Роман бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата25.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#104907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Шырағың сөнбесін Тахауи Ахтанов

жағынан  мені  жұбатып,  бір  жағынан  тиісті  жерлерге  жүгірді.  «Адал
адам  нақақтан  күймейді.,  ақталады,  қайтсе  де  ақталады»  деп  маған
жұбаныш  айтады.  Бірақ  онысынан  əзір  еш  нəрсе  шыға  қоймады,  тіпті,
папама жолыға да алмапты. Содан үшінші күні, «баласымын ғой, мүмкін
мені жолықтырар» деп передача түйіп алып, жатқан жеріне мен бардым.
Мені де жібермеді. Бар айтқандары: «Кейін белгілі болады, кейін келерсіз»,
—  деді.  Ол  «кейіннің»  қашан  екенін  жəне  айтпады.  Содан  қайтып  келе
жатып  Сашаның  үйіне  соққым  келді.  Екі-үш  күннен  бері  есімнен  танып
жүріп,  оны  да  ұмытып  кетіппін,  телефон  соға  қоятын  үйінде  телефон
жоқ.  Мамамнан  кейінгі  ендігі  қалған  тірегім  Саша  мен  Раиса  Семеновна
еді.  Енді  соларға  соғып  ішімдегі  бар  қасіретімді  шығарып,  шерімді
тарқатқым  келді.  Есікті  Раиса  Семеновнаның  өзі  ашты.  Оны  көрісімен
«Раиса  Семеновна!»  деп  дауыстап  жіберіп,  кеудесіне  құлап  еңкілдеп
жылай  бердім.  Не  айтып,  не  қойғанымды  да  білмеймін,  əйтеуір
жылағаным  есімде.  Қанша  жылағанымды  да  білмеймін,  бір  кезде  барып
«Саша  үйде  ме»  деп  сұрадым.  Раиса  Семеновна  мені  кеудесінен  бөліп


тікейтіп  қойды  да,  «Саша  үйде  жоқ»  деді.  Даусы  құлағым  үйренген
əуенінен  бөлек  шықты  ма,  осы  сөзден  селт  етіп,  бетіне  қарасам  Раиса
Семеновнаның жүзі де сап — салқын екен. Coдан бір түрлі суынып қалдым
да: «Саша... Саша қашан келеді?» деп сұрадым. Осы кезде кухня жақтан
бір орындық сықыр-сықыр ете қалды. Бұлардың ас пісіретін титтей ғана
бөлмесі  болатын,  онда  бір  тозығы  жеткен  сықырлауық  орындық  бар  —
тын. «Саша бүгін үйге келе алмаймын деген, институт оларды бір жаққа
жіберетін  көрінеді»  деп  Раиса  Семеновна  орындықтың  сықырымен
жарыса жауап берді маған. «Ана жақта біреу бар ғой? Ол Саша емес пе?
Саша...»  деп  дауыстап  жібердім.  Раиса  Семеновна  бір  түрлі  сасып
қалғандай  болды,  тіпті  кухня  жақ  есікке  көлденеңдей  тұра  қалып:  «жоқ,
жоқ,  ол  менің  подругам.  Мен  саған  қашан  өтірік  айтып  едім.  Саша  жоқ
дедім  ғой.  Неге  сенбейсің»  деп  өзіме  тұңғыш  рет  кейіп  тастады.  Осы
кезде  «подругасы»  орындықты  тағы  бір  сықыр  еткізді.  Кейи  алмайтын
адамыңа  бір  кейіп  бастап  алсаң  ар  жағын  айту  оңай  болады  ғой,  Раиса
Семеновна  да  бастырмалатып  маған  ұрса  бастады:  «неге  айтқанға
сенбейсің,  Сашаны  тауып  бер  деп  есімді  тандырғаны  несі.  Жап-жас
болып  жігіттің  артынан  жүгіріп...  Сашаға  жармасып...»  не  айтып
жатқанын  шала  түсініп,  рас  па,  өтірік  пе  деп  таңырқап  Раиса
Семеновнаның бетіне қарасам...
Света қатты шіміркеніп, оқыс іркіліп қалды да:
Ондай нəрсені құдай саған көрсетпесін, Надя,— деп ауыр күрсінді.
Мен  де  үнсіз  отырмын.  Ашылмаған  адамның  өзі  кісіге  жұмбақ  болады
екен  —  ay,  баяғыдан  бері  бірге  жүріп  басында  осынша  қасірет  барын
білсемші.  Света  бір  бастап  кеткен  соң  сырын  түгел  айтып  түгескісі  келді
ғой деймін, сөзін қайта жалғады.

Сол  жолы  мен  қатты  түңілдім.  Адамнан  да,  өмірден  де  түңілдім.
Мамама  да  еш  нəрсе  айтпадым.  Оның  өзі  жанын  қоярға  жер  таппай
жүргенде  папамның  қайғысының  үстіне  қайғы  жамап...  Бірақ  ана
жүрегінің  сезбейтіні  болмайды  екен.  Мені  папамның  қайғысынан  жүдеп
кетті  деп  ойлауына  болар  еді  ғой,  бірақ  ішімде  сыры  бөлек,  өзгеше  бір
қасірет  жатқанын  сезіпті.  Сұрады.  Бəрін  айтып  бердім.  Менің  мамам


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет