Омарова Толқын Асқарқызы
Абай атам данамыз
Абай атам данамыз,
Бізге қалған мұрамыз.
Өлеңдерін жаттап ап,
Даналығын ұғамыз.
Данышпаны елімнің,
Өр тұлғасы жерімнің.
Даралығы бір бөлек,
Мақтанышы жерімнің.
Рақышова Алмагул Ботановна
Табиғатым
Күз келді алақай! Көктем келер жасарып,
Ойнайық балақай. Жылғалардан су ағып.
Күз соңынан қыс келді, Бүршік атып ағаштар,
Қар ойнаймыз алақай! Жайқалады қуантып.
Табиғатым тамаша, Ән айтамыз жаңаша. Шыдамдықпен күтейік, Жаз келеді жараса.
Табиғатты сыйлайық,
Бұтақтарын жұлмайық.
Жер-Анаға бас иіп,
Табиғатты қорғайық.
96
Расулова Айнур
Мақтан етем мен! (Тәуелсіздіккке арнау)
Туын көкке көтерген, Тәуелсіздік ұраны
Теңдей болған шет елмен. Самғаған биік қыраны
Тәуелсіз туған елімді, Мен болашақ ертеңі,
Әркез мақтан етем мен! Қазақтың жас ұланы!
Анам
Жаным менің анам,
Қайталанбас дарам.
Дәл өзіңе ана,
Жетпес сан мың ғалам.
Менің анам, анам,
Өзіңнен қуат алам.
Әлпештеген мені,
Анам менің панам.
Айым, күнім анам,
Нұрлы менің санам.
Үмітіңді ақтауға,
Бар күшімді салам!
Наурыз айы
Наурыз айы келіпті,
Қар, мұзы да еріпті.
Көптен күткен халқына,
Мол ырысын беріпті.
Сагидуллина Айдана Муратовна
Қыс
Аппақ, аппақ ақшақар, Жапалақтап жауады. Қуанышты адамдар, Көңілденіп қалады.
Қыстың сәні мамық қар, Жердің бетін жабады.
Үйде отырмай балалар,
Ойнауға олар шығады.
Жапалақтап жауған қар,
Ақ мамыққа ұқсайды.
Жаңа үмітпен адамдар,
Жаңа жылды бастайды.
97
Сагымбекова Жанагул Мухтаровна
Қыс
Менің барлық тілегім, Елім аман болсын дер едім. Аппақ қардай ақ мамық, Менің бала жүрегім. Қарашы, әне, қалаға, Қарға бүккен айнала.
Үйде отырмай достарым. Жүр шығайық далаға. Қардың үсті таптала Келе жатыр көп бала, Қар үстінде күресіп, Жасайды олар аққала!
|