсетіледі. Егер осындай мәліметтер көрсетілмесе, онда өнім заңсыз шығарылып, сатылып жатыр және ондай тауарды сатып алуға болмайды.
- Фейерверктің міндетті түрде қолдану бойынша мемлекеттік тілде жазылған нұсқауы болуы керек.
- Маңызды ақпараты – оның сақталу мерзімі. Сақталу мерзімі көрсетілмеген, өтіп кеткен немесе аяқталып қалған өнімді сатып алмаңыз.
- Барлық пиротехникалық өнім сертификатталуы қажет. Сапа сертификаты сатушыда сақталады.
- Сапасына және қауіпсіздігіне күдіктенбеу үшін, фейерверкті базардағы сатушылардан емес, фирмалық дүкендерден сатып алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |