Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліулеріңіз сұрал ады. Сізден балаңыздың қауіпсіздік ережелерін сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауыңызды сұраймыз.
Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
Балаңыздың қай жерде және кіммен жүргендігін үнемі біліп отырыңыз;
Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отырыңыз;
Түнгі уақытта тұрғын үй жәйдан тыс жерде ата-анасының еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден кейін далада жүрмеуді қадағалаңыз;
Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отырыңыз;
Компьютер немесе телефон пайдаланғанда қажет емес сайттар мен ойындарға кіруіне тыйым салыңыз;
Бүгінгі күнде қоғамда адам өміріне қауіп төндіретін, зорлық-зомбылық жағдайлардың ішінде, баланы ұрлау, жәбірлеу жолдары, өзіне қолжұмсау жағдайлары кездеседі. Осы жағдайларды болдырмау үшін қоғам, соның ішінде ата-ана баланың уақытын тиімді ұйымдастыруы қажет. Баланы аялау, жылы сөйлеу, назар аудару, баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпал етіңіз;
Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайтындығын ескертіп отырыңыз;
Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қақтығыстар, әлімжеттік жасау және жабылып соққыға жығу фактілері көптеп орын алып жатыр. Сол себепті де балаңызды ұялы телефонда кіммен сөйлесіп, немен айналысып жатқанын үнемі бақылап отырыңыз;
Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жүргізуші куәлігінсіз автокөлік жүргізуге болмайды. Мұндай жағдайға рұқсат жоқ. Балаларға ата-аналары үйде жоқ кезде рұқсатсыз автокөлікті жүргізіп кетуге қатаң тыйым салыңыз. Жол оқиғасы орын алған жағдайда ата-аналарының (көліктің иесі) жауапкершілікке тартылатынын ескертіңіз.
Аталған нұсқаулықтардың орындалуы, талаптардың қатаң сақталуы, жауапкершілігі ата-аналарға міндеттеледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Құрметті ата-ана! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
Балаңыздың қай жерде және кіммен жүргендігін үнемі біліп отырыңыз;
Түнгі уақытта тұрғын үй жәйдан тыс жерде ата-анасының еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден кейін далада жүрмеуін қатаң бақылауға алыңыз!