Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет42/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

«Адалдық шеңбері»
Ойынның мақсаты: балаларды адалдыққа тәрбиелеу, зейінді дамыту.
Педагог балаларды екі командаға бөледі.

Бір команданың қатысушылары қолдарынан ұстап, «адалдық шеңберін» құра отырып, қолдарын жоғары көтереді. Екінші команданың мүшелері бірінің артынан бірі сапқа тұрып, көңілді музыкамен «адалдық шеңберінің» ішіне кіріп, шығады.


Музыка тоқтағанда «адалдық шеңберін» құрып тұрған балалар қолдарын төмен түсіреді. Шеңбердің ішінде қалып қойған қатысушылар өздерінің адал әрекеттері туралы кезекпен айтып береді. Содан кейін командалар орындарымен алмасады, ойын қайта басталады.




«Сыпайы өтініш»


Ойынның мақсаты: балаларды мейірімділікке, зейінділікке тәрбиелеу. Балалар шеңберге тұрады. Педагог түрлі бұйрықтар береді, мысалы, қолды

жоғары көтер, қолыңды шапалақта, көзіңді жұм және т.б., бірақ «мархабат» сөзі айтылған өтініштерді ғана орындау керек.




«Сыпайы кездесу»
Ойынның мақсаты: сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету.

Педагог балаларды жұптарға бөледі. Әр жұп екі бірдей ойыншық алады (екі робот, екі қуыршақ). Балаларға екі қойылым ойнау ұсынылады – біріншісі әдепсіз ойыншықтардың, екіншісі әдепті ойыншықтардың кездесуін бейнелеу. Тапсырманың соңында әдептіліктің мағынасын талқылайды.




«Әдепті сөздер шеңбері»


Ойынның мақсаты: сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету, зейінділікке, мейірімділікке баулу.

Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне ойыншықты бере отырып, әдепті сөздер айтады.




Педагогикалық жағдаяттар


Шағын қойылымдарға арналған педагогикалық жағдаяттар

Мақсаты: сыпайы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, айналасындағылармен мейірімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.


63
Балалар жағдаятты ойнайды. Содан кейін қалғандары олардың әрекеттерін бағалайды, егер олардың қателіктері болса, оларды атайды. Қойылымдарды басқа балалармен 2-3 рет қайталауға болады.


Тапсырма:



  • Сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметінде қарындашың сынып қалды. Сен құрдастарыңнан қарындашты қалай сұрайсың?




    • Балаларға карындашты бір-бірінен қалай сұрайтынын, не айтатынын көрсету ұсынылады.




    • Балалар доп ойнап жатыр, олар көңілді. Арман дуалдың жанында жалғыз өзі мұңайып тұр. Сендер не істейсіңдер, Арманға не айтасыңдар?




    • Көше батпақ, лас. Сержан құлап, үстін кірлетіп жылады. Сендер не істейсіңдер? Оған не айтасыңдар?




  • Екі баладан олардың бір-біріне қалай көмектесетінін, не айтатынын көрсету ұсынылады.




  • Үстел басына балалар түскі ас ішуге отырды. Балаларға осы жағдаятты көрсету ұсынылады.

Біреуі түскі асты ішіп болды. Сен не істейсің ? Не айтасың?





  • Сенің бантигің шешіліп кетті. Әлия бантигіңді байлап берді. Сен оған не айтуың керек?




  • Балалар, сендер үстелдің басында тамақтанып отырсыңдар. Кенеттен Айгүлдің қасығы еденге құлап кетті. Сендер қалай әрекет етесіңдер? Оған не айтасыңдар? Айгүл сендерге не дейді?




  • Төрт бала үстел басында түскі ас ішіп отыр. Қуаныш Талғаттан бір үзім нан беруін сұрайды. Олар қалай әрекет етеді? Олар бір-біріне не дейді?




  • Екі бала ойнап отыр. Бірі байқамай досын итеріп жіберді. Олардың әрекетін айтып беріңдер?




  • Тәрбиеші сенен басқа топтың тәрбиешісінің көмекшісіне кітап апарып беруді сұрады. Сен қалай әрекет етесің? Тәрбиеші не айтады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет