Руководителю соц



бет43/47
Дата13.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#180923
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
6-контрольно-измерит-фарм-каз

Сұрақтар:
1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?
2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?
3. Теріасты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?
4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?
5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?
6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.
7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?

12.


Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 6 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 30%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?

13.


Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 16 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 80%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?

14.


Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10 көлемдік %, веналық қанда 4 көлемдік %.
Қанның О2 сыйымдылығы төмендеген.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
15
60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.
1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайда оның даму бірізділігі қандай?
3. Бұл кезде раО2, рvO2, рН көрсеткіштері қалай және не себепті өзгереді. Жауабыңызды мәлімдеңіз.

16


25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

17


Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

18


Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.
1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз
2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?

19


Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?

20


Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?
2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?
3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?

21


18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.
1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?
2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?

22


28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.
Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?

23.


15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет