Лазерлік сəулелену өте жіңішке шоғырмен таралады жəне энергияның жоғарғы
концентрациясымен сипаттталады. Шашырап сəулелену көзіне қатты денелер( алюмин
тастары, əйнек, лағыл тастар) жəне газдар(He, Ne, Ar, CO2) жатады.
Бөлшек үсті лазерлік сəулелену əрекетінен қысқа мерзімде (10-7... 10-3 ч) жоғары
температураға дейін қызады. Сəулелендіруді тоқтатқаннан кейін қыздырылған бөліктер
металдың суық көлемдеріне жылу жылдам өтетіндігіне байланысты тез суиды. Жұқа үстінгі
қабаттың шынығу жүреді. Болат мен шойын бөлшектерді лазерлік өңдеу олардың тозуға
төзімділігін, иілгіштікке шыдамдылығын ұлғайтады.
Лазерлік өңдеу - тозу мен көп күш түсетін күрделі формадағы өнімдердің үстін
қаттылауға қолданылатын əдіс. Лазерлік өңдеу деп болатты үстінен жоғары
температурада кез-келген элементпен қанықтыру жүргізетін термиялық əсер ету, оның
нəтижесінде бөлшектің химиялық құрамы, микроқұрылымы мен қасиеттерін өзгертуді
айтады. Химиялық –термиялық өңдеуге цементтеу, азоттау, циандау, силицийлеу, алиттеу
жатады.
Үстіңгі қабатты қанықтыру бөлшекті нақты температураға дейін белсенді күйдегі
қаныққан элемент бөлетін жəне осы температураға төзімді ортада қыздыру кезінде жүреді.
Қаныққан элемент бөлетін орталар газ тəрізді, сұйықты жəне қатты болуы мүмкін. Үстінен
шынықтырудан ХТӨ -ден ерекшелігі қасиеттеріндегі айырмашылық тек металл
құрылымында ғана емес, химиялық құрамында айырмашылық болады. Химиялық –
термиялық өңдеу бөлшектің формасына байланысты емес, ол тығыздалған бірдей қабатты
бөлшектің барлық бетінде қамтамасыз етеді, бөлшектің үсті мен өзегінде біраз
айырмашылық болады.Үстінен шынықтыру тек құрылымын өзгертеді, ал ХТӨ – үстіңгі
қабат құрылымы мен химиялық құрамын өзгертеді.
Сонымен бірге ХТӨ үстінен шынықтырудан өнімділігі жағынан қалыс қалады.
Бөлшектің бастапқы материалға химиялық құрамы жағынан ұқсамайтын үстіңгі қабаты
Достарыңызбен бөлісу: