Ros тақырыбы: Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі. Топтағы адамдар тізімі



бет2/6
Дата03.02.2022
өлшемі120,56 Kb.
#130635
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
рос философия

II. Негізгі бөлім

2.1 Адамның абсурдтық тіршілік ету қабілеті (экзистенциализм филлософиясы)

Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сұру ) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дұниежұзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты.

Өткен ғасырда өмiр сұрген дат философы С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң, орыс жазушысы дiң ойларының өзектiгiн көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар-көзiне айналды.

ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғанда,- адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.

Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал² деген категорияға көп көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, ұрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауып тұскен жағдайда, оның жан-дұниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда,“өмiрде-болу² тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағнасын терең аша алады.

Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi. Ерiктiк - “қажеттiктi тану², я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал ерiктiк дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.

Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу,яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiктi содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң айтуына қарағанда, “адам табиғи дұниедегi үзiлгендiк², екi жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан, оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның құдайлығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi, Христостың өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi.

Экзистенциализмнiң ерекшелiктерiнiң бiрi - жеке адам мен әлеуметтiк болмысты бiр-бiрiне қарсы қою, осы адамзат болмысының екi жағының бiр-бiрiмен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам өмiрiнiң ерекшелiгi - өмiр сүру мен мәндiктiң, болу мен алудың, таным мен түсiнудiң арасындағы тебiренiс, таңдау. Мұның өзi адам болмысының трагикалық жақтарын көрсетедi

Дiни экзистенциализм бұл мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады. Г.Марсельдiң ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейдi. Ал шынайы болмыс, негiзiнен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - “Ол емес², “Сен², сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бiр-бiрiмен iштесуi, ең құпия тереңде жатқан тебiренiстерiмен бөлiсуi - шынайы болмыстың алғышарты. Ол ұшiн, яғни басқа адамның терең сырына жетiп шынайы болмыстық дәрежеге көтерiлу тек махаббат арқылы ғана іске асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет