ҚҰрметті ата-аналар және оқушылар!



Дата15.05.2020
өлшемі183,5 Kb.
#68883
Байланысты:
Қашықтықтан байқау
ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ-2020

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!
Мұнайлы аудандық білім бөлімі қашықтықтан өтетін байқауларға белсенді қатысуға шақырады.
Мұнайлы аудандық білім бөлімі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде балаңызбен үйде бос уақытты қызықты әрі тиімді пайдалану үшін «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» атты ұлттық құндылықтарға бағытталған төмендегі қашықтықтан өтетін байқау тақырыптарын ұсына отырып, қашықтықтан байқауға қатысуға шақырады.

Қашықтықтан өтетін байқау тақырыптары:
1. «Ата өнері-балаға мұра» (отбасының ата кәсібі: ұлттық бұйымдар жасау жолын көрсету. Мыс: қамшы өру, ою ою, ұршық иіру, зергерлік, т,б,);

2. «Кітап –алтын қазынам» (Отбастарыларымен бірге оқыған кітаптарын сұқбат түрінде, ертегі желісінде, сұрақ-жауап,т.б., түрлі бағытта мазмұнын жеткізу);

3. «Артында мал қалғанша, тал қалсын» (аулаңызды көгалдандыру бойынша)

4. «Өнерліге өріс кең» (бұл байқауда ұлттық құндылыққа бағытталуы қажет, аспапта ойнау және ән айту, тамақ пісіру, тоқыма тоқу, сурет салу, мәнерлеп оқу, спорт түрлерімен айналысу, т.б.)



Байқауға қойылатын талаптар:

  1. Отбасыңызбен бірге берілген тақырыптың біреуін таңдау керек;

  2. Отбасы мүшелері толық қатысу керек;

3.Таңдаған тақырып бойынша 2020 жылдың 3 мамырына дейін 3-5 минуттан аспайтын тақырыпты ашатын, отбасылық ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, видео түсіріп, балаңыз оқитын мектепке жіберу керек;

4. Білім беру ұйымдары ата аналардан келген видеоларды 2020 жылдың 3 мамыр күні мектептің әлеуметтік желілеріне жариялау керек;

4. 2020 жылдың 10 мамырына дейін жібереді мектеп үздік деп танылған әр тақырып бойынша бір видеоны Мұнайлы аудандық білім бөлімі munaylyrayoo@mail.ru поштасына жолдайды;

5.2020 жылдың 11-13 мамыры күндері аралығында Мұнайлы аудандық білім бөлімінің Facebook парақша жарияланады. Сол жарияланған видеоны әлеуметтік желіде жазылған пікірлер мен жинақталған лайктер арқылы (басым бағытта пікірлер қаралады).

6.Әлеуметтік желіде пікір жазу және лүпіл (лайк) жинау 2020 жылдың 24 мамыр күні тоқтатылады. Қорытынды 2020 жылдың 31 мамырға дейін білім бөлімінің Facebook парақша жарияланады.

7.Байқау нәтижесі бойынша Мұнайлы аудандық білім бөлімінің I, II, III дәрежелі орын дипломдарымен марапатталады.



Қашықтықтан байқауларды ұйымдастырушылар сіздерден ҮЙДЕ БОЛУДЫ және тақырыпты толық ашу, белгіленген минуттан аспауды, әлеуметтік желіге уақыттан кеш қалмай жариялау үшін балаңыз оқитын мектепке жіберуді сұрайды.

#үйдебол #үйденшықпа #бізбіргеміз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет