С агымбаева Гульнур Жанузаковна Биология пәнінің мұғалімі



Дата07.02.2022
өлшемі28,77 Kb.
#84094
Байланысты:
Сагымбаева Гульнур Жанузаковна (1)


С агымбаева Гульнур Жанузаковна
Биология пәнінің мұғалімі
Нұр-Сұлтан қаласы, №32 мектеп-гимназия
sagymbaeva1981@inbox.ru

Үштілділік-заман талабы


Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.
Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Мектептердің үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
Үштілді білім беруді дамыту мақсатында 2017 жылдың сәуір айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педогогикалық шеберлік орталығының және «Interpress International House» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп ұйымдастырылған педагогокалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан өттік.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Бұл орайда орталықта тіл үйренем деушілер қазақ тілімен қатар ағылшын тіліне де үйреніп жатыр. Бұл бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Ағылшын тілін білген адам, болмаса кадрдың еңбек нарығындағы бағасы өседі. Бүгінде елімізде жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды.
Мен өз тәжірибиемде биологияны ағылшын тілінде өткізілетін болса, оқушының үлгеріміне кедергі жасайды деген ұстанымда болған едім. Осы ағылшын курсын оқу барысында өз ойымды түбегейлі өзгерттім...
К.Ушкинский: «Бала - балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де, мұғалімнің өз қолында», - деп айтқандай үштілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Біз еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін айқын түсінеміз. Келешектің кепілі – білім беру ісіне ерекше көңіл бөліп, отандық білімді жаңа сатыға көтеру, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын бұлжытпай орындау, жаңа технологияны игеріп, үштілдікті меңгерсек, өркениетті озық елдердің бірі – біз боламыз деп сеніммен айта аламын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет