-
Жас адамның алғашқы махаббаты деген қатты болады ғой. Мен де
қатты құладым. Бір күн көрмесем, дүниеде мен үшін ондай азап
болмайтын. Адам деген қызық — ay, біреуді жақсы көрсең, оның өзі ғана
емес, бүкіл төңірегі, киген киімі, ұстаған мүлкіне дейін ыстық болады
екен. Айттым ғой, жұпыны тұратын адамдар еді, маған солардың
кішкентай бөлмесі, үй ішіндегі тозығы жеткен мүлік жабдықтары түгел
ұнайтын. Сол жігіттің шешесі де маған қатты ұнаған. Жасы елуге
жақындағанмен бір ерінбейтін іскер адам еді, жоқты бар қылып, үй ішін
де тап — тұйнақтай таза ұстайтын. Саша шешесін жақсы көретін де,
бір сөзін екі етпейтін. Содан ба, оның шешесін мен де жақсы көріп
кеттім. Бірақ Раиса Семеновнаның өзі де жақсы көрмесіңе қоймайтын
адам болатын. Білмеймін, өзге жұртқа ер мінезділеу, қаталдау да
көрінетін, шығар, бірақ маған деген ықылас, ниеті өзгеше еді. Үйіне мен
кіріп келсем, көптен көрмей қатты сағынып қалған адамдай жадырап қоя
беретін. Шайын ба, кофесін бе, несін берерге білмей, асты-үстіме түсіп
бəйек боп қалатын. Кейде Саша жоқ болса, екеуміз отырып алып қатар —
құрбыша əңгіме соғатынбыз. Кəдімгі сырлас қатындарша еш нəрсемізді
бүкпей барымызды ақтарып салатынбыз. Əлі түк көрмеген кішкентай қыз
балаға көп білетін, көпті көрген кексе əйелмен сырлас болудың өзі мəртебе
екен. Өзің де көпті көрген, көп нəрсенің сырын білетін адамдай марқайып
қаласың. Раиса Семеновна өте ескерімпаз да кісі болатын, Саша үйде
болса, көп айналсоқтамай, бір сенімді сылтауы табылып, бізді оңаша
қалдырып кететін. Саша былай сымбатты, мықты жігіт болғанмен, мені
шын жақсы көргендіктен бе, білмеймін, əдептен асып көрген емес. Жалпы
өзінің мінезі сыпайы, сынық болатын. Сондай ер жүзді, қауқарлы
жігіттің өктем, дөкірлігі жоқ, мінезінің биязылығы да маған қатты
ұнаушы еді. Ғашықтық деген де ішпей-жемей есіңді алатын мастықтың
бір түрі ғой деймін, маған өзім өскен ұям, кең сарайдай төрт бөлмелі,
жиһазды пəтерімнен, аналардың кішкентай тар бөлмесі ыстық болып
бара жатты. Кино, театр, кештерге бармағанда көбіне сол үйде
кездесеміз, өйткені біздің үйге келгенде Саша өзінен өзі қысылып
ебедейсізденіп қалады. Тіпті үй оңаша болса да, еркінсіп кете алмай аяғын
еппен басады. Біздің үй жалпы кең болғанмен маған да тарлық ете
бастады.
Сашаны
ата-анама
таныстырғанмын,
бірақ
Раиса
Семеновнаның маған берген пейілін, олар Сашаға бере қойған жоқ. Сынай
қарап, сыпайы ғана сөйлеседі. Содан, қанша ерке өссем де, қысылатынды
шығардым. Оның үстіне Раиса Семеновна да маған шешемнен бетер
сырлас болып алды, кейбір мамама айтпайтын сырымды да со кісіге
айтатын əдет таптым ғой. Қалай айтпассың, Раиса Семеновнаның бар
арманы Саша екеуміздің бақытты болуымыз, екеуміздің қызығымызды
көру. Менің бір байқағаным, Надя, кісі ғашық болғанда көкірегіндегі бар
қуанышын сүйгеніне айтып тауыса алмай, тағы да бір соны бөлісетін
жақын адам іздейді екен. Менің сондай адамым Раиса Семеновна болды.
«Жаңа жылды біздің үйде қарсы алайық» — деді Саша. Мен өзім
кішкентайымнан онша сауықшыл қыз емес едім, Көбіне үйде пианино
ойнап, кітап оқып отыра беретінмін, ал ғашық болғасын, өзге топқа
Достарыңызбен бөлісу: |