Роман бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата25.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#104907
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Шырағың сөнбесін Тахауи Ахтанов

қалды. Жанарын төмен салып, бұйығып қана үнсіз отыр.
Ар  жағының  не  болғанын  ішім  сезеді.  Светаның  бойына  еркектер  көз
салса  –  ақ  көздері  кілегейленіп  шыға  келетін  бір  пəле  бар.  Оның  басқа
жұртқа  назар  салып,  сиқырлық  жасағанын  көрген  емеспін,  бірақ
жаратылыстан нəзіктігінен бе, əлде əйел жанының бусанып тұрған бір лебі
ме, əйтеуір еркекті өзіне еріксіз тартып алады. Сонысы сор болып ана неміс
те тап бола кеткенін қарасайшы. Өзін қинап ар жағын айтпай – ақ қойса деп
тіледім.
— Үлкен пəлеге ұшырадым ғой – деді Света басын көтерместен.
— Немене, зорлады ма сені? – деп қалдым. Сұрамайтын – ақ нəрсем еді.
Аузымнан шығып кетті.
Света  салбырап  отырған  басын  көтерместен  қиғаш  бұрылып  маған
қарады. Көзқарасы бір түрлі: «Ал түкір бетіме» деп тұрған сияқты.
— Менің өзім қаншық болып шықтым, — деді ақырын ғана.
— Не дейсің? – деп қалдым таңырқап. Тағы да өкіндім, қиналған жерін


қазбалай беріп нем бар еді.
Света  басын  көтерместен  қайта  сөйлеп  кетті.  Сірə,  ішіндегісін  түгел
ақтарып, өзін — өзі шабақтап алмай тоқтайтын түрі жоқ.
— 
Сол  офицері  құрғыр  еркектік  шыдамсыздық  жасап,  маған
қаттырақ қол салса... онда қарсыласар едім, айқайлап алысар едім... адам
бір ашынып, өшігіп алса неге болса да төзеді ғой. Мына құрғыр титтей де
дөрекілік  жасамады.  Орынсыз  жерге  қол  да  жүгіртпеді.  Менің  ойымды
қағаздан  оқып  отырғандай  —  бір  қия  баспады.  Тіпті  сыпайы.  Сыпайы
болғанда  орынсыз  ебелектеп,  не  ыбылжып  тұрған  жоқ,  кəдімгі  табиғи
қалпы.  Өзі  баттитып  көрсетпесе  де,  осы  адамның  өзіңнен  өресі  көп
жоғары  екенін  біліп,  ығында  кеткеніңді  білмей  қаласың.  Ал,  жымиғаны
бар  —  ау,  сенімен  əлдеқашан  сырласып,  бəрін  ұғып  қойған  адамның  езу
тартысы.
Сен  айтушы  едің  ғой,  «қалауын  тапса  қар  жанады»  деп,  бұ  да  сол
қалауын тапты ма, білмеймін, онша қыстамай — ақ біраз ішкізіп жіберді.
Шырақтың қара көлеңкесі қалтылдаған көмескі сəулесі кісіге бүгінгі халін
ұмыттырып, өң мен түстің арасындағыдай бір күйге түсіреді екен. Қара
көлеңкеде  қарулы  еркектің  білегі  мойныма  жұмсақ  оралып,  ақырындап
өзіне тартып үлкен кеудесіне сіңіріп бара жатты...
Света екі шекесін қос қолдап қысып, төмен қарады. Менің көз алдыма
ұрысқақ  Мусяны  атып  тастайтын  солдат  елестеді:  о  да  осы,  Света  айтқан
офицер  сияқты,  ұзын  бойлы,  сымбатты  болатын,  өзге  солдаттар  əйелдерге
əукесін  салып,  сасып  —  пысып  жатқанда,  ол  қарқылдап  күліп  алып,  ауыз
гармонын  ойнап  тұра  берген.  Светаға  «тоқташы  енді»  дегенімше  оның  өзі
де  іркіліп  қалды.  Қос  тізесін  қапсыра  құшақтап  алып,  иегін  тізесіне  тіреп
көзі  мұнарланып  бұйығып  отыр.  Айтылмаған  əңгімесі  алқымына  тіреліп,
көз  алдынан  тізіліп  өтіп  жатыр.  Мұнарланған  анау  көгілдір  көздері,  сөніп
қалған отты, я қарсы алдындағы мені көріп отырған жоқ, «кешегіні» көріп
отыр.  Бет  əлпетінен  танып  қалдым,  қазір  тағы  сөйлейді,  маған  айта  ма,  я
мына  қалың  орманға  айта  ма,  бұл  енді  ақтарылып  болмай  тоқтамайды.
Бірақ ақтарылғанмен арыла ала ма?
— Білмеймін, сол өзі адам ба, əлде адам бейнесіндегі сиқыршы сайтан
ба. Бұрын өмірімде көрмеген бір халге түстім.


Света  кенет  қабағын  түйіп,  сəл  бөгелді  де  содан  кейін  менің  бетіме
қарады. Жаңағы: «ал, топырақ шаш, түкір бетіме» деген қарасы.
—  Meн  «дүниенің  бəрін  ұмытып  кеттім»  дедім  ғой.  Coған  сеніп
отырсың  ба?  Жоқ,  адам  еш  нəрсені  мүлдем  ұмытып  кете  алмайды  екен.
Николай  да  ауық  —  ауық  көзіме  елестеп  кетеді,  орман  ішіндегі  сені  де


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет