Роза Әбілғазықызы Махамбетәлиева Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы



Дата23.08.2017
өлшемі314,53 Kb.
#25459
Роза Әбілғазықызы Махамбетәлиева

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы

І БЛОК САБАҚТЫҢ МАҚСАТТЫЛЫҒЫ

Пән атауы: Қазіргі қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі

Базалық:

-Зат еcімнің лексика-грамматикалық сипаты туралы түсінік қалыптастырады;

-Зат есімнің грамматикалық категорияларын нақтылайды;

- Зат есімнің синтаксистік қызметі туралы мәлімет алады.



Кәсіптік: Теориялық білімін тәжірибеде қолдануға, өндіріске жақындатуға, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бейімдейді.

Коммуникативтік: Болашақ тіл мамандарына өз ойларын жеткізе білуде әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, сауатты сөйлеуге дағдыландыру

Проблеманы шешу: Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын, грамматикалық категорияларын, синтаксистік қызметін оқыту арқылы басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін айқындау

Сабақтың міндеттері:

а)Білімділік: Оқушыларға зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі туралы мәлімет беру, жасалу жолдарын тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту

ә)Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірін тыңдап, сыйлай білуге, берілген тапсырмалар мен ойындар арқылы адамгершілікке, сыйластыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу. Ізденушілік, еңбексүйгештік қаблеттерін арттыру, мысалдар арқылы елжандылыққа баулу, ұлттық құнды әдеби мысалдарды дәріптеуге үйрету

б)Дамытушылық: Теориялық білімдерін жан-жақты салыстырулар жүргізе отырып дамыту, жүйелі түрде білімдерін көрсете алуға дағдыландыру, ақпараттық материалдар арқылы білімдерін толықтыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау

Сабақтың типі: Брифинг сабақ

Сабақтың түрі: Дәріс сабақ

Оқытудың технологиясы, әдістері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, «сурет таңдау» тренингі, жаттығумен жұмыс, хат сұрақ әдісі, Блум әдісі, топтастыру, «түс таңдау» әдісі, мәтінмен жұмыс, тақтамен жұмыс, сатылай комплексті талдау, дискуссиялық карта, тест жұмысы, екі жұлдыз бір ұсыныс әдісі

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, өзін-өзі тану,
Болжам етілетін нәтиже: Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын, грамматикалық категорияларын, синтаксистік қызметін жан-жақты үйрету, тәжірибеде қолдануға бейімдеу.

Қалыптасатын:

а) білім: Зат есімнің лексикалық сипатын, грамматикалық категорияларын, сөйлемдегі қызметі туралы мағлұматын жан-жақты қамту

ә) білік: -Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін;

-Зат есімнің лексика-грамматикалық сипатын;

-Зат есімнің сөйлемдегі қызметін.

б) дағды: Мәтін ішінен зат есімдерді тауып, мағыналық, тұлғалық, құрамдық түрлеріне назар аударту, практикалық жұмыс жасату.



ІІ БЛОК «САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ»

Қолданылатын дидактикалық материалдар:

Таратпа материалдар: кеспе қағаздар

а) Негізгі әдебиеттер:

А. Байтұрсынов, Тіл тағлымы, Алматы: Ана тілі, 1999

А. Ысқақ, Қазіргі қазақ тілі, Алматы: Ана тілі, 1991 ж

А. Салқынбай, Қазіргі қазақ тілі, Алматы: Қазақ университеті, 2009

Н. Оралбай, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Алматы: Қайнар, 2007

ә) Қосымша әдебиеттер:

Ш. Бектұров. Қазақ тілі. 1998

Ғ. Қалиев, Н. Оралбаева, Б. Қасымова, Б. Шалабаев, О. Төлегенова, Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы), Алматы: Ана тілі, 1997

Қолданылатын техникалық құралдар: нетбук
ІІІ БЛОК «ҰЙЫМДАСТЫРУ-РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ»

І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

Оқытушы іс-әрекеті

-Оқушылармен сәлемдесу,

-Оқушыларды түгендеу,

-Сабаққа назарларын аудару;

-Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын дайындайды.



Күтілетін нәтиже

Ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.



Үй тапсырмасын сұрау
Теориялық тапсырма

Сөз таптарына байланысты ғалымдар пікіріне тірек сызба дайындау.


Практикалық тапсырма

№181-жаттығу



Шығармашылық тапсырма

І топ

Сөз таптарына байланысты ертегі құрастыру.



ІІ топ

Сөз таптарын қатыстырып, өлең құрастыру



ІІІ топ

RAFT әдісі бойынша «Сөз таптарына» монолог жазу.



Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар теориялық тапсырма бойынша ғалымдар пікіріне тайындаған тірек сызбаларын қорғайды.


Жаттығу жұмысын оқып шығады.
Әр топ өз қатарына берілген тапсырмаларын оқып шығады.
Күтілетін нәтиже

Өткен сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.


ІІ. Сабақтың тақырыбы

Мақсаттың қойылуы

Сабақ тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі
Сабақтың мақсаты: Зат есім. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, грамматикалық категориялары, синтаксистік қызметі туралы мәлімет беру, жасалу жолдарын тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту.
Сабақ кезеңдері:

Блум таксономиясы арқылы сабақты өту

  1. Білу кезеңі – Топтастыру әдісі арқылы «Зат есім» туралы білетіндерін еске түсіру.

  2. Түсіну кезеңі – Зат есімнің ережесіне, мағыналық, тұлғалық түрлеріне және қызметі жайлы айтып өту.

  3. Қолдану кезеңі – Мәтінмен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру,

  4. Талдау кезеңі –

а) Оқулықтан жаттығу жұмысын орындау;

ә) Сатылай комплексті талдау жасау.



  1. Жинақтау кезеңі -

а) Дискуссиялық картаға жауап беру.

ә) Тест тапсырмасын белгілеп шығу.



  1. Бағалау кезеңі - «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Бағалау парағы» арқылы бағаланады.


Оқушы іс-әрекеті

Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;

Сабақ барысын, орындалатын жұмыстар реттілігін біледі.
Күтілетін нәтиже

Айтылым әрекеті жүзеге асады.
ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

І БІЛУ КЕЗЕҢІ

Әр топ топтастыру әдісі арқылы «Зат есім» туралы білетінін еске түсіріп жазады.




ІІ ТҮСІНУ КЕЗЕҢІ
Зат есімдер туралы ғалымдар пікірі


А. Байтұрсынов

Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды, осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз. Сұрақтары: кім? не?

А. Ысқақ


Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кезедесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, үғымдар мен түсініктерді қамтиды.

Н. Оралбай

Зат есім – жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы.

С. Исаев

Зат есім – семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты) және адамнан басқа затқа байланысты не? деген сұрақтарға жауап береді.

Ш. Бектұров

Сөйлемде кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағынада жұмсалатын сөздерді зат есім дейміз.




«Түс таңдау» әдісі арқылы әр топ зат есімдерге байланысты берілген тақырыптарды таңдап айтады.
Сары түс – Зат есімнің анықтамасы, тұлғалық, мағыналық түрлері
Қызыл түс – Зат есімнің жұрнақтары
Көк түс – Зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

Зат есім

Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Зат есім тұлғасына қарай:

а) Негізгі зат есім



Мысалы: тау, тас, орман.

ә) Туынды зат есім



Мысалы: достық, адамгершілік.
Зат есім құрамына қарай:

а) Дара зат есім



Мысалы: өнерпаз, арбекеш, кітап.

ә) Күрделі зат есім



Мысалы: достық, адамгершілік.
Зат есім мағынасына қарай:

а) Деректі (нақтылы)зат есім



Мысалы: терезе, тақта, бор.

ә) Дерексіз (абстрактылы)зат есім



Мысалы: айла, ақыл, дау.
Жалпылай немесе жекелей атауына қарай:

а) Жалқы есім



Мысалы: Айнұр, Қарағанды, Алматы

ә) Жалпы есім



Мысалы: еден, бор, гүл
Зат есімнің жұрнақтары үшке жіктеледі:

  1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар

  2. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар

  3. Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар


Зат есімінің грамматикалық категориялары:

  1. Көптік категориясы

  2. Тәуелдік категориясы

  3. Септік категориясы

  4. Жіктік категориясы



Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

1.Бастауыш – зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады.


2.Баяндауыш – зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.
3.Анықтауыш – зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.
4.Толықтауыш - зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, анықтауыш болады.
5.Пысықтауыш – зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе түбір тұлғада көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады.


ТАЛДАУ КЕЗЕҢІ

ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС

50-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдерге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.

Зат есімдер: оқушыларым, ұрыстарда, достарың, өмірді, жеріңді, шөбін, мектебіңді, оқушыңды, партада, орныңды, ақылы, әкең, шешеңнің, еңбекте, қолдарың, әжімін, еліңнің, даңқын, еңбек, Олегтың, өмірі, күресі, үлгі.
«МЕНІ ТАҢДА» әдісі

Жасырылған сөздер: Баян, Әлияны, әншілер, сыбызғышыларды.

Төмендегі үлгі бойынша сатылай комплексті талдау жасау



  1. Cөз табы

  2. Тұлғасына қарай

  3. Құрамына қарай

  4. Лексикалық мағынасы

  5. Грамматикалық мағынасы

  6. Сұрағы

  7. Мағынасына қарай

  8. Қоымшалары


Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар білу кезеңінде «Зат есім» туралы білетіндерін еске түсіреді.

Оқуышылар түсіну кезеңінде зат есім туралы ғалымдар пікірін саралайды.
Күтілетін нәтиже

Тыңдалым әрекеті жүзеге асады.
ІҮ. Алған білімді бекіту
ҚОЛДАНУ КЕЗЕҢІ

Мәтінмен жұмыс

Сыбызғы

Сыбызғы - үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тетігі бар. Үрлеу арқылы сол тетіктен дыбыс кезек-кезек шығарылып, әр түрлі үн пайда болады. Сыбызғының үні желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі келеді. Сыбызғы, анығында, ағаштан және қурайдан жасалады. Ол бақташылар арасында кең тараған.

Мәтін бойынша сұрақтар


  1. Мәтінде бармақ басатын үш тетігі бар аспап қалай деп аталған?

  2. Сыбызғының үні қалай пайда болады?

  3. Мәтінде "сыбызғы" аспабының үні қандай деп көрсетіледі?

  4. Мәтінде "сыбызғы" қандай материалдан жасалады деп көрсетеді ?

  5. Мәтінде сыбызғы кімдердің арасында кең тараған деп көрсетеді?


Мәтін бойынша топтық тапсырмалар

(Санды таңдау арқылы)


1-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, сөйлемдегі негізгі қызметін айту.

2-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне қарай ажырату.

3-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасау, қосымшалардың түрін айтып шығу.
Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар талдау кезеңінде жаттығу жұмыстарын орындайды

Сатылай компексті талдау жұмысын жүргізеді.

Күтілетін нәтиже

Айтылым дағдысы жүзеге асады


Ү. Білімді бақылау

СЕРГІТУ СӘТІ

«Тез ойла, жылдам жауап бер» ойыны


Шарты: Әр топтан бір-бір адамнан шығып, соңғы әрпі зат есімнен басталатын деректі зат есімдерді тізбектеп айтады. Кім тоқтаса, сол адам ойыннан шығып отырады.
ЖИНАҚТАУ КЕЗЕҢІ
Дискуссиялық картамен жұмыс


Сұрақтар

иә

жоқ

Зат есім заттың сынын білдіреді.




+

Зат есімдер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.

+




Зат есімнің бес түрлі грамматикалық категориясы бар.




+

Зат есім мағынасына қарай екіге бөлінеді.

+




-Шы, -ші етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар




+

«Ақыл, сезім» сөздері мағынасына қарай деректі зат есімдер




+

Зат есім құрамына қарай екіге бөлінеді

+




«Мен жақсы оқушымын» деген сөйлемдегі зат есім сөйлемде бастауыштық қызмет атқарып тұр




+


Тест жұмысы

Әр оқушыға тест парақтары таратылады.


Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар «Тез ойла, жылдам жауап бер» ойыны арқылы жарысады.

Оқушылар жинақтау кезеңінде дискуссиялық картаға жауап береді.

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.


Күтілетін нәтиже

Айтылым мен жазылым дағдысы жүзеге асады. Сабақ барысында алған білімдерін жинақтайды.


ҮІ. Қорытынды

Бүгінгі сабақ екі түрлі әдіспен қорытындыланады



  1. Тәтті сұрақтар

Шарты: Кәмпитерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтарын атаңыз?

2) Зат есім дегеніміз не?

3) «Айна» сөзін тәуелдеңіз?

4) Туынды зат есімге мысал келтіріңіз

5) Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметін атаңыз?





  1. Даналық ағашы

«Даналық ағашына» нені біліп, нені үйренгенін жазады.

Рефлексия

Бүгін сабақта мен?

Үйрендім

 

Қызық болғаны

 

Қиын болғаны

 

Ең ұнаған тапсырма

 

Маңызды болғаны

 

Менің түсінгенім

  


Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар стикерлерге жазып, «Даналық ағашына» жабыстырады. Оқушылар сабақ барысы туралы ой-пікірлерін жүйелеп айтады.



Күтілетін нәтиже

Сабаққа сараптама жасауға үйренеді



БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ

Оқушылар «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалап, ұсыныстарын жеткізеді.


Оқушы іс-әрекеті

Тыңдалым мен айтылым дағдысы жүзеге асады.


ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

Теориялық тапсырма Зат есім туралы тірек сызба дайындау

Практикалық тапсырма №186-жаттығуды орындау

Шығармашылық тапсырма А. Құнанбаевтың бес өлеңін көшіріп жазып, зат есімдеріне талдау жұмысын жүргізу

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк  түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.                                       

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге  құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.                                                                 

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар                   

Тақырыбы :  «Түрлі түсті көңіл күй»
Мақсаты :
Баланың  дамуына, психологиялық  тұрғыдан дені сау жеке  тұлға болып қалыптасуына  отбасы тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы  пікір бөлісу.
Міндеті:
1. Отбасының балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру;
2.  Ата-аналарды өздерінің балаларының жан- дүниесін түсінуге шақыру.
3.  Жақсы көңіл күй  орнату.
Қолданалатын әдіс-тәсілдер: пікір алмасу,сұрақ- жауап, психологиялық жаттығулар, тренингтер.
Қажетті құралдар:  интерактивтік тақта, түрлі түст  маркерлар, көңілді әуендер.
Жұмыс жоспары:
1. Тренинг: Танысу «Бейджик»
2. Слайд «Мен  күнмін»
3.Тренинг :  «Көңілді   әріпптер»
4. Арт-терапия элементерін  қолдану .  «Монотипия »  жаттығу   ата-аналар мен тәрбиеленушілер бірге   орындайды
5 . Арттерапияның  элементтерін  қолдану   «Түрлі түсті көңіл-күй»   жаттығу  түрлі түсті   бормен  түзды бояп сурет  салу .
6. Тренинг  « Ата-ана  махаббаты»   балаға деген махаббаты   туралы  айту .
7.  Қорытындылау
Өткізілу барысы :
Психолог :  Сәлеметсіздер ме, балалар.  Құрметті ата-аналар, қонақтар. «Түрлі түсті көңіл күй »  атты  тренинг- сбағымызға   қош  келдіңіздер!
1.Тренинг :  «Бейджик»
Мақсаты:  Ата-аналарды  бір- бірімен  таныстыру .
Алдарындағы  парақтарғ   өздерінің  қалауы  бойынша  маркерлармен   «бейджик»  бейнелеу. (уақыты 5-7 мин).  Бейджик  арқылы  өзі  туралы   ,  баласының атын    ,  бүгінгі  сабақтан  не  күтетінін  айтып  өту.
2.Слайд (күнделікт  сабақтан  үзінді   көрсету)
3.Тренинг :« Көңілді  әріптер »
Мақсаты:   Әріптерді  әуенге  қосылып  айту   арқылы   ,  жақсы тыныс алып, жақсы көңіл күй орнату .
Өту барысы:  Қатысушылар  терең  демалып, босанысып , дөңгеленіп отырады.
Ең  алдымен  терең тыныс алып  дыбыстарды  қайталау .  Ән тындап  сол  әнді дыбыстар арқылы  айту.
Бір  әріпке  30  секунд  беріледі.
А- Барлық  дене  мұшелеріне  жақсы әсер  береді.
Е-  дыбысты  шығаруға жақсы  әсер  береді
И-ми, көз, мұрын, құлаққа   жақсы   әсер  береді.
О-жүрекке, өкпеге  жақсы  әсер  береді.
У-  іш  құрыстарға   жақсы  әсер  береді
Я- Барлық  іштегі  сезімдерге  жақсы  әсер  береді
М- барлық  дене  мүшелеріне  жұмыс  істеуге  көмектеседі
Х-дененің  тазаруына  көмектеседі
ХА-  көңіл-  күйді  жақсартуға  көмектеседі
4. Психолог:  Біздің  жеке  жұмыстағы   қолданылатын  технологиялардың  ішінде  ең  тиімдісі   арттерапияның  элементтарын  қолдану  болып  табылады .
«Монотипя»  жаттығу.
5. «Түрлі  түсті көңіл- күй»  жаттығу
6. Тренинг:  «Ата-ана махаббаты»
Мақсаты :  ата-ананың   балаға  деген  махаббаты  туралы  ойларымен  бөлісіп ,  бүгінгі   тренинг-сабақатан   алған  әсерлерімен  бөлісу.
7.Қорытынды:  Алғыс хат   табыс  ету.


Сабақ тақырыбы: 

С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі 







Жалпы мақсат: 

Ақын өмірі туралы түсінік беру. 


Өлең кімге арналған? Идеясы не? Сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, мысал 
өлеңнің мағынасын түсіну; жағдаятты шешу арқылы сабаққа 
қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер 
диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; өз бетімен 
жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; 
ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау; 





Сілтеме: 

1. Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі 


2.7-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы 





Оқушылар үшін оқу нәтижелері: 

Өлеңнің идеясын түсінеді. Кімге арналғанын біледі. 


Тарихпен сабақтастырады. АКТны тиімді пайдалана отырып, ақын өмірі мен 
шығармашылығы туралы мағлұмат ала алады. білетіндерін, нені білу керектігін 
кері байланыс парағына түсіреді. Өлең құрылысына талдай алады. 





Негізгі идеялар: 

Жұптық, топтық жұмыс кезінде


өзара сұрақ- жауап қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында 
диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді.Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе 
алады. INSERT кестесін толтыру арқылы өздерінің білетіндерін, білгенін, 
білгісі келетіндерін ортаға салып, ойын еркін жеткізді 





Сабақта қолданылатын материалдар: 

1.Оқулық қазақ әдебиеті 7-сынып Смайликтер арқылы 


топ бір-бірін бағалау,өзін-өзі бағалау. Жиынтық бағалау.2.АКТ 





Оқыту әдістері: 

1. СТО Сын тұрғысынан ойлау әдістері: 


Ассоциация,Бесжолды өлең, дөңгелек үстел, «Үш қадамды сұхбат», «Раунд -Робин» 
әдісі 
2. ОүБ 





Дерек көздері: 

Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар 


Қосымша оқулық материалдары 





Тапсырмалар: 

Жұптық, топтық тапсырмалар. 







Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: 








Тапсырма 


Мұғалімнің іс-әрекеті 


Оқушының іс-әрекеті 


І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) 

Сынып оқушыларына саусақ суретін салғызу 


Саусақтарға парталасының бойындағы қасиеттерін жазып тапсырады. 




ІІ. Үй тапсырмасын сұрау(10 мин) 

Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру кері байланыс: сұрақ-жауап 


Берілген сұрақтарға жауап береді. 




ІІІ. Жаңа тақырып 
(20 мин) 

«Раунд Робин» әдісі 

Түсіндірме сөздік 

Топтық жұмыс 
Бес жолды өлең 

«Үш қадамды сұхбат» ойыны 



Ой толғаныс кезеңі 
«Раунд Робин» әдісі бойынша әрбір оқушы 
өтілген тақырып бойынша не білді,бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің
 
айтқанын бірі қайталамай айтып шығады.Сынып оқушылары түгел қамтылады.
 
Топтарға сұрақ қою.
 
Алғырлар - Өлең кімге 
арналған?
 
Зеректер - Өлеңнен 
көрінетін кейіпкерлер кімдер?
 
Тапқырлар - Өлеңдегі мысқыл,кекесін 
мағынада қолданылған жолдардан нені аңғаруға болады?
 
Өлеңді өлең құрылысына талдату. 
Шумағы – 6 
Тармағы - 4 
Бунағы - 3 
Буыны - 11 
Ұйқасы –а,а,б,а 
Түсіндірме сөздіктен өлеңде кездесетін бағалы 
бұйымдардың мағынасын жазу.
 
Оқа 
Сылдырмақ 
Түйме 
Күміс кесе 
Алтын аяқ 
Теңге 
Топтық жұмыс.Топтарға тапсырмалар беру 
Алғырлар – Адам,адамгершілік туралы мақал –мәтелдер 
тауып айту,
 
Зеректер - «Дөңгелек үстел әдісі» 
«Адамдарға тілегім» Әр оқушы өзінің адамға не 
тілейтінінбірінен соң бірі қағазға жазып шығады,бірінің жазғанын бірі
 
қайталамауы тиіс.
 
Тапқырлар - «Адам» сөзіне бес жолды өлең 
құрау
 
1.Адам 
2.Саналы,білімді 
3.Өмір сүреді,білім алады,ұрпақ жалғастырады 
4.Адам – қоғамдағы саналы тұлға 
5.Тұлға 
«Үш қадамды сұхбат» ойыны 
Қатысатындар: Ғалым 

Жүргізуші
 

Тілші
 
Жүргізуші бүгінгі өтілген тақырып жайында сұрақ қояды.Ғалым сұрақтарға
жауап береді.Тілші барлығын жазып отырады.
 
Оқушыларды бағалау 
Сабақты бекіту: 
-Сұлтанмахмұт қандай ақын? 
-Ирония дегеніміз не? 
-Сатира дегеніміз не? 
-«Бір адамға» өлеңі кімге арналған өлең? 







ІV. Қорытындылау 
(5 мин) 


Қорытынды сұрақтар қою. 


Кері байланыс 


V. Үй тапсырмасын беру (2 мин) 


Үйге тапсырма: «Бір адамға » өлеңін 
мәнерлеп,жатқа айту
 

С.Торайғыров
 
өмірі,шығармашылығы жайлы реферат жазып келу
 




Қайталау сұрақтарын дайындау 


VI. Бағалау (5 мин) 


Формативті бағалау, сумативті 
бағалау.
 


Өзара бағалау, мұғалімнің 
қорытынды бағасы
 


Тренинг (ағылш. training, train – оқыту, тәрбиелеу) – білімді жетілдіруге бағытталған белсенді оқытудың әдісі.

Тренингтің даму тарихы оқыту тарихы сияқты мың жылға созылған. Дегенмен, тренингтің дамуын әлеуметтік псхолог Курт Левиннің шығармашылық зерттеу кезеңіне жатқызуға болады.

1946 жылы Курт Левин өзінің әріптестерімен бірге алғаш рет тренинг-топтарды (Т-топ) құрды.

Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет.

Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалану қажет.

Тренинг – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, тренинг әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық тренингтер. Дидактикалық тренинг тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Дидактикалық тренингтерді жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарына да пайдаланады. Дидактикалық тренинг барысында ете сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге әртүрлі қимылдарды орындауға үйретеді.

Тренингтің құрылысын схема түрінде көрсетсек:

 

 



Тренинг

 

 



Тренинг мазмұнын таңдау

алгоритмі

 

Тренингтегі топтық жұмыстың



мақсаты

 

 



 

Тренинг топтарының түрлері

 

 



 

 

Тренингтік сабақтың құрылымы

 

 

 



Тренинг мазмұнын таңдау алгоритмі

Оқушылардың өмірінде кездесетін әр түрлі проблемалар іс-әрекет компоненттерінің дұрыс меңгерілмегендігін көрсетеді.



  • Біріншіден оқушылардың мәселелері жан-жақты анықталады.

  • Іс әрекетті меңгеру қажеттілігі ретінде осы мәселелердің негізінде психологиялық матрицасы құрылады

  • Одан тренинг мазмұны – тренингтік көшірмесі, колька түрінде алынып іс-әрекетін компонентіне оның әр бөлігіне сәйкес жаттығулармен, жағдаяттар таңданылады.

 

Тренингтегі топтық жұмыстың мақсаты

1.Психологиялық мәселелерді зерттеу мен шешуге көмектеседі

• Психологиялық мәселелерді шешетін топтары (тренингтік топтардың түрлері)

2. Психикалық денсаулықты жақсарту.

• Психикалық денсаулық пен өмірдің сапасын арттыру топтары (тренингтік топтардың түрлері)

3. Қарым-қатынастың психологиялық негіздерін зерттеу.

• Әлеуметтік – психологиялық тренинг топтары

4.Өзін — өзі өзгерту мен мінез-құлықты коррекциялау мақсатында өзіндік санасының дамуы.

• Өзіндік санасын дамытуға арналған тренингтік топтары

5. Тұлғалық өсуі мен өзіндік дамуына ықпал ету

• Тұлғалық өсу топтары.

 

 



Тренинг топтарының түрлері

1.Психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған топтар

2. психологиялық денсаулық өмір сапасымен топтары

3. Өзіндік сана сезімін дамыту тренинг топтары

4.Жеке басының өсу (өрлеуіне) бағытталған топтары.

 

Тренингтік сабақтың құрылымы.



  1. Ұйымдастыру сәті (демалу жаттығулары, амандасу рәсімдері).

  2. Негізгі бөлім (Жаңа материалды қабылдау – жаңа мазмұн енгізу).

  3. Қорытынды шығару (эмоциялық-реттеу түсінігі).

  4. Үй тапсырмасы (барлық кезде болмайды).

  5. Аяқтау рәсімі.

 

Сабақ үрдісінде пайдаланатын тренингтің бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады:

 

«Ассоциация» ойыны

 

Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелерге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. т.б.



 

Оқытушы: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге?

 

Тренингті қорытындылау: Бүгінгі тренингті бағалап көрейік. Өз бағаларыңды бір қолдың саусақтарымен санақ бойынша бір мезгілде көрсетіңдер.

 

 

Тренинг тақырыбы: «Адам өзі үшін не білуі керек?»



 

Мақсаты: Оқушыларды өздеріне деген қызығушылығын туғызу. Өзін-өзі тану мен рефлексияға бағыттау.

Керекті құралдар: дәптер, қалам, қарындаш, алты түсті қағаз қиындылары.

Сабақ барысы.

 

1. Сабақты ұйымдастыру кезеңі. «Көңіл күй түсі» атты жаттығу. Түрлі түсті қағаз қиындыларын бір-біреуден таңдап алып, оны осы сәттегі көңіл күйлеріне байланыстыра отырып сипаттайды.

 

2. Өзіндік таңдау «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» тақырыбында жұмыс. (Оқушылар аз дегенде он түрлі жауапты жазып, тілек білдірушілер дауыстап оқиды). Балалардың жауабын жеңілдету үшін тақтаға сөздер тізімі жазылған плакат ілінеді.

 

Сөздер тізімі: сүйкімді, әлсіз, жағымды, әділ, мақтаншақ, еңбекқор, ақылды, мықты, қу, күлкілі, шыдамды, сенімді, жаңымсыз, ойшыл, жақсы, дені сау, сыпайы, ұялшақ, ұяң, сұлу, тәк мінезді, нәзік, күшті, қызғаншақ, белсенді, мейірімді, шыншыл, инабатты, қамқоршы, ұрысқақ, әуесқой, білімді, тапқыр, көпшіл, мінезі тұйық, т.б.

 

3. Жазбаша жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»

 

Мына сөйлемді аяқтаңдар.



 

Менің ойымша, мен …

 

Өзгелер мені …



 

Мен келешекте …



 

 

Тренингті талдау: Бүгінгі сабақты бағалап көрейік. Әркім қоятын бағасын бір қолдың саусағымен санақ бойынша бір мезгілде көрсету керек. Не ұнады?, Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Кімді бағалаған қиын, өзіңді ме, өзгелерді ме? Себебі не?



 

Қорытындылай келе, сабақта тренинг түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Тренингпен ұйымдастырылған сабақ балалрға көңілді, жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығы арта түседі. Демек, тренинг деген аты ғана, ал шынында да ол – сабақтың, еңбектің жиынтығы.

Оқушы үшін: Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

Мұғалім үшін: Тренинг түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет